Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Комитеттер отырысы

08.02.2024

2024 жылғы 8 ақпанда сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес екінші сессияға «Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыбы бойынша Комитеттің тақырыптық отырысы өткізілді.

Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, Денсаулық сақтау вице-министрі, Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Туризм және спорт вице-министрі, Оқу ағарту вице-министрі, Мәдениет және ақпарат вице-министрі қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы С.Қ. Ахметжанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С. Әуесбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю. Дудник, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.І. Ешенқұлов, Туризм және спорт вице-министрі М.Қ. Төлебаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасов баяндама жасады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне бірнеше рет ерекше назар аударғанына атап өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы С.Қ. Ахметжанов әлеуметтік-экономикалық саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданатын негізгі бағыттар туралы баяндады. Ол атап өткендей, 2023 жылы әлеуметтік салада 311, оның ішінде білім беру – 155, денсаулық сақтау – 64, зейнетақымен қамсыздандыру – 7, әлеуметтік қорғау – 29, медициналық-әлеуметтік сараптама (мүгедектікті анықтау) – 56 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. 92 адам сотталды. Оның айтуынша, жүргізілген талдау қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен негізгі себептер қызметтің ашықтығы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өзімшілдік мүдделілік болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтердің көпшілігінің онлайн форматта ұсынылуына қарамастан, азаматтардың өздері тарапынан белгілі бір қызметтерді «алуды жеделдетудегі ұсыныстар» немесе «заңсыз қорытындылар» беру фактілері жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ С.Қ. Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және алдын алу жұмысының призмасы арқылы басшылардың тиімділігін бағалаудың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу бөлігінде ведомстволық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінуіне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу ұсынылды. Талқылау барысында депутат Н.С. Әуесбаев сыбайлас жемқорлық халықтың мемлекет жүргізіп жатқан реформаларға, оның ішінде әлеуметтік салада, сенім деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыратынын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық мемлекет мүддесіне орасан зор, орны толмас зиян келтіреді. Оның салдарымен күресіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайлар мен себептерді азайту қажет. Осы дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заңнамалық бастамалар шеңберінде қаралатын нақты ұсыныстар әзірледі.
19.12.2023

2023 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Кітап нарығын реттеу, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің баспа индустриясын дамыту. Қазір тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту туралы» атты кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті. Отырысқа мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту вице-министрлері, қаржы, сауда және интеграция министрліктерінің, «Қазпошта» АҚ және Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, баспалардың, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылары мен жас жазушылар қатысты. Комитет төрағасы А.Қ. Аймағамбетов өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының кітап саласын дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасының маңыздылығын атап өтті. Отырыста баспа индустриясын дамытуды заңнамалық қолдау тетіктері талқыланды. Кітап оқу, кітап шығару және кітаптарды шалғай аудандар мен ауылдарға жеткізу ұлттық операторын бекітуге қатысты пікірлер айтылды. Ішкі қағаз нарығында қағаз бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде мониторинг жүргізу және жедел шешімдер қабылдау, кітап баспагерлеріне ғылыми, оқу, әдеби, балалар және жасөспірімдер әдебиеті сегментіне субсидиялар бөлу арқылы қағаз бағасын тұрақтандыру жөнінде шаралар ұсынылды. Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттер мен оларды дамытатын баспалар үшін субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер желісін ұйымдастырудың заңнамалық тетіктері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов депутаттар осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын дайындағанын атап өтті.
29.09.2023

Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға кепілдік беру және барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттігі туралы атап өткен 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын зерделеу және талқылау мақсатында, 2023 жылғы 29 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдені даму комитеттің мүшелері Қарағанды облысына барды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысының тақырыбы «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау» деп аталды. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, денсаулық сақтау және білім вице-министрлер, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының өкілдері, ғылым, қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты. Негізгі проблемалардың қатарында қатысушылар саланы жеткіліксіз қаржыландыруды, материалдық-техникалық базаның әлсіздігін және қаржы құралдарының ашық еместігін атап өтті. Комитет төрағасы А.Қ.Аймағамбетов депутаттар әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасына бастамашылық жасағанын атап өтті. Оның басты мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірыңғай стандарттарын құру және білікті кадрлар тапшылығы проблемасын шешу. "Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы" ҚБ құрылтайшысы Л.Нұрқатова өз сөзінде әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру және біліктілікті арттырудың кәсіби жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Отырыс аясында "Үміт сәулесі" балалар мен мүгедектерге көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Т.Кравченко өз ұсыныстарын білдірді. Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ.Жақыпованың, сондай-ақ денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю.Дудниктің, Оқұ-ағарту вице-министрі Е.Оспанның баяндамалары тыңдалды. Депутаттар жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің жан басына шаққандағы нормативін енгізу жоспарланып отырғанын және бұл олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін атап өтті. Көшпелі отырыс барысында депутаттар Қарағанды облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға барып, қамқорлығындағылардың тұрмыс жағдайымен танысты.
22.09.2023

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымның екінші сессиясына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 9 қазанда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Үкіметтік сағат өткізу жоспарланған. 2023 жылдың 21 қыркүйегінде аталған Үкімет сағатына дайындық аясында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А.Қ.Аймағамбетов, Н.Тау, Г.Ш.Танашева, Ж.Д.Сүлейменова, Д.Т.Мұқаев, Т.Ғ.Серіков Астана қаласының денсаулық сақтау объектілеріне барды. Аталған іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының және оның Астана қаласы бойынша филиалының басшылықтары қатысты. Өз кезегінде №9 қалалық емхананың, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының, №1 көпбейінді қалалық аурухананың және көпсалалы медициналық орталықтың бас дәрігерлері депутаттарды медициналық мекемелердің қызметімен таныстырды. Сапар барысында медицина қызметкерлерімен бірлесіп МӘМС жүйесінің өзекті мәселелері, атап айтқанда қаржыландыру, тарифтеу және медициналық қызметтер көрсету, азаматтардың сынақтары қозғалды. Депутаттар пациенттермен көрсетілетін қызметтердің сапасы, оларды бағалау және МӘМС жүйесіне азаматтардың сенімі бойынша талқылады. Соңында комитет төрағасы А. Қ. Аймағамбетов көтерілген өзекті және проблемалық мәселелер алдағы уақытта үкіметтік сағатта талқыланатынын, оның қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілетінін атап өтті.
20.06.2023

2023 жылғы 20 маусымда«Арт-спорт» бағдарламасын жетілдіру туралы (спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру)»тақырыбында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері-депутаттар, мәдениет және спорт, оқу-ағарту, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері, Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сарапшылар қатысты. Отырыста баяндама жасағандар: мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру туралы Мәдениет және спорт вице-министрі С.А. Құранбек, мәдениет және спорт министрлігінде және жергілікті атқарушы органдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Д.Ж. Әшірбеков, өңірлерде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру және орналастыру туралы Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары Б.Х. Нарымбетов және С.Ә.Аблалиев, сондай-ақ «SoftDeCo» ЖШС Бас директоры С.Г. Алабугин және «Рухани Болашақ» жеке және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Л.К. Абдрахманова. Отырыс барысында депутаттар мен жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, сындарлы ұсыныстар айтты. ОтырыснәтижесінӘлеуметтік-мәдени даму комитетініңтөрағасы А. Қ. Аймағамбетов қорытындылады.
02.06.2023

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу мәселелері және оларды шешу жолдары туралы» тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті.

