Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Дөңгелек үстел

    Бүгін депутат Г.Нұрымова Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған бас бостандығынан айыру орындарында отырған сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Бұл мәселе мемлекеттің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен, экономикамен, бизнес-қоғамдастықпен, сондай-ақ, ең бастысы, қоғаммен және белгілі бір уақыттан кейін қоғамға оралатын адаммен тікелей байланысты. Сотталғандардың еңбегі бүгінгі күні де адамды түзетудің, қайта әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі болып саналады. Депутаттардың сурақтары аз болған жоқ. Бұл салада проблемалар да аз емес. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, пайдалы идеялары мен ұсыныстары бар бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.