Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитеттің кезекті отырысында Әлеуметтік кодекстің жобасы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі бекітілді, жобалар бойынша бірқатар қорытындылар қаралды: экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту, резервтегі қызмет мәселелері бойынша. Жаңа жобалар бойынша жұмыс тобы мүшелерін тағайындады Қорытындылай келе, инклюзивті қоғам құрылысы мәселелері бойынша және Қазақстандағы жастар саясатының мәселелері мен перспективалары бойынша ұсынымдарды іске асыру мәселелерін қаралды.

    Кейін депутат Г.Нұрымова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Көлгіновтің қатысуымен өткен 2022 жылғы қызмет қорытындылары және таяу кезеңдегі міндеттер бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Алқа жұмысына депутаттар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының, ҮЕҰ басшылары қатысты.

    Бүгін Г.Нұрымова Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Депутаттардың ұсыныстарын талқылап, қабылдады.Заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда