Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін пленарлық отырыста денсаулық сақтау саласына байланысты заң жобалары қаралды.Бұл денсаулық сақтау мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы. Осы заң жобасына сәйкес медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыру енгізіледі. ЕурАзЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларына қатысты екі ратификациялау бойынша заң жобалары қабылданды. Осы Заң жобалары бойынша депутат Г.Нұрымова министр А.Г. Ғиниятқа сұрақ қойды. Ол медициналық бұйымдарды қайта тіркеу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін жеделдетілген сараптама туралы нормаға қатысты болды. Бұл норма Келісім күшіне енген кезде, яғни 2026 жылдан кейін де сақтала ма? Министр сақталады деп жауап берді.

    Сондай-ақ депутаттар бірінші оқылымда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады, екінші оқылымда еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңайлату, ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы Заң жобасын қабылдады. Және ҚР Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады.