Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көшбасшы партияның тарихында қалар оқиға болды

Көшбасшы партияның тарихында қалар оқиға болды

Жастық шақтың “жаңа һәм жасампаз жұмыс жасасақ” деп жалындап, алып ұшып, алға ұмтылып тұратыны бар. Осы өзгеше, өршiл жалын-жiгердi, жастардың iшкi рухани қуатын бiздiң партия Қазақстанның дамуы үшiн жұмылдыруда.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады. Съез барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы мен жастар ұйымының атауы өзгертілді.
«AMANAT» партиясының жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді.
Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.
Біріншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды. Болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек.
Мемлекет басшысының айтуынша, білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді.
Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармауы керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұрсын деген Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді.
Үшіншіден, отаншылдық қасиет туралы Мемлекет басшысы әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіну керек екенін, туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, аға буынның жастарға зор үміт артатынын, оны жастардың ақтайтынына сенім білдіріп, Съезд жұмысына табыс тіледі.
Съезді қорытындылаған «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Қазақстан болашақ жастардың игілігі үшін құрылып жатқанын атап өтті.
«Бұл реформалардың мәні неде? Сіздердің әрқайсыңызға – еліміздің саяси өміріне, бизнеске, басқа да қоғамдағы маңызды мәселелерге еркін араласу үшін тең мүмкіндік беру. Бір сөзбен айтқанда, біздің жастарымыз келешекте әділетті, ашық қоғамы бар қуатты Қазақстанда өмір сүруі керек. Президент бастамасымен осы өзгерістердің барлығы Конституциямызға енгізілді, заңдастырылды. Ендігі кезекте осы реформаларды іске асыруда – алдыңғы қатарда жастар, әрине сіздердің болуларыңыз өте маңызды», – деді Ерлан Қошанов.
«AMANAT» партиясының Төрағасы жастар қанатының алдына бірқатар перспективті міндет қойды. Атап айтқанда, жастар проблемаларының аймақтық карталарын енгізу, дарынды жастар үшін жобалар жәрмеңкесін және басқа іс-шараларды өткізу, жас көшбасшыларға арналған оқу бағдарламаларының тиімділігін арттыру, NEET санатындағы жастардың проблемаларын шешу жөніндегі жұмысты күшейту, «Бір толқында» пікірталас алаңын және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша агенттік құру.
VI кезектен тыс Съездің шешімімен жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, жастар ұйымының атауы өзгертілді. Орталық кеңестің құрамы қоғамдық пікірдің белсенді көшбасшыларын, ҮЕҰ өкілдерін және басқасын тарту есебінен кеңейтілді.
Халқымыз, партиямыз жастардан елдi өркендетуде iргелi, iлкiмдi iстер, тың бастамалар күтедi.
Бақытбек Смағұл
Мәжіліс депутаты,
AMANAT фракциясының мүшесі

#BaqytbekSmagul #BakitbekSmagul #БақытбекСмағұл #БахытбекСмагул #ЖастарРухы #deputatAMANAT #AMANAT

#JastarRuhy