Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЖОЛ ЖҮРІСІН РЕТТЕУ - АЗАМАТТАР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Бүгін Мәжілісте “Жол жүрісі туралы”Заңға жол қауіпсіздігін жақсартуға және түрлі көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруға және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері б/ша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” Заңын қарадық.

Бірнеше позицияда түзетулер талқыланды. Оның бірі - велосипедтер жүретін арнайы жолды тротуар ретінде пайдаланбау. Веложолдармен жүру азаматтарға қауіпті. Оқыс жағдайда велоқұрал иесі кінәлі болады. Бұл қаншалықты дұрыс әрі осыған қатысты әкімшілік айыппұл салу мәселелері қаралды. Электрлі скутерлер жылдамдығын бақылау талқыға түсті.

Былтыр елімізде 15 мың жол-көлік оқиғасы болып, 2,5 мыңнан астам адам көз жұмған. Сондықтан ауылдар арасындағы автожолдарда жылдамдықты сағатына 50 шақырымға дейін төмендету айтылды.

Айта кету керек, 2014 жылғы 20 қазаннан бас¬тап «Жол жүрісі туралы» заң қолданысқа енгізілді, ол жол жүрісі сапасын арттыруға бағытталған.