Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АУЫЛДА ДЕМОГРАФИЯ ШІРКІН ҚАРЫШТАП, МЕКТЕПТЕРДІ КӨП ТАЛАП ЕТУДЕ

АУЫЛДА ДЕМОГРАФИЯ ШІРКІН ҚАРЫШТАП, МЕКТЕПТЕРДІ КӨП ТАЛАП ЕТУДЕ
Іссапар аясында арнайы барып, Қызылорда облысының Жаңақорған кентіндегі С.Сұлтанмұратов көшесі бойында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысымен таныстым және жергілікті білім саласының өкілдерімен кездестім.
2022 жылдың ақпан айында бастау алған құрылыс нысанын бас мердігер – «Авангард ПГС» ЖШС мекемесі салуда. Оның басшылығының айтуынша, ғимараттың құрылыс жұмыстары өз жайымен жүзеге асырылуда, биыл аяқталады. Білім ордасы үш қабатты болады. Бүгінде соның үш қабаты бой көтеріп, ішкі сылау, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Жаңақорған кентінде салынып жатқан мектептердің құрылысы туралы анықтама бара кетсем.
Демография жақсаруда. Жаңақорған кенті жылдан жылға ұлғаюда. Кейінгі 10–15 жыл көлемінде Ипподром, Саяжай, МАИ бекеті атты шағынаудандар қосылды. Халықтың саны да, мектепке баратын балалар саны да артты. Осы мәселені оң шешу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, кентте 3 мектеп құрылысы жүргізілуде. №169 орта мектебінің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жаңадан 600 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары шамамен 100%-ға орындалды. Ол мектеп 2022 жылдың тамыз айына пайдалануға беріледі.
Тапсырыс беруші – Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;
Бас мердігер – «Өмірзақ» ЖШС;
Бас жобалаушы – «Сартөбе» ЖШС;
Техникалық қадағалаушысы – «Альянс» ЖШС;
Қаржыландыру көзі – республикалық, облыстық бюджет;
Келісім шарт құны – 1 млрд 970 млн 135,6 мың теңге;
2019 жылы игерілген қаржысы – 201 809,8 мың теңге;
2020 жылы игерілген қаржысы – 706 170,5 мың теңге;
2021 жылы игерілген қаржысы – 1 062 185 мың теңге;
2022 жылы қажетті қаржы – 102 722 мың теңге.
МАИ бекеті мен Ипподром шағынаудандарының оқушылары кенттегі №125, 163, 110 мектептерге арнайы автобустармен тасымалданып оқиды. Осы мәселені шешу мақсатында 2020 жылы Жаңақорған кенті МАИ бекеті шағынауданында, Қ.Алдабергенұлы көшесінің бойынан 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Тапсырыс беруші – Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;
Бас мердігер – «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС;
Бас жобалаушы – «Сыр Жоба» ЖШС;
Техникалық қадағалаушысы – «KZСтрой эксперт» ЖШС;
Авторлық қадағалаушы – «PSE Grup» ЖШС
Қаржыландыру көзі – облыстық бюджет;
Келісім шарт құны – 720 млн 208,4 мың теңге;
2020 жылға игерілген қаржысы – 300 000,0 мың теңге;
2021 жылға игерілген қаржысы – 255 763,0 мың теңге;
2022 жылға қалған қаржысы – 162 600,4 мың теңге.
Мердігер «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра алмай, жұмыс кестесінен кешігуі себепті, құрылыс нысанының пайдалануға беру уақыты 2022 жылға сырғыды. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба-сметалық құжаттамаларын қайта қарау жүргізілуде.
Жаңақорған кентінде Ипподром шағынауданының С.Сұлтанмұратов көшесінің бойынан әлгі аталған 300 орындық мектептің құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылы аяқталуы керек болатын. Бірақ мердігер мекеме мектеп құрылысын биыл бітіруге міндеттеме алып отыр.Нысан биылғы жылы пайдалануға беріледі.
Тапсырыс беруші – Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;
Бас мердігер – «Авангард ПГС» ЖШС;
Бас жобалаушы – «Проммедконтракт» ЖШС;
Техникалық қадағалаушысы – «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС;
Авторлық қадағалаушысы – «Проммедконтракт» ЖШС;
Қаржыландыру көзі – республикалық, облыстық бюджет;
Келісім шарт құны – 990 млн 375,1 мың теңге;
2022 жылға игерілген қаржысы – 275 519,4 мың теңге;
Құрылыстың басталған мерзімі – 15 ақпан 2022 жыл;
Құрылыстың ұзақтығы – 13 ай;
Нысанды пайдалануға беру уақыты – 2022 жылғы желтоқсан
Мектеп құрылыстары толық аяқталған кезде аудандағы 1 апаттық мектеп (№169 орта мектебі) және үшауысымдық оқу жойылатын болады.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #ЖаңақорғанАуданы #deputatAMANAT #AMANAT