Саиров
Ерлан
Бияхметұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ұлттық домбыра орталығын ашу туралы депутаттық сауал.

2022 жылы 29 маусымда жарияланды                                        

Қазақстан Республикасы

Премьер - Министрінің

орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы !

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз», деп атап өткен.

Президент айтқан рухани бағдарымыз еліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрі, төл мәдениетінен нәр алатындығы сөзсіз!

Әрбір халықтың өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті.

Мәдениет – ұлттың бет - бейнесі, рухани болмысы, халықтың жаны, ақыл - ойы, парасаты.

Бүгінгі таңда Қазақ руханиатына әлемнің түкпір-түкпірінен сан түрлі ақпарат құйылып жатыр. Осының салдарынан ұлттың тұтастығы мен салт-дәстүріне сызат түсіп, ел берекесі шайқала бастады.

Осынау рухани келеңсіздіктердің алдын алудың бір тетігі ретінде Ұлттық домбыра орталығын ашу қажет деп есептейміз!

Ол ұлттық өнердің барлық саласы шоғырланған дербес ұйым болуы тиіс!

«AMANAT» партиясы ұлтымыздың рухани әлемін сақтап дамытудың кешенді бағыт - бағдарын жасау қажет деп есептейді!

1. Жаһандану процесстері өзінің технологиялық жетістіктерімен қатар, ұлттық  мәдени кодты коррозия жасайтын, халқымыздың тарихи санасына жат бағыттар әкелуде.

2. Домбыра орталығы ұлттық игілігімізді терең ұлықтау арқылы, әсіресе, жастар арасында осындай жат пиғылдан араша болудың алаңына айналуы абзал.

3.Ұлттық домбыра орталығы қазақтың тереңнен келе жатқан мәдени брендін, салт-дәстүрін халықаралық деңгейде насихаттауға қабілетті, ауыл-аймақтан қазақтың жас таланттарын жия отырып, домбыра дүлдүлдерін тәрбиелейтін орынға айналуы қажет.

4. Бүгінгі қым-қиғашы көп заманда өзіндік рухани кеңістікті, ұлттық болмысты сақтап, аялап, дамыту өте маңызды! Осынау кезеңде жастар, азаматтар дәстүрлі рух, нәр алатын рухани ұлттық пана ролін атқаратын мекемелер құру мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды!

Мәселені шеше отырып заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«AMANAT»  партиясының фракция мүшелері                  

Е. Саиров

Е.Бейсенбаев

 

 

"   Т. Мұхсинова

'   74 64 08

@   Muhsinova@parlam.kz