Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Туған күні: 25.06.1970 ж
Туған жері: ҚазССР; Шығыс Қазақстан облысы
Отбасылық жағдайы, отбасылық байланыстар:
• Әйелі
• Балалары:3
Тілдер:
• қазақ, орыс
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
• А.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Тарихшы» мамандығы
• Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
«Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы
Еңбек өтілі:
• Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінің директоры (2000-2003);
• «Қазинжиринг» АҚ атқарушы директоры (2003-2005);
• Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005-2008);
• Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Қоғамдық саяси жұмыс департаментінің директоры (2008-2012);
• «Ұлт TIMES» республикалық апталық қоғамдық-саяси газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы (2012-2013);
• «Мәдениетті дамыту институты» қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі (2013-2015);
• ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының кеңесшісі (2017);
• ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (12.2017-2018);
• Еуразиялық интеграция институтының директоры (2019-01.2021)
Басқа лауазымдар:
•Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2018 бастап)
• Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі (17.07.2019 бастап)
Сайланған лауазымдар, депутаттық жұмыс:
• «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (04.12.2020), жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021 ж.), сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (29.03.2023 ж.)