Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар заң жобалары жұмысқа қабылданды, сондай – ақ екінші оқылымда ҚР Заңдарының жобалары қабылданды, олардың ішінде - мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша. Талқылаудан кейін депутаттар сауалдарын жариялады. Депутат Г.Нұрымова өз деппутаттық сауалын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Р. В. Склярға жолдады. Ол жүргізушілерді даярлау сапасына қойылатын талаптарды, өз бетінше даярлаудың кемшіліктерін, орасан зор санды төмендету мәселесіне қатысты бүгінгі күні лицензиясы жоқ, қажетті материалдық-техникалық базасыз жұмыс істейтін оқу орталықтары, емтихан тапсыру рәсімдерінің негізсіз реформалары және соның салдарынан - апаттылық көрсеткіштерінің жыл сайынғы өсуіне байланысты болды. Статистика бойынша, барлық ЖКО-ның 95% жүргізушілердің кінәсінен жасалады. Үкіметке: онлайн және өзін-өзі даярлау мүмкіндігін болдырмау, емтихан тапсыру процесіне қойылатын талаптарды күшейту; барлық аудан орталықтарында емтихан тапсыру мүмкіндігін ескере отырып, мамандандырылған ХҚКО-ларда емтихан қабылдау тәртібін қайта қарау; жүргізушілерді даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен қағидаларын қайта қарау; автомектептердің бақылауы мен жауапкершілігін көздеу; екі ай бұрын енгізілген тестілердің күшін жою арқылы бұрынғы тесттерді қайтару; емтихан қабылдауды бақылау уәкілетті орган мен кәсіби бірлестіктерге қалдыру жөнінде ұсыныстар берілді.