Отырысты ашқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов Мемлекеттік сатып алу ел экономикасының маңызды реттеуіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Мемлекеттік сатып алу арқылы бюджет қаражатын дұрыс жұмсау көп дәрежеде осы процестерді тиімді және кәсіби басқаруға байланысты болады. Отырысқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне мүше депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, облыстық білім және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт және мемлекеттік сатып алу басқармаларының өкілдері қатысты. Жиналыста: мемлекеттік сатып алу процесінде білім беру ұйымдарында кездесетін мәселелер туралы Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қалалық білім бөлімінің басшысы Н.Б. Онсович; білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері мен мәселелерін шешу жолдары туралы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қостанай қалалық білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебінің директоры А.С.Балтабаева; ғылым саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры Е.О.Абдураимов; денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша проблемалар мен шешімдер туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Н.М. Мұқажанова; Қазақстандағы театрлардың мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Г.А.Ахмедьяров; денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Б.С. Есенбаев; өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы алдағы жаңалықтар туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейіл сөз сөйледі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ.Аймағамбетов отырыстың қорытындысын жасады.
05.05.2023

2023 жылдың 5 мамырында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстандағы діни ахуал. Радикализм мен экстремизмге қарсы күрес. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың насихатталуы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму, ғылым және жоғары білім, білім вице-министрлері, Дін істері комитетінің төрағасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы, Ішкі істер, бас прокуратура, денсаулық сақтау, әділет министрліктері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысты.Бейне конференцбайланыс құралдары арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері мен сарапшылар қатысты. Талқыланып отырған тақырып бойынша депутат Н.А. Сәрсенғалиев, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері баяндама жасады. Олар статистикалық мәліметтермен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты реттеу бойынша қолданылатын шаралар мен ұсыныстарына тоқталды. Жиын қорытындысында А.Қ. Аймағамбетов дін саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу мәселесін шешу бойынша бірқатар мәселені алға қойды.
21.04.2023

2023 жылғы 21 сәуірде сегізінші сайланған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің бірінші сессияға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» тақырыбында Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары - Комитет мүшелері, ішкі істер министрінің орынбасары, оқу-ағарту, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокуратура мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының өкілдері, министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, отбасылық және балалар психологтары мен БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты аша отырып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ.Аймағамбетов Мемлекет басшысы Үкіметтің өткен кеңейтілген кеңесі барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау қажеттігіне назар аударып, оны шешудің маңыздылығын белгілегендігін атап өтті. Депутаттар алдында ішкі істер министрінің орынбасары И.В.Лепеха баяндама жасады. Баяндамашы атап өткендей, соңғы төрт жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 2019 жылы – 49 мың, 2020 жылы – 179 мың, 2021 жылы – 155 мың өтініш келіп түсті. 2022 жылы 115 мың өтініш болған, алайда 60% немесе 70 846 өтініш бойынша полиция органдары жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шаралар қабылдаған жоқ. Онсыз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Сонымен қатар, министрдің орынбасары ІІМ диалог үшін ашық екенін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін қоса алғанда, келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулерді талқылауға дайын екенін атап өтті. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша оқу-ағарту вице-министрі Е.С.Оспан сөз сөйледі, ол министрлік балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді шараларды іске асырып жатқанын айтты. Баяндамашы атап өткендей, министрлікте кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және өңдеу бойынша ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмі іске қосылған. Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі В.Д.Кочетов баяндама жасады, өз сөзінде «Қазақстандық отбасылар 2022» әлеуметтанулық зерттеуінің деректеріне сәйкес, басты алаңдаушылық ретінде қазақстандық ата-аналар балалардың гаджеттерге, әлеуметтік желілерге және интернетке тәуелділігін атап өткендігін (72%) айтты. Министрлік заңсыз мазмұнды контентті бұғаттау үшін белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 2022 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша балалардың ақпараттық қауіпсіздігі бойынша 8 650 бұзушылық анықталды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин балаларға қатысты, оның ішінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатты өзгерту қажеттігін атап өтті. Қоғам өкілдері де өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, суицидтің, буллингтің салдары туралы психологтар да айтты. Депутаттар мен қоғам өкілдері өзекті мәселелерді көтерді және сынды ұсыныстар айтты. Қорытыңдылай келе, төраға А.Қ.Аймағамбетов депутаттық корпус Үкіметпен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды заңнамалық деңгейде қабылдауды қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.
18.04.2023

2023 жылдың 18 сәуірінде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлімен кездесу өтті. Аталған кездесуге осы ведомствоның вице-министрлері Ысқақов Қ.Ж., Кадиров Д.Р., Кочетов Е.Д. қатысты. Кездесу барысында ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынастар, сондай-ақ жастар, отбасы және гендерлік саясат саласындағы мәселелер, олардың перспективалары мен міндеттері талқыланды.
17.04.2023

2023 жылғы 17 сәуірде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р. Ораловпен кездесті. Кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрлері Е.М. Еркінбаев, С.А. Құранбек, аппарат басшысы Ж.С. Ахметов, Мәдениет комитетінің төрайымы Р.С. Кәрібжанова, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Борашев қатысты. Кездесу барысында министрліктің мәдениет, спорт, туризм және мұрағат салаларын дамытудағы негізгі перспективалары мен міндеттері, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.
11.04.2023

2023 жылғы 11 сәуір күні Парламент Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен кездесуі өтті.

Кездесуге ғылым және жоғары білім вице-министрлері Т. И.Ешенқұлов, К. А.Ерғалиев, К. А. Ақатов қатысты. Кездесу барысында қазақстандық ғылымды дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын лицензиялау мәселелері талқыланды.
06.04.2023

2023 жылдың 6 сәуірінде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевпен кездесу өтті. Аталған кездесуге Комитет депутаттары, осы ведомствоның министрі Ғ.Б. Бейсембаев; Вице-министрлер: Ш.Т. Каринова, Оспан Е.С., А.Б. Ильясов, сондай-ақ аппарат басшысы Д.Ш. Жекебаев қатысты. Әңгіме барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың перспективалары мен міндеттері, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
26.12.2022

