Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АУЫЛДАР АРАСЫНА КӨШЕ ШАМДАРЫН ОРНАТУ СҰРАЛДЫ

АУЫЛДАР АРАСЫНА КӨШЕ ШАМДАРЫН ОРНАТУ СҰРАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысындағы Ақмая ауылдық округінде жас әріптесім Геннадий Шиповскихпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздім.
Жүздесуге «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Болат Мүбәрәкұлы Сыздық, аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Әлиасқарұлы Жағыпбаров қатысты.
Тұрғындарға бұл кездесудің негізгі мақсаты – ауыл жұртшылығының жағдайын білу, ауылдық елді мекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемелекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың барысымен танысу, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердің негізгі проблемаларын анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда қамту екенін айттым.
Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу нәтижесінде келесі жергілікті мәселелер анықталды.
1) «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» автодәлізі мен Ақмая ауылдық округі аралығындағы тасжолда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
2) Іргелі елді мекені мен Ақмая ауылы аралығындағы 1 шақырым жолды жарықтандырып, көше шамдарын орнату сұралды.
3) Ауылішілік көшелерге қаладағы сияқты жаяу жүргіншілер жолын – тротуарлар жасау керек деді.
4) Ауыл ішіндегі қоғамдық көлік жүретін көшелерге арнайы аялдамалар орнатылсын.
5) Ауылішілік ағын су арықтарының арналарын тазартып, қазу жұмыстарын ұйымдастырған жөн.
6) Іргелі және Болашақ көшелерін орташа жөндеуден өткізу керек.
7) Қатты қалдықтарды, қоқысты тастау полигонын қоршау, оған барар жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да ауылдың өзекті мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар тұрғындар маусымдық жұмыс істейтіндер қысқы-көктемгі қалған 6 айда жұмыссыз қалатынына назар аудартып, сондықтан оларға өз ісін бастауға қайтарымсыз грант қаржы берілсе деп ұсынды.
Ал зейнеткерлерге мемлекет арнайы бағдарламалар жасаса деген ұсыныстарын ортаға салды.
Тұрғындардың ұсыныстарын облыс басшылығына және орталыққа жеткіземіз.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #Ақмая #БатысЕуропаБатысҚытай #deputatAMANAT #AMANAT