Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Комитеттер отырысы

24.05.2022

2022 жылғы 24 мамырда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті, онда депутаттар әскери ортадағы зорлық-зомбылық сипатындағы, сондай-ақ әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға байланысты құқық бұзушылықтар тақырыбын талқылады.

Бұл әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қарым-қатынастардың, командирлер мен басқа әскери бастықтардың бағыныштыларға қатысты күш-жігерін физикалық немесе эмоционалдық зорлық-зомбылық арқылы биліктерін асыра пайдалану жағдайларының өзекті мәселесіне байланысты. Аталған мәселе бойынша Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Бас әскери прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері, сондай-ақ «Сарбаздар аналары комитет» қоғамдық бірлестігінің өкілі шақырылды. Әскери ортадағы қылмыс туралы ақпаратты Бас әскери прокурордың орынбасары С.Ермекбаев баяндап берді. Әскери ортадағы қылмыс туралы ақпаратты Бас әскери прокурордың орынбасары С.Ермекбаев баяндады. Атап айтқанда, соңғы 10 жылда әскери кафедралар қылмыстың алдын алу жұмыстарын айтарлықтай күшейткенін атап өтті. Жүйелі шаралар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Әскердегі қылмыс екі еседен астамға (901-ден 376-ға дейін), оның ішінде әскери қылмыс 3 есеге (443-тен 168-ге дейін) азайды. Осыған қарамастан, қол жұмсау армиядағы негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Олар әскери қылмыстардың едәуір бөлігін құрайды. 2,5 жылда 191 қылмыстық іс тіркелді (2020 - 52, 2021 - 89, 2022 - 50, Қорғаныс министрлігі - 109, Шекара қызметі - 58, Ұлттық ұлан-24). Мұндай фактілердің көпшілігі командирлер тарапынан бақылау болмаған кезде жеке қарым-қатынастарға байланысты. Қызметтің дұрыс ұйымдастырылмауы және жарғылардың талаптарын орындамау проблемалар болып табылады. Тағы бір фактор - әскерге шақырылушыларды іріктеу сапасы. Ұсынылған ақпарат негізінде Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің жауапты тұлғалары тыңдалды. Сонымен қатар, «Аналар жүрегі» сарбаздар аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Л.Ю. Хайрулина сөз сөйледі. Ұсынылған мәліметтердің барлығы депутаттардың назарына алынып, одан әрі заң жобалау жұмыстарында пайдаланылды.
24.05.2022

2022 жылғы 24 мамырда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті, онда депутаттар әскерилерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері, яғни «жалпы әскери азық үлестің» бағалық және сапалық параметрлері, азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін ескере отырып, оның құнын өзектендіру және басқа да осыған байланысты мәселелер жөнінде ақпаратты тыңдады.

Комитет төрайымы А. Құспан кіріспе сөзінде инфляция деңгейін және жеткізушінің қызмет көрсетуге арналған шығыстарын назарға ала отырып, әскери қызметшілер үшін үлес құнын есептеу әдістемесін қайта қарау қажеттілігін ескере отырып, қаралып отырған мәселенің өзектілігін атап өтті. Жаңа әдістерді енгізу барлық факторларды ескере отырып, азық үлестің құнын автоматты түрде қайта есептеуге мүмкіндік береді. Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары М. Таласов, Қорғаныс министрлігімен басқа күш органдарымен бірлесіп, қолданыстағы Әдістемеге өзгерістер енгізе отырып, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерге арналған шығыстарды жоспарлаудың жеке тәртібі пысықталғанын хабарлады. Алайда олардың ұсыныстарын Қаржы министрлігі қолдамады. Бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның өкілі осы келіспеушілікті оларды жоспарлау және орындау кезінде осы мақсаттарға арналған бюджет шығындарының ашық болмауымен байланыстырады. Қаржы министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде болжамды инфляцияны ескере отырып, мемлекеттік статистика деректері бойынша орташа республикалық бөлшек сауда бағалары бойынша үлес құнын есептеудің бұрынғы схемасын пайдалануды ұсынады. Бұл ретте алдын ала есептеулер бойынша жалпы әскери үлес құны 2 248 теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Sanzheli» ЖШС директоры Е. Қожамберлиевке сөз берілді, ол әскери қызметшілерге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін бизнес-қоғамдастық атынан сөз сөйледі. Өз баяндамасында кәсіпкер пайканың белгіленген құнының жеткіліксіздігін атап өтіп, бірқатар мысалдар келтірді. Тараптардың пікірін тыңдаған депутаттар әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді қаржыландыруды арттырудың маңыздылығына тоқталып, бұл мәселеде ұйымдастыру-құқықтық жұмыстарды жеделдету қажеттігін жеткізді.
15.02.2022

Әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету және әскери-медициналық мекемелердің проблемалары талқыланды

15 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің «әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету және әскери-медициналық мекемелердің проблемалары» атты тақырыптық отырысы өтті. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсетіп, әскери қызметшілерді қамтамасыз етудің көптеген мәселелерін өзектендірді. Отырысқа жетекшілік еткен Комитет төрайымы, Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан өз сөзінде, Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа тұжырымдама негізінде жауынгерлік қабілетті армияны қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және Қарулы Күштерді материалдық жарақтандыру қажеттілігін ерекше атап өткенін айтты. Сондай-ақ, армияның жауынгерлік қамтамасыз етудің маңызды бөлігі - заманауи талаптар мен жағдайларды ескере отырып, әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Ол бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады. Отырысқа барлық мүдделі орган өкілдері қатысып, аталған тақырып төңірегіндегі проблемаларды сарапқа сала отырып, оны шешу жолдарын іздестірді. Сондай-ақ, шара барысында Премьер-Министрдің атына жолданған әскери-медициналық қызметті кадрлық қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмады. Әскери дәрігерлердің проблемалық мәселелерін шешу әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз етуге, әскери қызметтің беделін арттыруға, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға оң әсер етеді. Отырыс қорытындысы бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді.
28.12.2021

Мәжілісте «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды

28 желтоқсан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Бейне-конференц байланыс режимінде өткен іс-шара жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы мен өкілдері, сондай-ақ Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан 2020 жылғы 10 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоғамдық және экономикалық өмірдің көптеген салаларын онлайн-кеңістікке көшіру киберқауіпсіздік тақырыбына ерекше назар аударғанын атап өтті. Сонымен қатар, депутат киберқауіпсіздік саласында туындайтын жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді және интернет-қылмыстың жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері үнемі депутаттық корпустың назарында екенін айтты. Осы орайда, тиісті құқықтық база қалыптастырылып, оны жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Депутаттарға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Киберқалқан-1 тұжырымдамасын іске асырудың негізгі қорытындылары және әзірленіп жатқан Киберқалқан-2 тұжырымдамасының жобасы туралы айтып берді. Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев өз сөзінде 2021 жылдың 10 айында Қазақстанда тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны 17,8 мыңды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп екенін баяндады. Р. Дүйсетаевтің айтуынша, интернет-алаяқтық фактілерінің ең көп саны Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Кибералаяқтықтық кеңінен тараған тәсілдері интернет-хабарландырулар бойынша тауар немесе көрсетілетін қызмет үшін алдын ала төлем не толық төлем алу (8,2 мың факт), микрокредиттік ұйымдардың сайттарында жалған онлайн-қарыздар ресімдеу (2,7 мың), банктердің қауіпсіздік қызметтері атынан қоңырау шалу арқылы банктік шоттардан ақша қаражатын ұрлау (2,3 мың), түрлі жобаларға, ойындарға және тағы басқаларға тиімді ақша салуды ұсыну (1,9 мың), жалған сілтемелер жіберу арқылы дербес деректерді не ақшаны иелену (1,3 мың) және басқалары болып табылады. Бұл ретте алаяқтар көбінесе шығыс нөмірлерді қазақстандық ұялы операторлардың абоненттік нөмірлеріне ауыстыру бойынша хакерлік бағдарламаларды пайдаланады. Сондай-ақ, тақырып туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сатиев баяндама жасады. Отырыс барысында цифрлық кеңістікті қорғау саласындағы қызметтің негізгі бағыттары мен қазіргі кезеңдегі киберқауіптерге қарсы күрес, «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы заңнамалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері және туындайтын проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тәсілдер талқыланды. Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттары Юрий Ли, Жұлдыз Сүлейменова, Наталья Дементьева, Сергей Решетников жауапты орган өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты. Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрайымы А. Құспан біздің мемлекетіміз бен азаматтарымыздың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелі жұмысты, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да тараптардың жоғары үйлесімділігін, халықтың тиісті құқықтық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік бойынша құзыретті мамандардың жеткілікті санын даярлауды қажет ететінін жеткізді. Талқылау қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға тиісті ұсынымдар әзірленді.
12.11.2021