2022 жылғы 26 желтоқсанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті, онда еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселесі талқыланды.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О.Т. Ордабаев, мемлекеттік жоғары оқу орындарының, аккредиттеу органдарының басшылары, жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Соңғы жылдары ел экономикасының салалары үшін кадрлар даярлау сапасына ерекше назар аударылуда. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оларды әзірлеуге жұмыс берушілерді тарту, еңбек нарығында бар барлық кәсіптерді кәсіптік стандарттармен қамту, мамандығы бойынша ЖОО түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру сияқты проблемалар әлі де өзекті болып қалуда. Жоғары білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін болжау мәселесі де маңызды болып табылады. Отырыста Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек баяндама жасады. Ол бүгінгі таңда Білім беру бағдарламаларының тізілімінде 8 мыңнан астам бағдарлама бар екенін, экономиканың 9 саласы бойынша Кәсіптер атласы құрылғанын, білім беру сапасын сыртқы және ішкі қамтамасыз ету жүйесін реттеуге бағытталған Сапаны қамтамасыз етудің ұлттық моделі қалыптастырылғанын атап өтті. Қажеттілікті анықтау әдістемесін жаңарту, Жаңа кәсіптер атласын масштабтау, еңбек нарығын форсайттық болжау бойынша жұмыс басталды. Медицина қызметкерлеріне үздіксіз кәсіптік білім беруді жетілдіру туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ж.Қ. Бүркітбаев баяндады. Министрлік сала мамандарын даярлауды қамтамасыз ету үшін сертификаттау курстарының тізбесін кеңейтуді, дәрігерлерге біліктілік деңгейін беру және оны растау тәртібін айқындауды, формалды, формалды емес және қосымша медициналық білім беруді қайта есептеу жүйесін әзірлеуді жоспарлап отыр. 2022-2023 жылдар кезеңінде денсаулық сақтау саласының 284 кәсібі бойынша 57 кәсіптік стандарт әзірлеуді, жаңартуды және бекітуді жоспарлауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О.Т. Ордабаев Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру туралы айтып берді. Ол экономиканы цифрландыру қазіргі заманғы еңбек нарығының ерекшелігі екенін атап өтті. Бұл жағдайда жұмысшылардың озық технологиялық дамуға жауап ретінде жаңа дағдылар мен біліктіліктерді үнемі және мүмкіндігінше тез игеруі өте маңызды болып табылады. Біліктілікті тану, сондай-ақ қызметкерлерді өз құзыреттерін жетілдіруге ынталандыру мәселелерін шешу үшін «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы әзірленді, қазір ол Парламент Мәжілісі депутаттарының қарауында. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Г.Т. Шакуликова университеттің қызметімен таныстырып, мұнай-газ кешенінің кадрларын даярлаудағы проблемаларды, сондай-ақ қабылданып жатқан шешімдерді атап өтті. «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Л.Ж. Ахмурзина кәсіптік стандарттарды жетілдіру, атап айтқанда еңбек функцияларының немесе түлектердің немесе қызметкерлердің біліктілігін тану үшін жеткілікті болуға тиіс білім мен дағдылардың тізімін нақтылау қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, баламалы білімді тану тетігін әзірлеу ұсынылды. «Университет 4.0» моделіне (өнеркәсіппен және оның айналасындағы қауымдастықтармен тығыз байланысты сыртқы әлемге бағдарланған экологиялық университет) көшуге мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру қажеттілігі, студенттер мен ғалымдар зерттеу жүргізіп, оқытып, өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізе алатын жоғары оқу орындарының жанынан технопарктер құру өзектілігі жөнінде Astana IT университетінің профессоры Ш.А. Есімова ұсыныс жасады. Отырысты қорытындылай келе, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова қазақстандық жоғары оқу орындарының рөлін қайта бағалауға, оларды ғылымды қажетсіну жағына қарай дамытудың нақты стратегияларын әзірлеуге, бизнес-ортаның, еңбек нарығының жоғары оқу орындарымен байланысын орнатуға, кәсіптік стандарттарды жетілдіруге баса назар аударды. Сонымен қатар, барлық пікірлер мен ұсыныстар бейінді министрліктің одан әрі жұмысында және Комитет жұмысында ескерілетіні атап өтілді.
18.10.2022

2022 жылғы 18 қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасы талқыланды.

Әлеуметтік кодекстің жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. К. Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің тұсаукесері барысында кодекстің екі – жалпы және ерекше бөліктен тұратынын атап өтті. Жалпы бөлімде мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеу негіздері белгіленетін болады. Ерекше бөлім әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлеріне арналады, онда оларға әрекет ету шаралары, әлеуметтік көмек алушылардың санаттары, төлемдердің мөлшері және оларды тағайындау шарттары айқындалатын болады. Әлеуметтік кодекс бюджеттен де, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да бүгінгі күні қолданылып жүрген барлық әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау нысандарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік кодекстің жобасы жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен түрлі алаңдарда талқыланды. Қажетті рәсімдер өткеннен кейін Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін болады.
19.04.2022

2022 жылғы 19 сәуірде«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың және елдің мәдени әлеуетін дамытудың кейбір мәселелері туралы»тақырыптық отырыс өтті.

Отырысқа мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым вице-министрлері, облыс және қала әкімдіктерінің өкілдері, осы саладағы мамандар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын айқындады. Отырысты ашқан Комитет төрағасы Д.Н.Нұрманбетова цифрлық технологиялар ғасырында тарихи-мәдени мұраны сақтау мен жаңғырту ерекше өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері тіркелген, олардың 12 мыңға жуығы тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесіне ие. 2019 жылы алғаш рет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заң қабылданды, бұл осы салада орын алған бірқатар проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Уақыт пен жаһандық трендтер үнемі жаңа тәсілдер әзірлеуді талап етеді. Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша мамандар – реставраторларды, антропологтарды және т.б. мамандарды даярлау, тарих ескерткіштеріндегі реставрациялау жұмыстарының сапасын арттыру, тарихи-мәдени мұра объектілеріндегі инфрақұрылымды жақсарту және басқа да көптеген өзекті мәселелер, олар қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, шешуді қажет етеді. Мәдениет және спорт Вице-министрі Н.М. Дәуешов дүниежүзілік және Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсатында еліміздің әртүрлі өңірлерінде республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын нысанында 12 музей-қорық құрылғанын хабарлады. Мұражай-қорықтардың мақсаты – ескерткіштерді қорғау ғана емес, сонымен қатар қазіргі тенденциялар аясында олардың туристік тартымдылығын танымал ету. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылы тарихи-мәдени мұра объектілеріне келушілер саны 2,5 млн-ға артты, ұйымдастырылған көпшілік шаралардың саны 1000-нан асты, өткізілген экскурсиялар саны 1,5 млн. адамды құрады. Мұражай-қорықтардың қарамағындағы объектілерді насихаттау, сақтау, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмыста олардың инфрақұрылымдарын дамыту маңызды болып табылады. Мысалы, 2019-2020 жылдары «Отырар», «Таңбалы», «Ұлытау» музей-қорықтарының сапар-орталықтарының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, сапар-орталықтарда музейлендіру жүргізілді. 2021 жылы Ордабасы жерінде қазақ елі бірлігінің символы тектес болған «Ордабасы», ежелгі Алтын Орда қалашығының аумағында «Сарайшық»сапар-орталықтарының құрылысы басталды, оларды ағымдағыжылы аяқтау көзделген. Сондай-ақ, ауқымды жобалардың біріотандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, «Отырар ежелгі қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы жалғасын табуда. «Отырар» қалашығында қайта жаңғырту, дамыту бағытында 10 тарихи-мәдени мұра объектілерінде жұмыстар іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы археологиялық ескерткіштерді қорғау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінде қойылған міндеттерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынды: -Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени объектілерінің мемлекеттік электрондық тізілімін жасау, жүргізу: әрбір ескерткіштің өз паспорты және сақталу жағдайы туралы мәліметтер болуы тиіс; - тарихи-мәдени объектілерді қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік бақылауды күшейту; - тарихи-мәдени сараптаманың жаңа Ережелерін бекіту; - арнайы жоба түрімен, реституция мәселесімен үнемі айналысатын команда құру. «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры М.С. Бигелдиев Республикалық маңызы бар 24 объектіде, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 9 объектісінде, Ежелгі Отырар қалашығының 10 объектісінде реставрациялық және консервациялық жұмыстар жүргізілгені туралы баяндады. «Петроглифтер аңшылары» тобының үйлестірушісі О.Н.Гумирова Қазақстанда Киелі ескерткіштер картасы бар екенін атап өтті. Бұл өте қажет және пайдалы жоба. Оның жалғасы Қазақстан аумағындағы барлық археологиялық ескерткіштерді олардың қорғау аймақтарымен электрондық картаға түсіру және оны кадастрлық картамен біріктіру болуы мүмкін. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің басым көпшілігі қағаз жүзінде ғана қорғалады. Олардың едәуір бөлігі елді мекендерден алыс жерлерде орналасқан. Әсіресе осал жағдайда-жартастағы суреттер. Мәдени және археологиялық мұраны сақтаудың бір нұсқасы шетелде бұрыннан қолданылып келеді. Мұндай нысандардың аумағында шағын археопарктер, соның ішінде жеке парктер құрылуда. О.Н. Гумирова көшпенділер әлемімен танысу үшін Талдықорған қаласына жақын орналасқан Ордакүл және Арқарлы тауының аумағында Самен кентінің жанында шағын археопарктер ашуды қарастыруын ұсынды. Депутаттар мен жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, еліміздің мәдени әлеуетін одан әрі дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтты. Отырысты қорытындылай келе, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н.Нұрманбетова барлық пікірлер, ұсыныстар мен ескертулер министрліктің алдағы жұмысында және Комитеттің жұмысында ескерілетінін атап өтті.
29.03.2022

