РАУ
Альберт
Павлович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары

Депутатқа хат
Жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Қ.А. Өскенбаевқа

Құрметті Қайырбек Айтбайұлы!

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 2011 жылдан бастап пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру мүмкіндігі көзделген. Бұрын заң бойынша тікелей келіссөздер негізінде, 2018 жылғы 29 маусымнан бастап «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі – жер қойнауы учаскесіне арнайы өтініш негізінде.

Осылайша, жер қойнауының нақты учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтініш беруші-өнеркәсіптік-инновациялық жобаның бастамашысы технологиялық процеске байланыстыра отырып, ағымдағы немесе болашақ жеке өңдеуші өндіріс үшін минералдық шикізаттың талап етілетін көлемін негіздеуі қажет. 

Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудің уәкілетті орган қабылдаған тәртібі жер қойнауын пайдалану құқықтарын субъектілерге берудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібін айналып өтіп, жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру тәуекелін туындатады:

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдалану құқығын беруді бақылауды күшейту Мемлекет басшысының тапсырмасы болып табылады:
«... кабинеттердің тыныштығында кулуарлық талқылау арқылы жер қойнауына қол жеткізу туралы шешімдер заңнан тыс қойылуы тиіс». Жоғарыда айтылғандарға байланысты, келесі ақпаратты беруіңізді сұраймын:

1. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қолдау шаралары ретінде 2011 жылдан бастап жасалған және берілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялардың деректемелері (күні және нөмірі) және бастапқы және ағымдағы жер қойнауын пайдаланушының атауын көрсету;

2. Объект қуатының параметрлері бойынша лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді, іске асыру мерзімдерін, өңдеуші өндіріс үшін шикізатты жеткізу мерзімдері мен көлемдерін, сондай-ақ осы міндеттемелерді орындау фактілерін көрсете отырып, келісімшарт жасалған немесе лицензия берілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаның қысқаша сипаттамасы;

3. Келісімшарт жасасу немесе жер қойнауын пайдалануға лицензия беру күніне Жер қойнауы учаскесінде пайдалы қазбалардың расталған қорларының болуы;

4. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар және өнеркәсіптік-инновациялық жобалар негізінде берілген лицензиялар бойынша түпкілікті бенефициарларды көрсету.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 77-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың мазмұнын құрайтын мәліметтерге кемінде ҚР ИИДМ интернет-ресурсында ашық қол жеткізу қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда, қазіргі уақытта бұл мәліметтер ҚР ИДМ интернет-ресурсында заң нормасы жазғандай толық жарияланбаған. Осындай заң бұзушылықтың себебін, жауапты адамды және заң бұзушылықты жою мерзімін-ҚР ИИДМ интернет-ресурсында заңмен талап етілетін ақпаратты жариялауды көрсетуіңізді сұраймын.

Сізден осы депутаттық сауалды қарауды және заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймын.

Құрметпен,

     Комитет төрағасы                                                                           А. Рау