Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
халықаралық ынтымақтастық

    7 қазанда депутат Г.А. Нұрымова "Тәжікстан Республикасы Парламенті жанындағы Әйелдер Альянсы: әлеуетті нығайту бойынша іс-қимыл және іс-шаралар жоспарын әзірлеу" халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар әртүрлі елдердегі Парламент жанындағы Әйелдер Альянсын ілгерілету бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, өз пікірлерін білдірді, проблемаларды талқылады. Өз сөзінде депутат Нұрымова Г.А. Қазақстанның әйелдер күштері Альянсының әйелдердің қоғамдағы мәртебесін арттыруға, гендерлік теңдікті ынталандыруға, сондай-ақ әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған қызметін атап өтті. Қазақстан әйелдер күштері Альянсының негізгі стратегиялық құжаты қазақстандық әйелдердің мәртебесін 2023 жылға дейін арттыру жөніндегі Жол картасы болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан әйелдерінің саясатта, бизнесте, ғылымда, қоғамдық өмірде өз әлеуетін іске асыру үшін барлық мүмкіндіктері бар. Тәжікстан парламентшілері депутатқа бірқатар сұрақтар қойды.