Ағымдағы жылдың 4 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде «Жаңа Салық кодексінің жобасы туралы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қатар отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – алдын-ала жаңа Салық Кодексі жобасының әзірленуі барысымен, Үкіметтің, «Атамекен» ҰКП, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің негізгі ұсыныстарымен танысу және жаңа ұсыныстар мен тәсілдерді Мәжіліс депутаттарымен талқылау болды.
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50082/1/1
https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/committee-works/committees-meetings/6
