2023 жылғы 12 мамырда Мәжіліс төрағасының орынбасары Д.М.Еспаева және Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Конституциялық Соттың судьяларымен және Аппаратының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында конституциялық бақылау органының 4,5 айдағы жұмысы, конституциялық іс жүргізудің тәртібі мен міндеттері таныстырылды. КС судьялары мен депутаттар конституциялық іс жүргізуге қатысу, сарапшылар мен мамандарды тарту, соның шеңберінде отырыстарды БАҚ-та жариялау мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылардың назары 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Венеция комиссиясының (Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия) тиісті ұсынымына аударылды. Атап айтқанда, конституциялық құқық жөніндегі осы консультативтік орган: “Саяси биліктің іс жүргізуге қатысуы Конституциялық сотқа осы биліктің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қаралып отырған заңға байланысты туындайтын құқықтық қиындықтарды жақсырақ бағалауға және шешуге мүмкіндік беретіні дұрыс деп есептеледі", - деп кеңес береді. Кездесудің қорытындысында мемлекеттік органдардың норма шығару және құқық қолдану практикасы шеңберінде қатысу және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін орындау мәселелері бойынша одан әрі талқылауды жалғастыруға келісті.2016 жылғы 27 желтоқсан Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Р.В. Скляр заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, Комитет отырысында «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары О.Б.Сапаров заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиев баяндама жасады.2016 жылғы 20 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасызаңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетов заң жобалары бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Ж. Жанжүменов заң жобасы бойынша баяндама жасады. Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаев баяндама жасады.2016 жылғы 13 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімова заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады. Одан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер бойынша алқасының судьясы А.А. Қасымов баяндама жасады.2016 жылғы 6 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Теңгебаев А.М. баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша жұмыс туралы Комитет мүшесі, депутат Е.А. Козлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша жұмыс туралы Комитет хатшысы, депутат С.Ф. Бычкова баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Қайназаров У.А. баяндама жасады.2016 жылғы 2 желтоқсанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитеттің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады.2016 жылғы 29 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары екінші оқылымда қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. Сонымен бірге депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары екінші оқылымда қаралды. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ж.Б.Ешмағамбетов заң жобалары бойынша баяндама жасады.2016 жылғы 22 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қаракен Қ.Ә. заң жобасы бойынша баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбеков С.Ж. баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен қатар, «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Сонымен бірге депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын екінші оқылымда қарады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бычкова С.Ф. заң жобасы бойынша баяндама жасады.2016 жылғы 15 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Әріпханов А. Ә. заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады.2016 жылғы 8 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қарсы барлау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары қаралды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Әбдіқазымов Қ.Р. заң жобалары бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т.Жақыпов баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.А.Шайымова баяндады.2016 жылғы 1 қарашада Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Р.Егізбаев заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұлов баяндама жасады. Одан басқа, 2017 жылғы мамыр айында жоспарланған «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сот жүйесін жетілдіру мәселелері» деген тақырыптағы Комитеттің Өскемен қаласындағы көшпелі отырысың депутаттар талқылады.2016 жылғы 25 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, депутаттар үстіміздегі жылғы 20-21 қазанда «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру мониторингі шеңберінде қоғамдық кеңестер: қызметінің алғашқы нәтижелері, туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және алға қойылатын міндеттер» тақырыбында Павлодар облысына сапар барысында өткен Комитет отырысының қорытындыларын талқылады.2016 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл отырыстың тақырыбы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-қадамын жүзеге асыру мониторингі шеңберінде қоғамдық кеңестер: жұмысының алғашқы нәтижелері, туындайтын мәселелер, оларды шешу жолдары және алға қоятын мақсаттар».
Отырыста келесі мәселелер талқыланды: 1) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданудың талдауы; 2) қоғамдық кеңестер туралы заңнамасында құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын коллизиялар және олқылықтар; 3) қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру ұсыныстары. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін жүзеге асыру, қоғамдық маңызы бар сұрақтар бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Көшпелі отырыс барысында Комитет депутаттары 2016 жылғы 20 қазанда өткен Павлодар және Ақсу қалаларының Қоғамдық кеңестері отырыстарына қатысты. Бұл отырыстарда тұрғындар кондоминиумдердің халыққа қызмет көрсетуі, сондай-ақ кепілдірілген ақысыз медициналық жәрдем көлемінде медициналық қызметтер көрсету мәселелері талқыланды. Одан басқа, 2016 жылғы 20 қазанда депутаттар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының IV реформасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталықтарының жұмысын талқылады. 2016 жылғы 21 қазанда өткен Комитет отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттары, Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінің, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, Павлодар облысы, Павлдар және Ақсу қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ Павлодар облысының қалалары мен аудандарының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Өскемен және Қарағанды қалаларының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігінің, ЕҚЫҰ-ның, сондай-ақ республиканың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту» тақырыптағы Парламенттік тыңдауларға дайындалу шеңберінде Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық пен Қылмыстық-атқару кодекстері қолдануының талдауын жүргізу мақсатында, сапар барысында прокуратура органдары, облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерімен, судьялармен жұмыс кездесулер өткізілді.2016 жылғы 18 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі А.А.Әріпханов заң жобасы бойынша баяндама жасады.2016 жылғы 11 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цой заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Р.Е.Дәленов баяндады.2016 жылғы 4 қазанда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Ғ.Қ.Сәдібеков заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Заң жобаларының тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Р.Е.Дәленов баяндады.2016 жылғы 27 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев заң жобасы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина баяндады.2016 жылғы 20 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қаралды.заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндама жасады.
