Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шығыс Қазақстан облысына 2022 жылғы 31 мамырдағы іс-сапар. Сайлаушылармен алдағы референдумның еліміздің одан әрі дамуы үшін маңызы туралы пікірталас.

Image title

https://www.facebook.com/100001014586146/posts/pfbid0vdNNXMbZYdedVfBGRNV7Hbo1hMgc38oozJuiHZdJZGzjgxhhgatJPDGPUmy7KDXkl/?

#Referendum_AMANAT

Күршім ауданы, Марқакөл ауылдық округі халқымен кездестік.

Кездесу барысында еліміздегі саяси реформалар мәселесі талқыланды.

Жергілікті халық Конституцияға өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдумды толық қолдайды.

Референдум мәселесін толыққанды қолдай отырып,  жергілікті азаматтар нақты сұрақтар қойды.

Сәйкенов Ержан ағамыз  Конституциядағы азаматтардың сайлау және сайлану құқы сақталуы мәселесі өте өзекті" деп мәлімдеді.

Референдум осы терең мәселеге нүкте қояды,  сондықтан референдумды қолдау қажет" деп атап өтті.

Наурызбаев Әскербек ағамыз "Марқакөл ауданы статусын қалыпқа келтіру қажет" деп айтты.

Мұхамеджанов Абзалбек ағамыз бағаның қымбатшылығы, банктердің пайызының жоғары екендігін, осы мәселені жүйелі түрде шешу қажет екендігін айтты.

Оразиманов Данияр малды тірідей шетелге өткізу жөніндегі проблеманы атап өтті.

Хамитов Әбілхан аудандағы су тапшылығы, су тиімді пайдалану мәселесін қозғады.

Жалпы, округ азаматтары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси курсын толық қолдайды, референдумға баршасының барып, қолдап дауыс беретіндігін мәлімдеді.