Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық конференция

    31 қазанда депутат Г.Нұрымова Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қоры ұйымдастырған "Саясаттағы және шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдер: сын-қатерлер мен перспективалар" атты Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференцияға қатысушылар әйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету жөніндегі халықаралық тәжірибе: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдердің рөлі, гендерлік кемсітушілік: әйелдер көшбасшыларына және әйелдер саяси көшбасшылығы мен Халықаралық әйелдер көшбасшылығы бағдарламаларының тиімділігі туралы мәселелер блоктарын қарастырды. Екінші блок Қазақстандағы саяси көшбасшылықты ілгерілету тақырыбына арналды: заманауи сын-қатерлер мен перспективаларға арналды. Депутат өз сөзінде 2021 жыл Қазақстанды демократияландырудың маңызды қадамы болғанын атап өтті. Президентіміз сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға түзетулерге қол қойды, онда мемлекет пен парламенттік тәжірибенің қазіргі тарихында алғаш рет әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімдерге 30% квота енгізілді. – Бүгінгі таңда ҚР Парламенті Мәжілісіне 107 депутат өкілдік етті, олардың ішінде 29 әйел – бұл 27,3%. Сенатта 49 депутаттан - 10 әйел, бұл 20%. 16 министрдің тек екеуі –әйел адам, шамамен 12%. Өкінішке орай, бізге қазір 30%  квоталау қажетті шара. Мемлекет әйелдің табысты мансабын кеңейту үшін жүйелі қолдау тетіктерін әзірлеп, енгізуі қажет. Бірлескен жұмыстың қорытындысы - әйелдердің саяси көшбасшылығын ілгерілету мәселелері бойынша қарар қабылдауы болды.