Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ТүркПА

          28-29 қыркүйекте депутат Г.А. Нұрымова түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласында өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) оныншы пленарлық отырысына қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Н.З.Нығматулиннің төрағалығымен өткен бұл маңызды іс-шараға Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының, Әзербайжан Милли Меджлисінің, Қырғызстан Парламентінің, Өзбекстан Олий Мажлисінің заң шығару палатасының, Венгрия Парламентінің делегациялары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен парламенттік делегациялардың басшылары қатысты. Қабылдаушы тарап ретінде депутаттар қатысушылар делегациясымен бірге жүрді. Нұрымова Г.А. әріптестерімен бірге Өзбекстаннан келген қонақтармен жұмыс істеді.

          Мерейтойлық пленарлық сессияда парламентшілер он жылдағы жұмысының қорытындысын шығарып, өзекті мәселелерді ескере отырып, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын толық ауқымды форматта талқылады.

        Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс – қимылды күшейту, ТүркПА шеңберінде білім беру және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту, қауіпсіздікті нығайту мәселелері, COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес, сондай-ақ барлық түркітілдес елдерде "Түркістан 24" теледидар арнасын таратуды іске қосу-парламентшілердің осы ниеттерінің барлығы ТүркПА-ның х пленарлық отырысының қорытындысы бойынша Түркістан декларациясында көрініс тапты.