Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін пленарлық отырыста ҚР Әскери полиция туралы заңдарының жобалары бірінші оқылымда қабылданды, ол бойынша депутат Г.А. Нүрымова жұмыс тобының мүшесі болды. Депутат  қорғаныс вице-министріне сұрақ қойды: Әскери полиция органдарына барлық әскери қызметшілерден заңдар мен жалпы әскери жарғылардың мүлтіксіз сақталуын талап етуге өкілеттік беріледі. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілерінің өздері мінсіз тәртіптің, жоғары сананың үлгісі болуға және жауынгерлік даярлықтың үздіктері болуға міндетті екендігі қисынды. Алайда, қаралып отырған заң жобасынан көрініп тұрғандай, әскери полиция органдарына әскери қызметке кіру жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Әскери полиция қатарына іріктеудің ерекше тәртібін заңнамалық деңгейде қарастыру қажет болуы мүмкін бе? Жауап толық болды.

    Сондай-ақ, кәсіби біліктілік туралы заң жобасы қабылданды, келесі қабылданған заң жобаларының маңыздылығын атап өту керек: ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы және т. б.

    Кейін депутат Г.Нұрымова денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыс кеңесіне қатысты. Заң жобасы оңай емес, ол бойынша жұмыс өте көп және бұл кезекті жиналыс жәй өткен жоқ. Әсіресе медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандыру, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі мәселелері бойынша көптеген даулар мен талқылаулар өтуде.
Біріккен жұмыс – мемлекеттік органдар, сарапшылар, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер өкілдері бірігіп жасаған еңбектің нәтижесі оң қорытынды береді деп сенеді депутат.