Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін БҰҰ деңгейінде көтеріліп отырған медициналық мәселелер, кейбір ауру түрлерін мүлде тоқтату тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті

Әлемдік қауымдастық осы жылдан бастап СПИД эпидемиясы, туберкулез, тропикалық ауруларды түбегейлі тоқтатуды көздейді. Аталған аурулардың артуына бұған дейін жеткілікті назар аударылмауы себеп. Гепатит, сумен және өзге жолдармен жұғатын жұқпалы арулардың «өмір сүруін» тоқтатуға болады. Сондықтан әлемдік ауқымда тәжірибе алмасу арқылы көзқарас өзгерсе – аурудың қамалын алуға болады.

Нашақорлық пен оның салдарын жою да әлем назарында. Бұл ретте «опиоидты агонистермен демеуші терапияны» (ПТАО) қолдануға көңіл бөлу керек. Бұл емдеу әдісі Қарағанды қаласындағы психикалық денсаулық орталығында 2008 жылдан бері қолданылады. Яғни бұл дегеніміз – есірткінің ауыр түрлеріне тәуелділерді арнайы медициналық препараттар арқылы емдеу дегенді білдіреді.

Бүгінде еліміздің 12 облысында ұзын-саны 16 ПТАО кеңселер ашылды. Тағы сегізін ашу жоспарда. Біздің де БҰҰ тәжірибемен бөлісуге негізіміз бар. Ол үшін осы бағытта жұмысты жетілдіру ғана тұр.