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында шекаралық инфрақұрылымның жай-күйін талқылады

12 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың барысы және шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі туралы» деген тақырыпта Жамбыл облысында көшпелі отырысын өткізді. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің басшылығы мен қолбасшылық құрамы, Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Комитет төрайымы Айгүл Құспан Мемлекеттік шекараны қорғау және күзетуді жетілдіру, сондай-ақ Шекара қызметін және оған қойылатын талаптардың артқанын атап өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов мәжілісмендерді «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның іске асырылу барысы, шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі, орын алып отырған проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы хабардар етті. Іс-шара шеңберінде депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында, «Қордай», «Айша-Бибі» өткізу пункттерінде болды. Шекаралық инфрақұрылым объектілерін аралау барысында депутаттарға техника мен қару-жарақ, шекараны күзетудің техникалық құралдары, шекара бұзушыны үлгілік ұстау және Шекара қызметінің қызметтік-әскери жұмысының басқа да тәсілдері көрсетілді Іс-шара шеңберінде депутаттар Құдайберген Ержан мен Сергей Решетников Байзақ ауданындағы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылуы салдарын жою барысын зерделеу мақсатында болды. Көшпелі отырыс соңында мәжілісмендер көшпелі отырыста айтылған ұсыныстардың салалық заңнаманы жетілдіру барысында көрініс табатынын атап өтті
10.03.2021

Ұлттық ұланға қатысты Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтті

10 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шара Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ғимаратында өтіп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» заңның іске асырылу барысына арналды. Көшпелі отырысқа Мәжіліс депутаттары, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің басшылығы мен Ұлттық ұланның жоғары басшылық құрамы қатысты. Отырысты ашқан Айгүл Құспан ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету мәселесі ел басшылығының ерекше бақылауында тұратынын атап өтті. Іс-шарада Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар үшін стратегиялық құжат болып табылатын Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілді. Айта кету керек, соңғы уақытта елімізде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Көшпелі отырыс барысында Мәжіліс депутаттары заңнамалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік-жауынгерлік қызметінің өзекті мәселелерін, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техникамен жарақтандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелерді көтерді. Көшпелі отырыс барысында айтылған ұсыныстар Үкіметке жіберілетін ұсыныстардың негізіне айналып, одан әрі тиісті заңнаманы жетілдіру шеңберінде талқыланатын болады.
07.11.2019

Халықаралық істер комитеті, Парламент Мәжілісінің отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Халықаралық істер комитеті, Парламент Мәжілісінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақтауда тұрған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету және Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және жайластыру бағдарламасын іске асыру мәселелері туралы» тақырыбында отырысы болып өтті. Парламент Мәжілісінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыста Мәжіліс депутаттары мен Қорғаныс Министрлігінің, Ұлттық Ұланның, ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің, Ішкі істер министрлінінің төтенше жағдайлар бойынша Комитетінің, Бас әскери прокуратурасының және облыстық әкімшіліктің басшылығы қатысты. Отырысты аша отырып, профильдік Комитеттің төрағасы Мұхтар Ерман аталған тақырыпта іс-шараны өткізу осы жылдың 24 маусымында Арыстағы оқдәрілер арсеналында орын алған қайғылы оқиғаны есепке ала отырып, қоғамға деген маңызды өзектілікке ие екенін атап өтті. Іс-сапар барысында депутаттар Қорғаныс Министрлігінің, Ұлттық Ұланның, ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің базалары мен қоймаларында, қаружарақ, оқдәрілердің сақталуы қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету сұрақтарын тианақтап зерделеді. Актау гарнизоны әскери бөлімдеріне бару кезінде парламетарилерге қару жарақтар, әскери техникалардың және мүліктердің сақталуы көрсетілді. Одан басқа, мәжілістіктер жұмылдыру қорының нысаны болып табылатын арнайы медициналық қамтамасыз ету базасымен танысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында депутаттар Ирина Аронова мен Құдайберген Ержан Маңғыстау облысының «Nur Otan» ХДП филиалында қабылдау өткізді. Іс-шара аяғында мәжіліс мүшелеріне өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары жалпылама түрде айтылды, қаружарақ пен оқдәрілер сақталатын нысандарды жабдықтау және басқа жерге көшіру Бағдарламасынның аралық қорытындылары белгіленді, сондай-ақ отырыс барысында аталып өткен конструктивтік ұсыныстар тиісті заңнамаларды жетілдіру аясында өз шешімдерін табатыны аталып өтті.
24.10.2019

