Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ИИДМ Қала құрылысы Кодексін әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Өйткені, сәулет, қала құрылысы саласы экономиканың маңызды саласы болып табылады және оны қабылдау салалық заңнама үшін маңызды қадам. Депутаттардың атына кәсіпкерлерден, сарапшылардан және азаматтардан көптеген ұсыныстар келіп түседі. Бүгін депутат Г.Нұрымова Мәжіліс алаңында кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен кездесу өткізді, оған Тараздан келген кәсіпкер Ж.Сариев қатысты. Кәсіпкер осы саладағы бірқатар проблемаларды атап өтті және Кодексті әзірлеу кезінде зерделеу және ескеру қажет ұсыныстармен сөз сөйледі. Бұл өте өткір өзекті мәселелер. Кәсіпкердің ұсынысы - бизнес нысандарының құрылыс алаңын ұлғайту, өйткені бүгінгі күні эскиздік жоба бойынша басқа рұқсат құжаттарсыз жеке үйлер салуға 200 шаршы метрге дейін, ал бизнес нысандары тек 20 шаршы метрге дейін рұқсат етілген (жауапкершіліктің 3 деңгейі). Кодекс бүкіл сараптамалық қоғамның сындарлы ұсыныстарын, ескертулері мен толықтыруларын ескере отырып әзірленеді және кейіннен қабылданады деп үміттенеді депутат. Шынында да, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында қазақстандықтардың өмір сүру және бизнес жағдайларын барынша жеңілдету және жақсарту қажет. Президент өз Жолдауында бизнесті қолдау туралы айтады, ол осындай шешімдерден тұруы керек. Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді бақылауда ұстайтын болады

https://www.facebook.com/100012107110472/posts/pfbid02t77zh6DWgeyQkUfyCJTxHNgD9kVpjRjHA8E34UiyuHenzXgVmp1MTvM7um4Scymrl/

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02n3nvD7EY7soW6yfdr4jahF5PaSEkxPuAdwvQHvwTgXaRPNYR1FXo31n6GH2mNi4al&id=1772521671

%20https%3A//www.instagram.com/p/ClER8-XMiUI/?igshid=YmMyMTA2M2Y