Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық топқа ҚР Бас Прокурорының «Жаңа Қазақстан» қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу туралы сауалына берген ауызша жауабы негізгі тақырып болды. Депутаттардын алдында ҚР Бас прокуроры Б. Н. Асылов, ҚР Ішкі істер министрі М. М. Ахметжанов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. В. Скляр, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы О. А. Бектенов, сондай-ақ қоғамдық комиссия мүшелері, адвокаттар А. Омарова және А. Құспан сөз сөйледі. Өз баяндамасында Б. Н. Асылов қаңтардағы акцияларының түпкі мақсаты билікті басып алу екенін атап өтті. Бас прокурордың айтуынша, 230 адам қаза тапқан, зардап шеккен мекемелердің жалпы саны бір жарым мыңнан асады, 3 мыңға жуық қару ұрланған. 3770 қылмыстық іс қозғалды. Антикор басшысы О. А. Бектенов күштік құрылым қызметкерлеріне қатысты 234 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Р.Скляр оқиға барысында еліміздің 8 өңірінде мемлекеттік органдардың 42 ғимараты, 38,6 млрд теңге сомасына 1630 ШОБ субъектісінің мүлкі зардап шеккенін атап өтті. Үкімет резервінен және жеке қорлардан төлем төлеу басталды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Г. Әзімова депутаттардың назарын 4 мыңнан астам азаматтың дене жарақатын алғанына, 243 қылмыстық іс өкілеттігін асыра атқару фактісі бойынша жүргізілгеніне аударды. Депутаттар көптеген сұрақтар қойды, бүгінгі күні бүкіл ел халқын толғандыратын тақырып бойынша көптеген сөз айтылды. Бас прокурорға депутат Г.Нұрымова да сұрақ қойды: Мемлекет басшысы ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда құқық бұзушыларға жазаны жеңілдету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл мәселе бойынша не істеліп жатыр? Бұл тергеуде жүргендер үшін де, олардың туыстары үшін де маңызды мәселелердің бірі. Кінәлілер қатал жазаланады, ал ақымақтықпен, қысым көріп құқық бұзғандар болған оқиғадан қатал сабақ алады деп барша қоғам үміттенеді.