ПАЯЕВ
АЙБЕК
МИНАИМБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат

Депутатқа хат
Депутат А.Паяевтің депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық сервисінің сарапшылары Қазақстандағы жалақы көлемі әлемдегі 56 елдің ішіндегі ең төменгі жалақының бірі деп белгілеп отыр. Қазақстан Республикасы сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты ең төменгі жалақы мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда азайған жалғыз ел болып отыр. Сондай-ақ, зерттеу авторлары шартты азық-түлік себетін құрып, өнімнің құнын ең төменгі жалақымен салыстырды. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұндай азық-түлік себетінің құны 14%-ға өсті.

Номиналды түрде ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгерген жоқ және 42 500 теңгеге тең, бірақ сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы өткен жылдан бастап азайды және енді 37 400 теңгені құрайды (2020 жылмен салыстырғанда -1,1%). Сонымен қатар Украинада ең төменгі жалақы 27%-ға, Польшада - 9,8%-ға, Беларусьте-  6,7%-ға, ал Ресейде - 5,5%- ға өсті.

Зерттеу үшін сарапшылар шартты азық-түлік себетін құрып, өнімнің құнын ең төменгі жалақымен салыстырды. Азық-түлік себеті келесі тағамдардан тұрады: нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жемістер мен көкөністер.
2021 жылдың басында қазақстандық үшін мұндай азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ға артық.

Бұл ешқандай сынды көтермейді, үлкен кемшілік.

Бұдан келіп шығатыны, Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, міндетті түрде өмірдің нақты құнымен де байланысты болуға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты мына сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:

1.      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы деңгейін арттыру үшін қандай шаралар қабылдануда?

2.      Әлемдік стандарттарға сәйкес азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын нақты шығыстарды көрсете отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жоспарланып отыр ма?

3.      Халықаралық өлшемдер мен қазақстандық қоғамның сұраныстарына сәйкес Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасы мен деңгейінің әлеуметтік стандарттарын әзірлеу жоспарланып отыр ма?

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен депутаттық сауалды қарауды және қабылданған шаралар туралы жазбаша нысанда жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаты       А. Паяев