Сқақова
Айжан
Амангелдіқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Халық партиясы Батыс Қазақстанда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру үшін күресіп жатыр

Биыл наурыз айында Қазақстан Халық партиясы Үкіметке депутаттық сауал жолдап, резерват құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру белгісіз себеппен тоқтатылғанын, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасында резерватты қаржыландыруды мәселесін қарастырмағанын күн тәртібіне қойды.

Онлайн режимде өткен іс-шараға «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Айжан Сқақова, Ерлан Смайлов, Ғазиз Құлахметов, сонымен қатар Мәжіліс депутаты Снежана Имашева мен Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Назгүл Мақжан, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша қазақстандық және ресейлік Ұлттық комитеттердің басшылары, Зоология ғылыми зерттеу институтының директоры Роман Ященко, ғылым кандидаты Валерий Неронов қатысты. Бұған қоса шараға ғылыми сарапшылар мен Қазақстандағы БҰҰ ДБ және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері атсалысты.