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырыстың жұмысында Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Ауыл шарушылығы, Қаржы, Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және басқа да ұжымдырының басшылары мен өкілдері қатысты. Ұлттық экономика вице-министрі Е.А. Алпысов, Қарулы күштер Бас штабы басшысының бірінші орынбасары Р.Н. Шпекбаев, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің жауапты қызметкерлері сөз сөйледі. Мемлекеттік органдары өкілдерінің сөйлеген сөздерінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласына бағытталған өз ведомстваларының негізгі қызметтері, сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстан Республика Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шешуі керек тапсырмалары бойынша егжей-тегжейлі және жан-жақты мәліметтер ұсынды. Отырыс барысында Комитет депутаттарымен жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселесі қарастырылды және талқыланды. Жұмылдыру қуаттығын, резервін, заказдарын құру, жұмылдыру, әскери жағдайда және соғыс уақыты мерзімінде мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдардың, мекемелердің, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, халықтың және Қарулы күштердің, басқа да әскерлерінің және әскери құрылымдардың, арнайы мемлекеттік органдардың дайындық жағдайы бойынша мәлелері бағытында жұмылдыру іс-шаралары және өзара әрекеттесу бойынша министрліктер мен ведомствалардың алдына қойылған тапсырмаларды орындауға назар қойылды. Отырысты қорытындылай келе, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Т Ерман мемлекеттік органдардың алдында жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және оның жақын, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада дамуына қатысты әзірлеу тапсырмасы тұруына байланысты мемлекеттік жоспарлау және бақылау бойынша жетілдіру және шараларды жүзеге асыру қазіргі таңда өзекті болып табылатының атап өтті.
17.05.2016

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында 2015 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру мәселесі, сонымен қатар "Мәңгілік ел" - Патриоттық актісін іске асыру шеңберінде патриоттық тәрбиені нығайту мәселесі бойынша көшпелі отырысы өтті.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында баяндамамен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы – генерал-майор Р.Ф. Жақсылықов сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында ол Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары, сонымен қатар жаңа заңға сәйкес Ұлттық ұланмен шешілетін міндеттер туралы айтып берді. Соның ішінде, Ұлттық ұланның табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны күзетуде жәрдем көрсету және басқаларына тікелей қатысу. Отырыс барысында Комитеттің депутаттарымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы» туралы жаңа Заңының орындалу мәселелері, сондай-ақ «Мәңгілік ел» - Патриоттық актісі шеңберінде патриоттық тәрбиені нығайту бойынша қызметтің бағыттары қаралып талқыланды. Отырысты қорытындай келе Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.С. Әшімбаев «Мәңгілік ел» - Патриоттық актідегі көрініс тапқан идеялар Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен мемлекеттілігін нығайтуға ықпалын тигізетініне ерекше көңіл аударды.
07.04.2015

2015 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы өткізіліп, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Депутаттар Комитеттің мүшесі, «Бітімгершілік қызметі туралы» (екінші оқылым) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі А.Б.Тасболатовтың ақпаратын тыңдады. Отырыс нәтижелері бойынша Комитет заң жобаларын Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынды. Сондай-ақ отырыста келіп түскен заң жобалары бөлінді.
24.02.2015

2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы өткізіліп, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды.

Депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақпараттарын тыңдады. Отырыстың нәтижелері бойынша Комитет аталған заң жобаларын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға ұсынды.
03.02.2015

2015 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы өтті.

Депутаттар отырыстың күн тәртібіне енгізілген Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының ақпараттарын тыңдады. Атап айтқанда, «Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша депутаттар алдында Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А.Өскенбаев баяндама жасады. Ол Келісімнің негізгі ережелері туралы және осы Келісім шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде айтып берді. Отырыс нәтижелері бойынша Комитет осы заң жобасын Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынды.
11.12.2012

Комитет отырысы

2012 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» (екінші оқылым) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша ақпараттар тыңдады. Отырыс нәтижесінде Комитет заң жобаларын Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынды. Комитет отырысының жұмысына Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының у. м. а. Т.М.Стамбеков қатысты.
19.11.2012

2012 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша ақпараттар тыңдады. Отырыс нәтижесінде Комитет заң жобаларын Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынды. Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасары Қ.Р.Әбдіқазымов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының у. м. а. Т.М.Стамбеков қатысты
27.09.2012

