Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитеттің кезекті отырысында бірінші оқылымда Қоғамдық бақылау, Еңбек даулары жөніндегі заңдардың жобалары, сондай-ақ жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты заң жобасы және ратификациялау жөніндегі бірқатар жобалар қаралды. Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бойынша онлайн-петициялар институты енгізіледі, оны электрондық нысанда беруі  және қараудың ерекше тәртібі қарастырылған. Осыдан депутат Г.Нұрымовада сұрақ туындады: электронды петицияға жүгінуге мүмкіндігі жоқ ауыл тұрғыны не істеуі керек? Ол тек қағаз петициямен жүгіне алады. Оны қалай бере алады және бұл жағдайда оны кім қабылдайды?

    Еңбек даулары туралы Заң жобасы бойынша Г.Нұрымова баяндамашыға сұрақ қойды: Ереуіл кезінде жұмыс берушіге ереуілге шыққан жұмысшыларды ауыстыруға тыйым салынады. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері ереуілге шықса, жұмыс беруші не істеуі керек? Жауап: медициналық  ұйымдар арнайы стратегиялық объектілерге жатады, сондықтан бұл мекемелерде белгілі бір іс-қимыл алгоритмі қолданылады.