Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық ынтымақтастық

    Бүгін депутат Г. А. Нұрымова "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгінгі мен келешегі" атты ҚРМА халықаралық конгресіне қатысты. Ол пациенттердің бедеулігі мен репродуктивті денсаулығы жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшыларды біріктірді. Конгресстің жұмысы үш күнге созылады, бағдарлама өте қарқынды – бұл пленарлық отырыстар, симпозиумдар, көрмелер және клиникалық эмбриология және репродуктивті хирургия бойынша шеберлік сыныптары. Әлемнің 23 елінен келген спикер – ғалымдар мен практиктердің сөздерін тыңдады, бұл өз ісінде белгілі дәрігерлер, Израиль, Ресей, Үндістан, Португалия, Өзбекстан және басқа елдердің ғылыми сарапшылары. Мазмұнды, мағыналы іс-шара оның барлық қатысушылары үшін нәтижелі болады, осы саладағы медицина қызметкерлерінің білімі мен практикалық дағдыларын байытады және Конгреске қатысушы барлық елдердің денсаулық сақтау жүйелері өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту ісіндегі келесі қадам болатыны сөзсіз.