Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін комитет отырысында «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісін бекіту өтті. Кейін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бойынша қорытынды талқыланды және қабылданды.Заң жобасы ҚР Парламенті депутаттарының бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жекелеген Күштері қызметінің тиімділігін арттыру, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі бола отырып, депутат Г.Нұрымова баяндама жасады. Заң жобасын талқылау жұмыс тобының отырыстарында жалғастырылады.