Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар заң жобалары қаралып, мақұлданды. "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “ҚР Заңының жобасын талқылау кезінде депутат Г.Нұрымова баяндамашыға келесі сұрақты қойды: "Заң жобасында волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарына коммуналдық мүлікті сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру көзделген. Коммуналдық мүлікті алу үшін қайырымдылық және волонтерлік ұйымдар қандай өлшемшарттар бойынша және қандай негіздерде айқындалатын болады? Бұл норма қаншалықты іске асырылады? Әкімдіктерде осындай коммуналдық мүлік бар ма?»
    Бүгін депутат Нұрымова Г.А. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. Мемлекет басшысының дәрігер мамандығының маңыздылығын материалдық нығайту және медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы тапсырмасына қарамастан, біліктілік санаттарының жойылуына байланысты оларды қосымша төлемдерден қалай айырды? Осылайша, "жалақыға уәде етілген 30% үстеме бар, бірақ санат үшін қосымша ақы алынып тасталды. Демек, біз бір қолымызбен берсек, екіншісімен алып қоюдамыз, нәтижесінде медицина қызметкерлерінің жалақысы сол деңгейде қалды". Депутат медициналық қызметкерлердің біліктілік санаттарын тағайындаудың кез-келген түрінде жалақыға қосымша төлемдерді қалпына келтіруді ұсынды.
    Ал 17 ақпаннан бастап депутаттардың өңірдегі жұмысы басталады. Оларды  ауқымды жұмыс күтіп тұр - ауылдар мен аудандардағы еңбек ұжымдарымен, жастармен, қоғамдық кеңеспен және сайлаушылармен кездесулер, азаматтарды қабылдау, әлеуметтік бағыттағы нысандарға бару және т.б. Депутат Г.Нұрымова Жамблы облысында 17-26 ақпан аралығындв болады.