«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндама жасады. Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасының тұжырымдамасы және енгізілетін жаңалықтары туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина баяндады.2016 жылғы 13 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «2017-2019» жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды. Елдің басты қаржы құжаты бойынша Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндама жасады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдар жобаларының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайынов баяндап берді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Р.В.Скляр баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ерсми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысаныдағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев баяндады.2016 жылғы 6 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.О. Қалқабаев баяндама жасады. Отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Заң жобасының негізгі ережелері туралы энергетика вице-министрі Ә.М. Мағауов баяндады. Одан басқа, депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Ресупубликасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасың талқылады. Қазақстан Републикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова баяндама жасады.2016 жылғы 1 қыркүйекте Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет Басшысының VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында белгіленген тапрсырмаларын іске асыру бойынша Комитеттің міндеттері талқыланды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Регламентіне түзетулер қаралды.2016 жылғы 28 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Г.Т. Қойшыбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Т.М. Савельева баяндап берді.
2016 жылғы 21 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова толық баяндап берген «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Сондай-ақ, «1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыпова баяндама жасады.
Келесі қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы болды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев баяндап берді.
Одан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбек баяндама жасады.
2016 жылғы 14 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобалары қайта қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндама жасады.
Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин баяндап берді.
Сондай-ақ депутаттар «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын қарады. Заң жобасының басты ережелерін Қазақастан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаев баяндады.
2016 жылғы 1 маусымда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рау баяндады.
Күн тәртібінің келесі мәселесі «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарау болды. Заң жобаларының басты ережелерін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндап берді.
2016 жылғы 24 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.Келісімнің басты ережелері туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Р.Т. Жақыпов баяндады.
Сондай-ақ депутаттармен «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл жоба бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі А.М. Мағауов баяндады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Т.С. Мұхтаров баяндама жасады.
Одан басқа, 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебі депутаттармен тыңдалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленов баяндама жасады. Сондай-ақ 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің есебі тыңдалды, бұл есептің басты ережелері бойынша Есеп комитетінің мүшелері И.Л. Ақпомбаев, С.А. Құлмағамбетов баяндады.
2016 жылғы 17 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі А.А. Әріпханов баяндады.
Сондай-ақ, «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цой баяндама жасады.
2016 жылғы 11 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі А.М. Теңгебаев баяндады.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы М.М. Молдабеков баяндады.
2016 жылғы 3 мамырда Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев баяндады.
Одан басқа, Мәжіліс депутаттары ұсынған «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.Заң жобаларының басты ережелері бойынша депутат Ж.Қ. Дүйсебаев баяндады.
2016 жылғы 27 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Бұл отырыста І.Ж. Бақтыбаевты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесі лауызымынан босату және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесі лауызымына А.Қ. Дауылбаевты тағайындау туралы мәселе қаралды.2016 жылғы 19 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы А.А. Асавбаев баяндама жасады.
Отырыста сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберінде қабылданған заңдарға депутаттар - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерінің мониторингі туралы» мәселе қаралды.
2016 жылғы 12 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі С.С. Сәрсенов баяндама жасады.
Одан басқа, Парламент Мәжілісінің депутаттары ұсынған «Волонтерлік қызмет туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасының басты ережелері туралы депутат Г.М. Ықсанова баяндап берді.
2016 жылғы 5 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті.
2016 жылғы 5 сәуірде Комитет төрағасы Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен Комитет отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары О.А. Смоляков баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Ә. Құсайынов және Инвестициялар және даму вице-министрі С.С. Сәрсенов тиісті баяндама жасады.
Комитет отырысы
2012 жылдың 3 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында күн тәртібінде 6 мәселені қамтыған Комитет отырысы болып өтті. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамалық негізін талқылады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға болады деп шешті. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобалары және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша ілеспе заңының жобасы қаралды. Күн тәртібінің соңғы сұрағы Комитетің қызметіне қатысты әр-түрлі мәселелерге арналды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркель, Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О.Қырықбаев, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.К.Ғалымова, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және Әділет министрлігінің өкілдері шақырылды.