Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитет отырысының күн тәртібі кең болды. Депутаттар бірінші оқылымда кәсіби біліктілік бойынша заң жобаларын, медициналық бұйымдар айналымының бірыңғай қағидаттары мен ережелеріне байланысты екі ратификацияны қарастырды. Сондай-ақ, басқа комитеттерден келіп түскен жобалар бойынша көптеген қорытындылар қаралды.
    Жайылым туралы заң жобасы бойынша депутат Г.Нұрымова өз сұрағын баяндамашыға жолдады: Өңірде жұмыс істеген кезде біз ауыл тұрғындарымен жиі кездесеміз. Ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтардың бірі —жайылымдардың жетіспеушілігі. Заң жобасы ауылдардың айналасында орналасқан және жалпыға ортақ пайдаланылатын жер ретінде пайдаланылуы тиіс жерлерді мәжбүрлеп алып қою мәселесін шеше ме?
Жауап: мәселені заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырыстары аясында қарауға болады.

    Келесі сұрақты депутат Нұрымова Г.А. Энергетикалық жүйе туралы заң жобасына қатысты қойды: Энергияның тұтынушыға жеткенше бірнеше кезеңнен өтетіні және оның құны бірнеше есе өсетінін бәрі біледі. Энергия ондаған қолдар арқылы өтеді, олардың әрқайсысы осыдан табысқа ие болады деп айтуға болады. Заң жобасы осы мәселені шешуді қарастыра ма? Тұтынушыны осы делдалдардан қалай босатуға болады? Жауапты жазбаша түрде жиберетын болды.