Сқақова
Айжан
Амангелдіқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобаларының таныстырылымы

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.

Тұсаукесерге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Энергетика вице-министрі , Ұлттық экономика, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және сарапшылар қатысты.