Жетінші сайланған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің екінші сессияға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда «Инклюзивті қоғамды құру мәселелері туралы» тақырыбында Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс жұмысына депутаттармен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері қатысты. Zoom платформасы арқылы 150-ге жуық адам қатысты, оның ішінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, «Қазпочта» АҚ-ның, облыс әкімдіктерінің өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, санаторий-курорттық мекемелер. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова отырысты аша отырып, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында (2019 жылғы 2 қыркүйек) мемлекеттің ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау міндетін атап өткенін ескерді. Қазіргі уақытта Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясын ратификациялады. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қолданылады. Ж.Н. Нұрманбетова атап өткендей, өткен жылы инклюзивті білім беру туралы Заң қабылданды. Ол ерекше білімге қажеттілігі бар адамдар үшін білім беру саласында мемлекеттік кепілдіктер белгілеуге, олардың өзін-өзі жетілдіру және барлық деңгейлерде оқуын жалғастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөнінде заңдар қабылданды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың Парламентте өкілдік етуі үшін оларға алғаш рет квота белгіленетін заңдар қабылданды. Депутаттар алдында мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивті қоғам мәселелері туралы негізгі баяндаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сакеев жасады. Баяндамашының айтуынша, бүгінгі күні республикада 690 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 400 мыңнан астамы (60,0%) еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 180 мыңнан астамы (25,9%) зейнеткерлік жастағы адамдар, 90 мыңнан астамы (14,1%) 18 жасқа дейінгі балалар. Р.К. Сакеев өз сөзінде «Әлеуметтік қызметтер порталының» жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды. - Бүгінгі күні Порталда 17 мыңға жуық өнім беруші тіркелген. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 2021 жылы 7,8 млрд. теңгеге оңалту және техникалық құралдары, ағымдағы жылдың үш айында 1,6 млрд. теңге сомасына оңалту және техникалық құралдары іске асырылды. Портал қызметтерін 324 мың мүгедектігі бар адам, оның ішінде 6,9 мың мүгедектігі бар адам – ымдау тілі қызметтерін, 33,5 мың мүгедектігі бар адам – жеке көмекшінің қызметтерін және 61 мың мүгедектігі бар адам – санаторий-курорттық емделуді пайдаланды, - деп вице-министр баяндады. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру саласын дамыту туралы Білім және ғылым вице-министрі Ғ.Б. Бейсембаев хабардар етеді. Вице-министрдің айтуынша, Министрлік мүмкіндігі шектеулі балалардың қолжетімді білім алуға құқықтарын кемсітусіз және мүмкіндіктер теңдігі негізінде іске асыру шеңберінде кешенді шаралар іске асыруда. Баяндамашының айтуынша, ПМПК қорытындысы мен ұсынымы негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары отырысының негізгі құзыреттерінің бірі педагог-ассистенттің 1 тоқсанына тағайындау болып табылады. Педагог-ассистентті қолдауға одан әрі қажеттілікті ПМПК айқындайды. Яғни, бала көмекші мұғалімнің сүйемелдеуімен қажеттілікті растау үшін ПМПК-да тексеруден өтуі керек. Ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 25 мамырына дейін жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың көлемі мен мазмұны арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес келеді. Сонымен қатар, Ғ.Б. Бейсембаев Министрлік 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізетінін айтты. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көлемі білім беру процесі шығыстарының нормасын және мүмкіндігі шектеулі бір балаға айына білім беру ортасы шығыстарының нормасын қамтитын болады. Айына бір оқушыға арналған білім беру ортасының нормасы үш есе көбейтілген ең төменгі есептік көрсеткішті қамтиды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тұрақты мониторинг жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік тапсырыстағы негізгі сәт әлеуетті жеке ұйымдардың бекітілген тізбесінен жеке ұйымның ата-анасын өз бетінше таңдау болып табылады. «Балаға ақша» қағидасы қолданылады. Сонымен қатар, мүгедек адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.С. Камалиев айтып береді. Баяндамашының айтуынша, темір жол көлігінде бүгінгі күні 136 темір жол вокзалы Ұлттық стандарт талаптарына толық сәйкес келтірілді, онда жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген. Жолаушылар пойыздарына келетін болсақ, 44 маршруттың құрамында 98 бірлік мамандандырылған купе вагондары жүреді. Көліктік қолжетімділік деңгейін арттыру үшін жыл сайын мамандандырылған жолаушылар вагондарын сатып алу жүзеге асырылады. «Қазақстан темір жолы» АҚ мүгедектігі бар барлық топтағы адамдарға, сондай-ақ мүгедек балаларға әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүруге 50% жеңілдік белгілеген, ал «Тұлпар-Тальго» мамандандырылған орындарына билеттерді ресімдеу 70% жеңілдікпен жүргізіледі. «Автомобиль көлігі туралы» Заңында автобустарды мүгедек үшін арналған құрылғылармен жабдықтау бойынша талап көзделген. Бүгінгі күні 38 автовокзал мен 113 автостанция жұмыс істейді, олардың ішінде жергілікті әкімдіктердің ақпараты бойынша 32 автовокзал мен 97 автостанция мүгедектер үшін қолжетімділік талаптарына жауап береді. Сондай-ақ, ел өңірлерінде жалпы мамандандырылған 375 бірлік автопаркі бар 119 инватакси қызметі жұмыс істейді. Азаматтық авиация саласында авиакомпаниялар да мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар үшін жағдай жасау жөніндегі талаптарды сақтайды. Атап айтсақ, бүгінгі күні еліміздің барлық әуежайлары арнайы тұрақ орындарымен, дәретхана бөлмелерімен жабдықталған, сондай-ақ әуежайда кедергісіз қозғалу мүмкіндігі, медициналық көмектің болуы және қол жетімділігі көзделген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қазіргі уақытта құрылыс қызметінің барлық кезеңдерінде мүгедек адамдар үшін нормаларды сақтау көзделген. Объектілерді қабылдау кезінде мүгедек адамдар үшін қолжетімділікті растау бойынша әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп олардың өкілдерінің қатысуы көзделген. Қоғам өкілдері де өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, САТР орталығының директоры Роза Сүлейменова денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, сондай-ақ оларды лицензиялау мәселелерімен айналысатын оңалту орталықтарының қызметіне назар аударды. «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманский мүгедектерді жеке автокөлікпен қамтамасыз ету және оларды сатып алу мәселесін көтерді. Сөзін жалғастырған «Мейірім-Бурабай» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанат Байбұров инватакси қызметі туралы мәселені айтты. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин есту, көру, неврология бойынша мүгедектік тәуекелдері бар тәуекел тобындағы балаларды анықтау бойынша скринингтердің және үш жасқа дейінгі бала туғаннан кейін ерте араласудың болмауы туралы айтып кетті. Сондай-ақ офтальмологтар, сурдологтар, неврологтар және басқа да мамандар қатарындағы кадрлардың тапшылығы, ел өңірлеріндегі материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігі туралы айтты. Павлодар қаласынан мүгедек балалардың анасы М. Романцова ақыл-ой кемістігі бар балалардың проблемалары туралы айтып берді, атап айтқанда, ол мектептердің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімделген оқу бағдарламаларымен жеткіліксіз жабдықталғанын, тьюторлардың жетіспейтіндігін, өңірде ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған оңалту орталықтарының жоқтығын атап өтті. «Біздің БЦП коды» ҚБ-нің төрайымы Л. Саутова және Е. Берет оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз ету және олардың сапасы мәселелерін көтерді. Шығыс Қазақстан облысы облыстық мәслихатының депутаты И. Смоляков Әлеуметтік қызметтер порталын көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін бейімделмегені туралы мәселені көтерді. AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығының төрайымы Н. Балтабайқызы мүгедек адамдардың құқықтары бойынша, оларға деген толерантты көзқарас бойынша қоғамда ақпараттың жоқтығы туралы айтып берді. Аталған мәселе бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Ә. Омарбекова қосымша баяндама жасады. - Бүгінде Қазақстанның алдында тұрған инклюзивті қоғам құру мәселелері жүйелі түрде қайта жандандыруды, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл мен сындарлы әріптестікті күшейтуді талап етеді. Инклюзивті қоғам құру жөніндегі проблемаларды шешу және Конвенция баптарын тиімді қолдану үшін үш тәуелсіз орган – жетекшілік ететін орган, үйлестіруші орган және бақылаушы орган құру қажет. Олай болмаған жағдайда, Конвенция тиісінше жұмыс істемеуі мүмкін, - деді депутат. Сондай-ақ, депутат Қазақстанда қаржылық инклюзияны ілгерілету қажеттілігі, инклюзивті туризм, санитарлық-курорттық емдеу, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері туралы мәселелерді көтерді. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары салалық министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар мен ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, комитет хатшысы Д.Қ. Мыңбай мүгедек адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі мәселесін көтерді. И.В. Смирнова сатып алулар мен жеткізілімдерді портал арқылы жүзеге асыруды реттеу және бақылау, сондай-ақ осыдан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәселені көтерді. А.Ә. Сарым кедергісіз орта бойынша: көпірлерге, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, метроға және т.б. шығатын лифтілерді пайдалану мүмкін еместігіне қатысты мәселені айтты. Л.П. Павловец Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің сандық автоматтандырылған деректер базасын іске қосудың нақты мерзімдері туралы. Депутат А.Д. Әлтай иппотерапия Қазақстанның қай өңірлерінде қолданылатынын, сондай-ақ ауылдан шыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға республикалық оңалту орталықтарында емделуге квота беру мүмкіндігі туралы сұрады. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл интеграциясының жоқтығы, оңалту орталықтарының қызметі, оңалтудың жеке жоспарлары туралы мәселелерді Ә.М. Әбсеметова, Г.А. Нұрұмова және З.А. Камасова қозғады. Депутаттар мен қоғам өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, инклюзивті қоғам құру бойынша сындарлы ұсыныстар айтты. Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар берілді, соның ішінде: - мүгедек адамдардың барлық санаттары үшін Әлеуметтік қызметтер порталының сапалы жұмысын қамтамасыз ету; - мүгедек адамдарға сапалы тауарларды уақтылы жеткізу тетігін көздеу; - Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспардың негізгі бағыттарын қайта қарау; - мүгедек адамдардың проблемаларын кешенді шешу бойынша барлық мүдделі адамдарды ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; - мүгедек адамдарды санаторий-курорттық емделуге жіберу үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдердің тізбесін жазу; - ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау кезінде білім беру ұйымдарының қадамдық іс-қимылдарын әзірлеу және бекіту; - құрылыс нормалары мен ережелерін ПМПК ғана емес, сонымен қатар түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының орналасуын ескере отырып қайта қарау; - скрининг нәтижелерін және «тәуекел» тобындағы балаларды ПМПК-ға жіберу бойынша мәселені дереу шешу. Мемлекеттік органдар тарапынан өзінің жедел шешімін талап ететін осы мәселелердің барлығы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді шешуге ықпал етуі тиіс.
07.12.2021

