Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Депутат Г.А. Нұрымова мәжіліс депутаттарымен бірге Алматыдағы мектеп пен спорт колледжінің тағдырына алаңдаулы. Депутаттық сауалдар жолданды, бірнеше күн бұрын Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевпен үлкен кездесу өтті, оған оқушылардың ата-аналары, спортшылар, жұртшылық өкілдері онлайн форматта қатысты. Кездесу қорытындысы - депутаттар, жұртшылық, МСМ Вице-министрі С.М. Жараспаевтан тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім болды және оның жұмысының нәтижелері бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады. Бүгін "АMANAT" партиясының Алматы қалалық филиалында осы топтың мәжілісі өтті. Жұмыс тобы республикалық спорт колледжі жанындағы мектептің қызметін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.