Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал

    Бүгін қаңтардағы оқиғалардың бір жыл толуына арналған пленарлық отырыс екінші рет Бас прокурор мен Ішкі істер Министрінің қатысуымен өтті. Олар "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының қайғылы оқиғалар туралы сауалына жауп берді.

Бір жыл бұрын еліміз нақты қауіпке тап болды. Президентпен бірге біз апаттан, төңкерістен, хаостан құтыла алдық, бірлігімізді, бір екенімізді тағы да дәлелдедік. Қазір біз саяси реформалар мен қайта құрулар жолымен жүріп жатырмыз. Қаңтар айындағы оқиғалар барлығымызға сабақ болады. Жамбыл облысында да тәртіпсіздіктеде, ғимараттарды өртеу де болды. Әрине, оқиғаға қатысушылардың бәрін террорист деп санауға болмайды, арасында ұйымдастырушылар да болды. Бірақ олардың көпшілігі әділетсіздікке, елдегі сыбайлас жемқорлыққа, бәріне бағаның өсуіне, жұмыссыздыққа және т.б. наразылық білдіргендер болды. Қалада қоғамдық комиссия белсенді жұмыс істеді, ол ұсталғандарды босату бойынша үлкен жұмыс жасады. Бұл қиын күндер болды. Сол күндері СИЗОға ұсталған балаларға депутат Г.Нұрымова екі рет барып, қоғамдық комиссия мүшелерімен бірге кәмелетке толмағандарды, содан кейін біртіндеп т.б. балаларды босатуға көмектесті. Сол қиын күндердің барлығы біз үшін сабақ болады. Көз жасына толы аналарды, балалардан кінәсің мойындауды үшін жауап алу кезінде азаптау туралы әңгімелерін және т.б. ұмыталмаспыз. Болашақта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін бәрін жасауымыз керек. Ол үшін лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын құру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық-түлік бағасын тежеу үшін Ауыл шаруашылығын нақты дамыту, хтт қолжетімді болуы үшін бизнесті қолдау және т. б. жұмыс жасау керек, халықтың, жастардын жағдайын жақсартуға бар күшімізді салуымыз керек.