2021 жылдың 7 желтоқсанында бейне-конференц байланыс режимінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару институтын дамыту туралы» тақырыбында Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Білім және ғылым, Денсаулық сақтау вице-министрлері, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің лауазымды тұлғалары, корпоративтік басқару енгізілген жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдардың басшылары мен корпоративтік хатшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары қатысты. Біздің елімізде тәуелсіздік жылдары жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, оның ішінде корпоративтік басқаруды енгізу арқылы кеңейту бойынша жүйелі шаралар кешені қабылданды. Жоғары оқу орындарын басқару процесін жетілдіру негізгі міндет болып табылады, оны шешу жаһандық мақсатқа – білім беру сапасын қамтамасыз етуге қол жеткізу бойынша жоғары оқу орындарының ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 2018 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, бұл заңмен ЖОО-ларға академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша мүмкіндіктер берілді, сондай-ақ, ЖОО-ларды коммерциялық емес ұйымдарға қайта құрудың икемді тетігі көзделді. Заңнамалық шаралар қабылдау нәтижесінде 36 мемлекеттік жоғары оқу орны коммерциялық емес Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды. Бұдан басқа, 3 ЖОО мемлекеттің 100% қатысуымен акционерлік қоғам нысанында, біреуі - дербес білім беру ұйымы түрінде құрылды. Бүгінгі таңда 2 медициналық орталық (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы) корпоративтік басқаруды енгізді. Тағы 3 медициналық орталық Назарбаев Университетінің басқаруына берілді. Корпоративтік басқару органдарын дамыту жоғары оқу орындарының басшы құрамын тағайындау мен босатудың жаңа тетіктерін енгізуге, олардың өкілеттік мерзімін айқындауға, қоғамға есеп беру практикасын енгізуге және ашық бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Отырыста білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару институтын дамыту, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер шеңберінде, директорлар Кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорларға мүшелік бойынша заңнамалық нормаларды сақтау, жоғары білікті Тәуелсіз директорларды тарту, корпоративтік хатшылардың әлеуетін жеткіліксіз іске асыру және басқа да мәселелер талқыланды. Отырыста сөз сөйлегендер: -Білім және ғылым вице-министрі Қ.А. Ерғалиев; -Денсаулық сақтау министрлігі Аппарат басшысы Б. С.Әбділдин; - «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Досқалиев Ж. А.; - «Назарбаев Университеті» ДББҰ жоғары білім беру мектебінің деканы Сағынтаева А. К.; - медицина жөніндегі вице-президент, «Назарбаев Университеті» ДББҰ медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли; - «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысы А. С. Киздарбекова; - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Төралқасы жанындағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі Ұлттық Кеңестің төрағасы Е. С. Никитинская; - АНД кәсіби директорлар қауымдастығының тәуелсіз директоры (Ресей) Ярвиц А. А.; - NACG ұлттық корпоративтік басқару Академиясының академиялық кеңесінің төрағасы Б. Ж.Әбдірайым; - «Satbayev University» КеАҚ ректор-басқармасының төрағасы М. М. Бегентаев. Отырыс аяқталғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жіберілетін ұсынымдар әзірленді. Тақырыптық отырысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Ж. Н. Нұрманбетова жүргізді.
18.05.2021

