РАУ
Альберт
Павлович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары

Депутатқа хат
Рудный қаласына жұмыс сапары

2022 жылғы 30 мамырда Рудный қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Рау Альберт Павлович "Рудный Водоканал" ЖШС, "Рудный қалалық емханасы" КМҚК "Рудный жылу желісі" ЖШС-де болып, қала активімен және білім және мәдениет саласының өкілдерімен кездесулер өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының Рудный қаласына сапарының негізгі мақсаты-Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістерді талқылау және азаматтардың осы жылдың 5 маусымында өтетін референдумға қатысуының маңыздылығы.

Альберт Павлович бұған дейін Конституцияны өзгерту жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылғанын, ол барлық өзгерістерді, соның ішінде жұртшылықпен, заңгерлермен, әділет органдарының қызметкерлерімен, Парламент депутаттарымен және басқалармен сапалы пысықтағанын айтты.

"Бұл реформалардың барлығы супер президенттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшуге, Конституциялық сот құруға, сайлау-саяси жүйені демократияландыруға, атқарушы биліктің есептілігін арттыруға бағытталған. Сондықтан азаматтардың алдағы референдумға белсенді қатысуы маңызды", - деді депутат Альберт Павлович Рау.

Сондай-ақ, мәжілісмен "Рудный Дауысы" радиосында және "rydnyi media" (@rudnyidauysy) ресми аккаунтында тікелей эфир өткізді, онда 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген Конституцияға түзетулер бойынша референдум туралы сұрақтарға жауап берді.

Альберт Павловичпен болған барлық кездесулерге қатысушылар жалпыұлттық референдум өткізуге қолдау білдіріп, азаматтардың дауыс беру күні сайлау учаскелеріне келетініне сенім білдірді.