Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін пленарлық отырыста депутаттар "Өсімдік әлемі туралы" заң жобасын, сондай-ақ оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты - еліміздің өсімдік әлемі объектілерін қорғау, сақтау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеу. Баяндамамен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев сөз сөйледі. Екінші оқылымда бірқатар жобалар мақұлданды. Олар: қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобалары. Депутаттық сауалдар көп болды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жолдаған сауалында депутат Г.Нұрымова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорға байланысты өте өзекті мәселені көтерді. Бүгінгі күні барлық медициналық ұйымдар тиісті қаржыландыру ала алмай отыр, пациенттерге медициналық қызметтердің толық спектрін көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бұл ретте қорға әлі де үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр болған күрделі жағдайға тап болды. Бұл жағдайда Қордың орындылығы туралы мәселе туындайды. Көптеген депутаттар сауалды қолдады, өйткені бұл проблемалар барлық өңірлерде ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар ұжымдарымен кездесу кезінде айтылды.