2021 жылғы 18 мамырда бейне-конференция байланысы режимінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру шеңберінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Бұқаралық және балалар спортын дамыту – саламатты ұлтты қалыптастыру негізі» атты кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым вице-министрлері, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты. Отырысты аша отырып, Комитет төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова басты назарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жалпы ұлт денсаулығын нығайту бойынша алға қойған міндеттеріне: барлық жас топтарын тартуға, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге аударды. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева халық арасында бұқаралық спортты дамытудың, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігін және спортты дамытудағы елеулі нәтижелерді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы хабарлады, сондай-ақ ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік спорттық тапсырыс тетігін енгізу көзделетін ҚР Заңының қабылданғанын атап өтті. Баяндама жасаған Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Т. Қожағапанов Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бойынша, атап айтқанда, бұқаралық спортты одан әрі дамыту және әлемдік спорт аренасында жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан негізгі шараларды белгіледі. Спорттық инфрақұрылымды құру және оның халыққа, соның ішінде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында балаларға қолжетімділігі, сондай-ақ қаржы қаражатын кәсіпқой спорттан бұқаралық спортқа қайта бөлу туралы әкімдердің орынбасарлары А.Н. Нүкенов және А. Мархабат сөйледі. Мектеп спорты федерациясының бас директоры З.Н. Ақан өз сөзінде мектептердегі спорттық тәрбиелеудің, спорттық мүкәммалмен материалдық жабдықтаудың және мектептердегі спорттық клубтар мәртебесінің өзекті мәселелерін көтерді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында бұқаралық спортты дамытудың қазіргі жай-күйі мен перспективалары туралы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Н.Т. Үлжекова сөйледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саинның, сарапшы С.Ш. Мұстафаевтың, депутаттар В.А. Ким мен Д.Қ. Мыңбайдың сөздері тыңдалды. Депутаттар және жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, бұқаралық және балалар спортын одан әрі дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтты. Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар берілді, оның ішінде: - мемлекеттік спорттық тапсырысты барлық жерде сапалы енгізу; - ересек тұрғындарды спорттық инфрақұрылымды дамытуға тарту; - дене шынықтыру-спорт кешендерінің құрылысын аяқтау мерзімдері; - бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нұсқаушыларымен кадрлық қамтамасыз ету; - мектептерді спорттық мүкәммалмен толықтыру нормативтерін қайта қарау және спорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдар тарапынан жедел шешуді талап ететін барлық осы мәселе Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді шешуге ықпал етуге тиіс.
04.05.2021

2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Әлеуметтік кодекс жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына депутаттар – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Е.В. Смайлов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева құттықтау сөз сөйледі. ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж. Шапкенов Әлеуметтік кодекске енгізілуі жоспарланып отырған негізгі тәсілдермен таныстырды. Әлеуметтік кодексті әзірлеудің мақсаты азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады, – деді Министр. Әлеуметтік кодекс жобасында: 1) азаматтар өмірінің сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық негізді құруға; 2) әлеуметтік төлемдерді жүйелеу және әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету арқылы әлеуметтік саланың дамуын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қабылданады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Әлеуметтік кодексте мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: - мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы және сараланған тәсілі; - әлеуметтік тәуекелдердің профилактикасы және олардың алдын алу; - экономикалық ресурстар мен әлеуметтік саясат міндеттерінің шамалас болуы. Жалпы бөлікте мемлекет пен азаматтың өзара міндеттемелерін нақты айқындай отырып, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастарды құқықтық реттеудің негіздері белгіленетін болады. Біріншіден, ең төменгі әлеуметтік стандарттар және адамның тіршілік әрекетінің барлық саласындағы, оның ішінде: * білім беру саласындағы; * денсаулық сақтау саласындағы; * мәдениет және спорт саласындағы өзге де базалық құқықтары мен міндеттері. Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі, азаматтар мен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары. Кодекстің Ерекше бөлігі әлеуметтік тәуекелдердің жекелеген түрлеріне арналады, онда алушылардың санаттары, төлемдердің мөлшері, оларды тағайындау шарттары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға ден қою шаралары айқындалады. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік институттардың құқықтық мәртебесі регламенттелетін болады. Депутаттар, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасы бойынша өз пікірлерін білдірді, олар азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Қойылған міндеттерге байланысты әлеуметтік заңнаманы жүйелеу мен ықпалдастыру тұтас құжат құратындай, жаңа қатынастар, жаңа тиімді институттар енгізетіндей етіп оны кодтау қажет. Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрайымы, депутат Ж.Н. Нұрманбетова Кодекс біртұтас жүйеге ретінде құрылуға тиіс екенін атап өтті. Онда әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғауға арналған азаматтардың барлық базалық құқықтары ашылуға тиіс, отбасылардың көмекке, әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығын айқындаудың нақты критерийлері әзірленуге тиіс, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін бірыңғай көрсеткішті айқындау қажет. Тұтастай алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесі «барлығы адам үшін» қағидаты бойынша құрылуға тиіс.
16.03.2021

VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері: білім беру процесін жаңғырту мен колледждердің техникалық жарақтандырылуы» Комитеттің кеңейтілген тақырыптық отырысын өткізу көзделген.

