Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

        23 маусымда Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Г.Нұрымова ҚР Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойға жолданған депутаттық сауалды жариялады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында арнайы мамандардың, оның ішінде инфекционист дәрігерлердің жетіспеушілігі проблемаларына және медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, 13 инфекциялық аурухананың құрылысына назар аударған етін. «Nur Otan» партиясы Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстайды. Пандемияның күрделі кезеңі Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінде медициналық көмекті ұйымдастырудағы әлсіз жерлерді анықтады: төсек орны қорының шағын желісі, инфекциялық бейіндегі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының тапшылығы, инфекциялық бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтануының әлсіздігі. Бірақ бүгінгі күні ҚР ДСМ 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР DCM -117/ 2020 «Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес инфекциялық ауруханалар инфекциялық бөлімшелер ретінде 9 облыста: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, Нұр-сұлтан қаласында көп бейінді ауруханалардың құрамына кірді.

       Жұқпалы аурулар ауруханалары әрдайым болған, ал өткен жылы пандемия кезінде олар көп салалы ауруханаларға ауыстырылды. Не үшін?

Депутат сауалында ҚР ДСМ 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР DCM -117/ 2020 бұйрығына өзгерістер енгізу немесе жою мүмкіндігін қарастыруды және инфекциялық ауруханаларға облыстық деңгейде дербес заңды мәртебе беруді ұсынды.