Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Мәжіліс депутаттары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Көлгінов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Т. Б. Дүйсенованың қатысуымен Әлеуметтік Кодекс жобасын талқылау бойынша жиналыс өткізді. Талқылау белсенді болды. Әлеуметтік Кодекс жобасына бес новелланеңгізілген: Бұл - отбасының цифрлық картасы, отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі, әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері, жаңа көші-қон саясаты.
    Кездесу барысында депутат Г.Нұрымова аймақтағы жұмыс кезінде көтерілген бірнеше сұрақтарды қойды:
1. Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін сырттай белсенді куәландырудың пилоттық жобасы іске асырылды. Алайда, МӘС өту кезінде ЖОБ толық көлемде толтырылмайды. ЖОБ түзету үшін пациент қайта тексеруден және стационарлық емдеуден өтуге мәжбүр. Бұл 4 айға дейін созылады, оңалту шараларын алуға уақыт кешіктіріледі, санаторий-курорттық ем, ортопедиялық аяқ киім алуға мүмкіндік жоқ. Ата-аналар, әсіресе аудандарда, МӘС-те 31у нысанын қайта толтыруды сұрауға мәжбүр. Мұндай пациенттер үшін ЖОБ түзету механизмін жеңілдету мүмкіндігі бар ма?
2.Еңбек миністрінің бұйрығы бойынша Медициналық-санитариялық мекемелердің зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес қызмет алушылар ҚБШ есебінен кепілді ТМККК тізбесіне кірмейтін ДЗ ғана сатып алуға құқылы.
Диспансерлік есепте тұрмайтын және тегін дәрі-дәрмек алмайтын қызмет алушыларға ҚБШ есебінен қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға бола ма?
    Министр осы сурақтар бойынша жұмыс жасаймыз деді.