Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық ынтымақтастық

    Бүгін Мәжілісте азаматтығы жоқ адамдар мәселелері бойынша брифинг өтті. Брифингке БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша өкілі Ханс Фридрих Шоддер, сондай-ақ ОА бойынша БҰҰ БЖКБ басқа да өкілдері қатысты. Ақпарат бойынша, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 371 босқын және 252 пана іздеуші тұрады. Оның 341 – і Ауғанстан азаматтары, олардың көпшілігі бізде бес жылдан астам, 14 – і Сирия азаматтары, 16-сы басқа елдерден. Босқындардың негізгі бөлігі оңтүстік аймақтарда тіркелген және сонда тұрады, көпшілігі қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейді, жұмыс істейді. Қазақстан босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы конвенцияны және 1999 жылы оған 1967 жылғы хаттаманы ратификациялады. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы миллиондаған босқындардың өмірін сақтап келе жатқан принциптерге негізделген. 2010 жылы «босқындар туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1995 жылы Қазақстанда өкілдігі ашылған сәттен бастап БҰҰ БЖКБ елге он мыңнан астам босқындарды қорғауға көмек көрсетті, олардың көпшілігі үйлеріне оралды, үшінші елдерге қоныс аударды немесе біздің азаматтығымызды алды.

    Брифинг барысында ҚР Көші-қон қызметінің төрағасына депутат Г.Нұрымова Қазақстанда тұратын Сириядан келген босқындармен байланысты сұрақ қойды. 10 жыл бойы дәрігер азаматтығы жоқ тұлға мәртебесіне ие, жұбайы мен балалары Қазақстан азаматтары болып табылса да, азаматтығын ала алмайды. Сәтсіздік немен байланысты екені белгісіз.... Брифингтен кейін осы мәселе бойынша нақты көмек көрсетіледі деп үмітпен депутат барлық деректерді орган өкіліне тапсырды,