Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
халықаралық ынтымақтастық

   4 маусымда депутат Г.А. Нұрымова "Қазақстан Республикасы - Эстония Республикасы" ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың бірінші отырысына қатысты. Кездесу бейне-конференц-байланыс форматында өтті. Кездесуді Эстон Республикасының Рийгикогу депутаты Ааду Муст және Мәжіліс депутаты Б.А. Бекжанов құттықтау сөзімен бастады. Кездесу барысында екі елдің парламентшілері өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Елдеріміз арасындағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстардың одан әрі өсу мәселелерін талқылады.