Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысында Халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша заң жобалары қаралды. Депутаттар К.В. Авершин, Ж. Д. Сүлейменова және Г.Нұрымова бірігіп Спорт комитетінің Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжін жабу туралы шешіміне қатысты ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал дайындады. Депутаттардың ойынша, 50 жылдық тарихы бар және Д.Тұрлыханов, И. Байрамуков, О. Шишигина, Е. Ибраимов, А. Винокуров және т. б. сияқты ондаған чемпиондарды тәрбиелеген колледжді жабу туралы шешімге негіз жоқ. Бұл шешімге мұғалімдердін, оқушылардын, ата-аналардын пікірлері ескерусіз қалды. Спортшылардың айтуынша, мүмкін қала орталығындағы оқу орнының аумағы құрылыс салушыларға ұнайтын шығар (Тимирязев көшесі 4 га жер). Бұл шешім бала жылы қолайсыз жағдай тудырды. Депутаттар бұл мәселені жан жақты қарастырып, тез арада шешуді талап етті.