Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
халықаралық ынтымақтастық

    Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысында шағын және орта бизнеске салық салуға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және т.б. қатысты ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар туралы Заң жобасы қабылданды. Одан басқа, депутаттар ЕАЭО шеңберіндегі Хаттама мен Келісімді ратификациялау жөніндегі жобаларды мақұлдады, сондай-ақ бірнеше Заң жобасын жұмысқа қабылдады.
    Кейін депутат Г.Нұрымова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге-мен кездесуге қатысты. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары және Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, ДДҰ-ның Қазақстандағы өңірлік бюросының қызметі, бірлескен жобалар мәселелері қаралды.