2021 жылғы 16 наурызда Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері: білім беру процесін жаңарту және колледждерді материалдық-техникалық жарақтандыру» атты кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті. Отырысқа Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева, Комитетке мүше депутаттар, Палатаның басқа комитеттерінің депутаттары И.В. Смирнова мен Ж.Т. Телпекбаева, Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспанов, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары О.Т. Ордабаев, министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің және өңірлердің білім беру мен денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ колледждердің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыста елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйі, оны дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды одан әрі шешу жолдары талқыланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жан-жақты дамуына ерекше назар аударылуда. 2017 жалдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның шеңберінде жыл сайын 21 мың жастар жұмыс мамандықтарына оқытылуда. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында 2017 жылдан бастап 300 мыңнан астам адам техникалық және кәсіптік оқумен қамтылды, олардың 80%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан, NEET санатындағы жастар үлесінің деңгейі 9,5%-дан (2016 ж.) 7%-ға дейін (2019 ж.) төмендеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында техникалық және кәсіптік білім беруде академиялық дербестікті енгізу, еңбек нарығының перспективаларын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Осыған орай, «ТжКБ бар кадрларды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды және ауыл жастарын даярлауға 2020-2021 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жөніндегі» Жол картасы іске асырылуда. Оның аясында мемлекеттік тапсырысты жергілікті бюджеттен жыл сайын 2%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. 2021 жылдан бастап колледждерге қабылдаудың жаңа форматы «студентке арналған ақша» қағидаты бойынша енгізілуде. Осыған байланысты, колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдауды білім туралы (аттестат, куәлік) құжаттың міндетті және бейінді пәндерінің бағалары бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, олар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберілетін болады.
11.04.2019

2019 жылғы 11 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жұмыс жоспарын іске асыру аясында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның өзектілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту және рухани дамуы мәселелеріне қатысты сөздері мен мақалаларында бірнеше мәрте көтерілген «тілімізді терминологиялық тұрғыдан халықаралық деңгейге жақындату» қажеттілігіне негізделген. Отандық терминологияның маңызды мәселелерін қазақ тілін дамыту және байыту тұрғысында талқылау Парламент Мәжілісінде оқылған баяндамалар мен сөйленген сөздердің басты тақырыбына айналды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, ғалым-терминолог, профессор Ш.Құрманбайұлы заманауи терминдерді қалыптастыру қағидаттарына, салалық терминдерді біріздендіру мен жүйелеу мәселелеріне баса назар аударып, жаңа қазақ әліпбиі негізінде терминдерді қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттілігіне тоқталды. Пікірталас барысында аударма саласындағы қордаланған мәселелерге де баса назар аударылды. Атап айтқанда, Жоғарғы соттың судьясы Б.Мақұлбеков, Мәжіліс депутаты А.Смағұлов және заң ғылымының басқа да өкілдері заң жобаларындағы жұмыстардың сапасына ықпал ететін заңнама терминдері мен ұғымдарының дәл аударылмау фактілерін атап өтті. Еліміздегі танымал ғалымдар атсалысып жатқан «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру барысындағы Ұлттық аударма бюросының тәжірибесі туралы Р.Кенжеханұлының баяндамасы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Депутат С.Абдрахманов ақпараттық кеңістікте жаңа терминдерді дұрыс қолданудағы журналистердің жауапты міндетіне баса назар аударды. Сонымен қатар конференцияны бірлесе ұйымдастырушы ретінде Тіл саясаты комитетіне ҚР Үкіметі бекіткен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дер кезінде және сапалы орындау мәселесін назардан тыс қалдырмауды ұсынды. Конференцияны қорытындылай келе, Комитет хатшысы депутат Б.Мамраев қазақ терминологиясын біріздендіру жұмыстары ғылыми сүйемелдеуді, сондай-ақ Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің жүйелі де тиімді өзара әрекеттестігін күшейтуді талап ететіндігін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының мүшелері, жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша мемлекеттің тіл саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған қарар қабылданды.
18.01.2019

2019 жылғы 18 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген тақырыпта Түркістан облысында көшпелі отырысы өтті.

Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары- Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшелері, Түркістан облысы әкімдігінің басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, қоғам, мәдениет ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылары қатысты. Отырыс шеңберінде тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары бойынша мәселелер қаралды. Отырыста ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Г.И., ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова А.Р., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абдрахманов С.А., Түркістан облысының әкімі Түймебаев Ж.Қ., ҚР БҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Байтанаев Б.Ә., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице президенті, профессор Женгиз Томар сөз сөйледі.
11.12.2018

Қазақстанның Допингке қарсы заңнамасы: проблемалар және оларды шешу жолдары

Астана – 11 желтоқсан сағ 10.00-де Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің «Қазақстанның допингке қарсы заңнамасы: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Жекелей алсақ, допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін арттыру мәселесі қаралды. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков қатысты. «Қазіргі таңда допингті пайдалану әлемдік спорттық қозғалыста ең өзекті проблема. Допингтен келетін қауіптің ауқымдылығын түсініп, біз оны жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты түрде өткізіп отыруымыз қажет. Дәрілік заттарды бақылаусыз пайдалану халықаралық, сондай-ақ ұлттық деңгейде оған қарсы шаралар қабылдау қажеттелігін туындатты. Халықаралық деңгейде допингке қарсы іс-әрекетті ұйымдастырудың маңызды рөлі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке (World Anti-Doping Agency – WADA) жүктелсе, ал ұлттық деңгейде оны бақылау міндетін Ұлттық допингке қарсы орталық атқарады. Жыл сайын Ұлттық допингке қарсы орталық 3000 биосынамаларды жинайды. Жиналған сынамалардың негізінде 2013 жылы 13 спорт түрінен 47 оң сынама, 2014 жылы 17 спорт түрінен 36 оң сынама, 2015 жылы 12 спорт түрінен 32 оң сынама, 2016 жылы 18 спорт түрінен 71 оң сынама анықталған. 2017 жылы 15 спорт түрінен 27 оң сынама, 2018 жылдың 11 айында 17 спорт түрі бойынша 45 оң сынама анықталған. Қазақстандық спортшылардың сынамалары Германияның Дрезден қаласында тексеріледі.»,- деді Сәкен Жүнісбекұлы. Сонымен қатар, ол заң жобасында көрсетілген допинг пайдаланғаны үшін спортшыға қатысты қолданылатын санкциялар туралы айтты. «Ең алдымен, біз допингті пайдаланғандар үшін әкімшілік жазаны қатаңдатып жатырмыз. Жоғарыда айтылғандарға орай, қолданыстағы заңнамаға спортшыға допинг тағайындаған тұлғаға қатысты допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Сондай-ақ, допинг пайдаланғаны үшін жарыстан шеттету, спорттық атағынан айыру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған тұрғын үйден айыру, спортшыларды, бапкерлерді спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамынан шығарып тастау көзделеді.» Сонымен қатар, вице-министр, Спортшылардың Допингке қарсы Зертханасының жұмысын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, Дүниежүзілік Допингке қарсы Агенттік Спортшылардың Допингке қарсы лабораториясының аккредитациясын қайтарып алған болатын. Басты себеп, материалдық, техникалық базаның, кадрлық потенциалдың халықаралық талаптарға сай болмауы. Бүгінгі күні біз құжатты қайтару бойынша жұмысты қарқынды жүргізіп жатырмыз. Бұл біраз уақытты алады. Біз қазір арнайы Жол картасын әзірледік. Бұдан басқа, жеке тұрған ғимарат зертхана үшін жалға алынды. Іске қосу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Дүниежүзілік Допингке қарсы Агенттіктің ескертулерін жою бойынша іс-шараларды өткізгеннен кейін, Министрлік Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірлесіп, зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті қайтару жөнінде өтініш жасайды.» Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 14 қарашасында Әзірбайжанның Баку қаласында Спортшылардың Допингке қарсы зертханасына Дүниежүзілік Допингке қарсы лабораториясының аккредитациясын алу бойынша кандидаттыққа түсуге рұқсат берілді. Анықтама үшін: Ұлттық Допингке қарсы орталық өз жұмысы кезінде қазақстандық спортшылардың 18 000 биосынамасын алған. Спортта тиым салынған дәрілерді қолданған 150 жағдай тіркелді. Өз кезегінде, олар жарыстардан шеттетіліп, допинг дауына ілікпеді.
06.12.2018

2018 жылдың 6 желтоқсанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі кеңейтілген отырысы өткізілді.

