Смайлов
Ерлан
Валерийұлы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1975 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы қаласындағы № 90 ОМ-ді аяқтады. 1997 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін тәмамдады. Мамандығы бойынша инженер-металлург. 1997 мен 2001 жылдар аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған мыс балқыту зауыты Балқыту цехы Электр пеші бөлімшесінің балқытушысы, ауысым шебері және аға өндірістік шебері болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап жеке өндірістік компанияларда Бас металлургтың басшылық позициясында болды. 2003 жылдан бастап зерттеу, аналитика және консалтинг саласында, зерттеуші, талдаушы, жобалар мен компаниялар басшысы позицияларында жұмыс істейді. 2006 жыл мен 2009 жыл аралығында National Business іскерлік журналының талдаушысы, жобалар жетекшісі, бас редакторының орынбасары. 2009 жыл мен 2013 жылғы қыркүйек аралығында – Саяси шешімдер институтының ұйымдастыру жобаларын дамыту жөніндегі директоры. Жоба авторы, жетекшісі, КИПР (Саяси шешімдер институтының клубы) модераторы. 2015 жылғы қазан мен 2018 жылғы қыркүйек аралығында – «ФинТех» Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ-нің атқарушы директоры. 2017 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін – Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2013 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін – дара кәсіпкер, «Кипр» аналитикалық тобының жетекшісі. 2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII депутаты, "Қазақстан халық партиясы" партиясының партия тізімі бойынша сайланды, Қазақстан Республика Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.