Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық ынтымақтастық

    13 мамырда  Г.Нұрымова депутат Куспан А.С. бастаған шекарадағы көлік-логистика мәселелері және туристік маусымға дайындық мәселелері бойынша өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш делегацияларының бірлескен отырысына қатысты. Шекарада көптеген мәселелер бар. Қарапайым азаматтардың да, жүк тасымалымен айналысатын адамдардың да шекарадан өту қиындықтарына қатысты шағымдар көп болғандықтан, кездесу Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріміздің бастамасымен өтті. Мысалы, Қазақстан тарапы әлі де ПТР тесттерін талап етеді, ал шекарада тест тапсыру кезінде үлкен кезек пайда болады, содан кейін паспорттық бақылаудан өткенде екі терезе ғана жұмыс істейді, сол себепті паспорттық бақылаудан өтуге 2 сағат немесе одан да көп уақыт кетеді. Олар қызметкерлердің жетіспейтінін түсіндіреді. Қырғыз тарапы ПТР-дан баяғыда бас тартты, ол да біздің еліміздің барлық жерінде жойылды, бірақ белгісіз себептермен шекарада талаптар сақталып қалды. Жүк таситын көліктер бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін кезекте тұруы, вагонда ұйықтауы және басқа да қолайсыздықтар бар. Неге екені белгісіз, Қазақстан жағында жүк көліктерін тексеретін рентген аппараты жиі істен шығады. Осы және басқа да көптеген сұрақтар қырғыз әріптестерін қызықтырды. Кездесуде елдеріміз арасында көптеген келісімдер бар, бірақ олардың бүгінде жұмыс істемейтіні, шекарада өз ережелері белгіленгені, Қырғызстан шекарасын бюрократизациясыз тез өткізуге болатыны, бірақ мәселе өзімізде екендігі айтылды. Қарапайым халықты ойлап, шекарада тәртіп орнататын кез келді.
Қарасу пунктіне жақындаған кезде жүк көліктерінің үлкен кезегін депутаттар өздері де көрді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, керісінше, Қазақстан тарапынан Ыстықкөлге тау арқылы жаяу жүргіншілер жолдарын ұйымдастыруға қатысты көптеген сауалдар мен тілектер айтылды.