Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Пандемия сабақтары: "Қазақстан тәжірибесі" халықаралық форум

QazVac - Жамбылдың жемісті жетістігі болды. 7 адам жасап шығарып, пайдалануға тапсырғанын білесіз. Әлемді жайлаған пандемия кезінде отандық вакцина дертке шипа болар дербес препараттың бірегейі болды.

Қазақстандық ғалымдардың бірлесе жасаған жұмысы елеусіз қалмады. Сол еңбектері бізді де вакцина шығарған елдердің қатарына қосып, абыройымызды көтерді.

Қаншама күш-жігер жұмсалған жұмыстардың жиынтығын енді кітап бетінен парақтай аласыз. Өйткені бүгін "Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі" атты "халықаралық форум аясында "QazVac: ТАЙТАЛАС" кітабының тұсаукесері өтті.