Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАН ҚАЛҒАН ЖАБАЙЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРТ

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАН ҚАЛҒАН ЖАБАЙЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРТ
Сыр өңіріне іс-сапарым аясында Қызылорда қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/5 түзеу мекемесіне барып, жеке құраммен кездестім.
Алдымен меммекеме ішін аралап, тыныс-тіршілігімен және жеке құрамның жұмыс барысымен танысып шықтым. Содан соң ҚАЖ департаменті, мекеме басшылықтарының қатысуымен жеке құраммен жиын өткіздім.
Әңгіме барысында ІІМ жүзеге асырылып жатқан жобалар, атап айтқанда, ішкі істер саласының жұмысын сервистік моделге көшіру, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында ішкі істер органдарын бюрократиядан арылтып, қызмет салаларын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды.
Сондай-ақ жеке құрамға қаңтар оқиғасы кезінде, төтенше жағдай уақытында ел қауіпсіздігін сақтау жолында қырағылық танытып, ел тыныштығын қорғап, күні-түні уақытпен санаспай, мемлекет мүддесі үшін адал қызмет атқарғандары үшін ризашылық білдірдім.
Қазір қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына жан-жақты реформа жасалуда, соның өмірде жүзеге асуын талқыладық. Сондай-ақ қызметкерлердің осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдадым.
Қаңтар оқиғалары кезінде өзге өңірлерде ұсталғандарды азаптау сияқты айуандық жайттар тіркелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұсталған адамдарды тергеу барысында тыйым салынған тәсілдерді қолданғанын, тіпті оларды азаптағанын – орта ғасырлардан қалған жабайылық деп атады және кез-келген өркениетті қоғамның қағидаттарына қайшы келетінін айтты, оған тыйым салды.
Сондықтан ҚАЖ мамандарына Конституцияда ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтынын түсіндірдім. Жеке құрамның сотталғандармен күнделікті жұмыс барысында азаптау, қорлау фактілеріне жол бермеуге тиістігін ескерттім.
Жиында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров Қызылорда облысының ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторы, ЗК-169/4 қауіпсіздігі аралас мекеме және ЗК-169/1 қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде бүгінде 1200-дей сотталған отырғанын хабарлады. Ал департаментке қарасты 2 қалалық, 7 аудандық пробацияда мыңға жуық сотталған есепте тұр. Түзеу мекемелерінде 428-і адам штат бойынша, 194 – толтырылған, ал пробацияда – 48 аттестатталған қызметкерлер жұмыс жасайды. Ж.Әбдіқайыров Президент тапсырмасына сәйкес, түзеу мекемелеріндегі бақылаудан тыс «соқыр аймақтарды» болдырмау үшін мекемелердің қызметтік үй-жайлары бейнебақылау камераларымен толықтай қамтылды деген мәлімдеді. Ол мемлекет алдындағы қызметті абыроймен атқару – сала қызметкерлеріне парыз екенін жеткізді.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ҚызылордаОблысы #deputatAMANAT #AMANAT