ОМАРБЕКОВА
Жанат
Әнуарбекқызы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

ОМАРБЕКОВА ЖАНАТ ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

1961 жылдың 14 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Семей қаласының Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттының «физика» мамандығын және Қазақстан-Ресей университетінің «заңгер» мамандығын бітірді. Физика-математикалық ғылымдарының кандидаты.

1983 – 1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі.

1984 – 1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі.

1986 – 1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі.

1990 – 1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері.

1994 – 1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.

1999 – 2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры.

2008 – 2009 жылдары «Жанат» МБОСО» ЖШС-ның коммерциялық директоры.

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.

2010 – 2016 жылдары – «Жанат» МБОСО» ЖШС-нің бас директоры.

2010 жылдан бастап – «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті.

2010 жылдан бастап – «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

2016 жылғы 24 наурыздан – 2021 жылғы 14 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты.

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылым депутаты.

Медальдер мен наградалар:

«Шапағат», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» медальдері.

Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» премиясының лауреаты.