СКАКОВА АЙЖАН АМАНГЕЛДіҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі.
Туылған күні: 1977 жылғы 8 мамыр
Туылған жері: Алматы қ.
Тілдерді білуі: қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті,
Мәскеу қ. РФ. 1995-2000 жж. – география факультетінің табиғатты ұтымды пайдалану кафедрасында оқыған, академик А.П. Капицаның ғылыми мектебі.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
«Геоэкология» мамандығы бойынша география ғылымдарының кандидаты, «Трансграничный перенос загрязняющих веществ над Западным Казахстаном» («Ластаушы заттардың Батыс Қазақстан үстінен трансшекаралық ауысуы») тақырыбындағы диссертация.
Еңбек өтілі:
2000-2012 жылдары инженер, зерттеуші, талдаушы, жоба жетекшісі, экологиялық зерттеулер мен жобалау, аналитика және консалтинг саласындағы ұйымның басшысы.
2010-2020 жж. – ҚР Табиғатты қорғау Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары.
2011-2012 жж. – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясының» ғылыми қызметкері.
2013-2021 жж. - «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» директоры.
2021 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылымының депутаты, «Қазақстанның халық партиясы» партиясының партия тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет мүшесі.
Өзге лауазымдары:
ЭКСПО – 2017 ұйымдастыру мен өткізуді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс штабының мүшесі.
ҚР БҒМ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы ҚР экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен проблемалары жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі
Депутаттылық: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2011 жылғы V шақырылымы депутатына кандидат.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттар, сыйыақылар, құрмет атақтары:
«Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» медалі.
Қазақстаннның қоршаған ортасын қорғауға қосқан үлесі үшін берілген «Алтын Жүрек» Ұлттық сыйлығы.
Университтің дамуына қосқан үлесі үшін берілген «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жыл» мерейтойлық медаль.
Қоршаған ортаны қорғау ісіне және экологиялық ахуалды жақсартуға қосқан үлесі үшін берген Алматы қ. Әкімдігінің Құрмет грамотасы.
Халықаралық конференциядағы баяндамалар:
«Climate change in Kazakhstan during the past 70 years». Quaternary International. Elsiver (2015).
«Conceptual approaches to implementation of transition of Kazakhstan to Green economy», International conference in Hong Kong (2015).
«Priorities and challenges for a sustainable management of water resources in Kazakhstan», Sustainability of Water Quality and Ecology, Elsiver (2017).
Қазақстаннан климаттың өзгеруі мәселелері бойынша - 17th CAS-TWAS-WMO Forum, Пекин ҚХР қыркүйек (2018).
ISESCO, COMSATS «Agriculture in Kazakhstan in context of United Nations Sustainable Development Goals», Рабат қ., Марокко, қараша (2018).
«Экологическая экспертиза», «Экологические проблемы Казахстана» ғылыми-әдістемелік кешендер авторы.
«Assessment of Changes in the Maximum Flow of Kazakhstan», Journal of Ecological Engineering (2019).
«Environmental catastrophe of the Aral Sea: search for solution», International Conference on Water and Flood Management (ICWFM), Bangladesh (2019).
«The role of international conventions and covenants in achieving economic and environmental justice: a conseptual review», Scopus journal (2019)
«Towards a low – carbon economic suistainable development scenarios and policies for Kazahstan», Scopus (2020).
Тағылымдама және біліктілікті арттыру:
Жасыл экономика, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Азия, ТМД және Ұлыбритания елдерінде тағылымдамалардан өтті және біліктілігін жетілдірді.
Отбасы жағдайы: тұрмыста, екі баласы бар.