2012 жылғы 27 қырқүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартты ратификациялау туралы», «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және «2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша ақпараттар тыңдады. Отырыс нәтижесінде Комитет заң жобалары Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Ә.Кененбаев, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Е. Ерғожин пен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов қатысты.
20.09.2012

2012 жылғы 20 қырқүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Отбасылық міндеттемелері бар ер және әйел еңбекшілерге тең қарау және тең мүмкіндіктер беру туралы 156-конвенцияны ратификациялау туралы» және «Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша ақпараттар тыңдады. Отырыс нәтижесінде Комитет заң жобалары Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетов пен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов қатысты.
13.09.2012

2012 жылғы 13 қырқүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдады. Нәтижесінде үш заң жобасы Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Комитет отырысының жұмысына Қаржы вице-министрі Р.Е.Даленов пен Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Д.Меркель қатысты.
19.06.2012

2012 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С.Тыныбеков «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбi туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады. Отырыс қорытыдындысы бойынша Комитет аталған заң жобасын Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына енгізуге ұсынды.
07.06.2012

2012 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитеттің отырысы болды, онда күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды. Комитет депутаттары «Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» және «2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша Көлік және коммуникация, Білім және ғылым министрліктерінің лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдады. Нәтижесінде екі заң жобасы да Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Комитет отырысының жұмысына Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметов пен Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В.Скляр қатысты.
22.05.2012

2012 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы болды, онда 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есебі және Есеп комитетінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есебі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің Есебіне қорытынды) қаралды. Отырыс барысында депутаттар тарапынан бюджет қаражаттарының игерілмеуі және нысанасыз пайдалануы мәселелері, тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, республикалық бюджетті жоспарлау параметрлерінің жетілдірілмеуі, соның ішінде оларды есептеудегі тиімді әдістеменің болмауы проблемалары, Есеп комитетінің рөлін көтеру перспективалары талқыланды. Отырыс жұмысына ҚР Қаржы вице-министрі Б.Ш.Шолпанқұлов, Есеп комитетінің мүшесі Ж.Сәрсенқұлов және басқа да мемлекетттік органдардың лауазымды тұлғалары қатысты.
10.05.2012

2012 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің күн тәртібінде енгізілген бірқатар мәселелер талқыланды. Комитет депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары бойынша Қаржы министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігінің лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдады. Талқылау нәтижесінде Комитет тарапынан екі заң жобасы да Парламент Мәжілісі жалпы отырысының қарауына ұсынылды. Отырыс жұмысына Қаржы вице-министрі Д.Е.Ерғожин және Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б.Әбсаттаров қатысты.
24.04.2012

2012 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Комитет отырысы болып өтті, онда күн тәртібіне енгізілген 10 мәселе қаралды. Комитетте бір қатар министрліктер мен ведомстволардың лауазымды тұлғаларының - мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, магистралдық құбыр, дербес деректер, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу мәселелері жөніндегі заң жобалары бойынша ақпараттары тыңдалды. Комитет жұмысына ҚР БҒМ жауапты хатшысы Ә.Қ.Ғалымова, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Ә.Кененбаев, ҚР Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Б.Сафинов және ҚР ӘМ жауапты хатшысы М.Б.Бекетаев қатысты.
20.04.2012

2012 жылғы 19 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті.

Отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында көзделген міндеттерді орындау мәселелері қарастырылды. Осы басқосуда «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалу барысы және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөніндегі мәселелер талқыланды.
03.04.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы болды. Депутаттар Парламент Мәжілісіне ратификациялауға енгізіліп жатқан халықаралық шарттардың қазақ тіліндегі мәтінін әзірлеу сапасын көтеру жөніндегі ақпаратты және V сайланымда (сессиялар бойында) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды қараудың переспективалық жоспарын құру мүмкіндігі туралы ақпаратты тыңдады. Отырысқа Сыртқы істер және Әділет министрлерінің орынбасарлары А.Жұмабаев пен З.Баймолдина, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар өкілдері және ғылыми сарапшылар қатысты.
05.03.2012

2012 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Кездесу барысында депутаттар Министрліктің басшысына құқық бұзушылықтың профилактикасына, көші-қон бақылауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, есірткі бизнесіне, қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысына қатысты және басқа сұрақтар қойды. Комитет депутаттары сөйлеген сөзінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау әлеуетін кеңейту, сондай-ақ құқық қорғау қызметін одан әрі заңнамалық қамтамасыз ету арқылы елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.