2018 жылдың 6 желтоқсанда М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі кеңейтілген отырысы өткізілді.
27.11.2018

2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландырудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында ғылымның өндіріспен және бизнеспен өзара байланысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
13.11.2018

2018 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелерінің алдында Комитеттің кеңейтілген отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының м.а. Зейнеп Әбдіжүсіпқызы Мақсұтова «Аттестаттаудың жаңа ережелері бойынша педагогика қызметкерлерін аттестаттау қорытындылары» тақырыбында бойынша баяндама жасады.
12.06.2018

2018 жылғы 12 маусымда «Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту ерекшіліктері туралы» мәселені қарау жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері және Алматы қаласы мүгедектер мәселелері бойынша кеңесшісі -В.Ю.Алаев қатысты. В.Ю. Алаев депутаттарға мүгедектерді жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілерді қолдау және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жөніндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибе бойынша салыстырмалық талдау жасап баяндады. Бұл мәселені қарастыру барысында комитет-мүшелері - депутаттар тарапынан отырыстың тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды, сондай-ақ «Біз де еңбек жасауға құқымыз бар» атты жоба барысында жасалынған зерттеулер алдағы уақытта заң шығару қызметінде пайданылады деген ұсыныс айтылды. Талқыланған мәселе бойынша Комитет мүшелері - депутаттармен қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды, бірлескен отырыс нәтижесінде ұсынымдар бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінее жіберіледі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова отырысты жүргізді және нәтижесін қорытындылады.
05.06.2018

2018 жылғы 5 маусымда «Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері туралы» деген тақырыпта 2017 жылғы 17 наурызда өткен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің бірлескен отырысының қортындылары бойынша ұсыныстардың орындалуы туралы» мәселені қарау жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты. Негізгі баяндаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрі Н.Әлтаев жасады, ол өз сөзінде бұл ұсынымдардың негізгі бөлігі іске асырылғанын, ал кейбіреулерінің уәкілетті органның бақылауында екенің атап өтті. Талқыланған мәселе бойынша Комитет мүшелері - депутаттармен қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды, бірлескен отырыс нәтижесінде ұсынымдар бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінее жіберіледі. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
16.03.2018

2018 жылғы 16 наурызда, Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ Парламенттік тыңдауларды дайындау жөніндегі Арнайы уақытша комиссияның бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаев, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысу, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-1021 жылдарға арналған бағдарламасын 2017 жылы іске асыру қорытындыларын қарау және Мемлекет басшысының шағын несиелендіруді кеңейту туралы төртінші әлеуметтік бастамасын талқылау болды. Жұмыспен қамту орталығына бару барысында комиссияның мүшелері мен қатысушылары өзін өзіне қызмет көрсету аймағының, бірлесіп іздестірушілерді қолдау жөніндегі операциялық залының және жұмыс берушілерді қолдау залының жұмысымен танысты. Бұдан басқа, кездесу барысында Жұмыспен қамту орталығының директоры О.Қ. Омар «Электрондық еңбек биржасы» порталының тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ «Президенттің бес әлеуметтік басымдығын» іске асыру аясында шағын несиелендіруді кеңейту туралы» баяндамасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы А. С.Сарқұлов сөз сөйледі. Отырысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты А.Қ.Нұркина жүргізді.
02.03.2018

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шараларға сәйкес, Мемлекет басшысының алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау шеңберінде осы жылғы 2-3 наурызында Алматы қаласында Әлеуметтік мәдени даму комитетінің және «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша құрылған жұмыс тобы мүшелерінің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің және жұмыс тобының мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы әкімдігінің, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ кинематография саласындағы сарапшылар қатысты. Көшпелі отырыс Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрайымы бастамашылығымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында өткізілді. Депутаттар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамына шығармашылық ұжыммен және Қазақстан кинематографистер одағы өкілдерімен кездесу мақсатында барды.
27.02.2018

2018 жылғы 27 ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мәселелерін талқылау бойынша отырыс өтті.

Бұл отырысты өткізуде Комитет мүшесі, «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары Қауымдастығының төрағасы, депутат Б.Смағұл бастамашы болды. Отырыс жұмысында Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының және өзге де парламенттік фракциялардың мүшелері, Ауған соғысы және басқа да жергілікті қақтығыстарға қатысушы ардагерлер, ардагерлердің қоғамдық ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Ардагерлерді әлеуметтік қорғаудағы көкейкесті мәселелерін азаматтық қоғамның заманауи даму шарттарына бейімдеп ескере отырып, интернационалист жауынгерлердің барлық ардагерлер ұйымдарының ортақ өтініш-тілектеріне тоқталып депутат Б. Смағұл баяндамада жасады. Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ардагерлердің денсаулығын қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, сондай-ақ баспана мәселелерін шешу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы вице-министр С.Қ.Жақыпова баяндады, ал ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Таласов М. өз сөзінде жастарды әскери-патриоттық жағынан тәрбиелеу, оларды әскери қызметке дайындау, Қарулы күштердің тарихи ерліктері мен дәстүрлерін насихаттау мәселелері өзекті сипатта екенін атап өтті. Ардагерлер ұйымдары көтерген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсыныстарды енгізі үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Отырыс барысында депутаттар ардагерлердің әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдары көтерген өзекті мәселелерді жан-жақты қарады және талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Б. Мамраев отырысты жүргізді және нәтижесін қорытындылады.
20.02.2018

Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша «Нұр Отан» партиясы Фракциясының Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 20 ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің «Мұғалім мамандығының беделін арттыру» тақырыбындағы бірлескен отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, білім және ғылым, ақпарат және коммуникация министрліктерінің, білім қызметкерлері кәсіподағының, ата-аналар комитетінің өкілдері, жоғарғы оқу орны, колледждер басшылары және мектеп оқытушылары қатысты. Отырыста мұғалім мамандығының беделін арттыру туралы Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі Н.В. Жұмаділдаева және Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрағасы – Ш.Ә.Өтемісов баяндама жасады. Отырыс қатысушылары мұғалім мәртебесіне байланысты, педагогтардың негізгі функцияларымен байланысты емес қосымша міндеттерін азайту қажеттілігін, сондай-ақ, педагогикалық кадрларды даярлау, мұғалім мамандығының беделін арттырудағы, мектептің және ата-аналардың өзара ынтымақтастығы жөнінде БАҚ өкілдерінің жүйелі жұмысы және тағы да басқа мәселелер талқыланды. Отырыс барысында депутаттар мұғалім мамандығының беделін арттырудағы өзекті мәселелерді жан-жақты қарады және талқылады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Б. Мамраев отырысты жүргізді және нәтижесін қорытындылады.
26.01.2018

Осы жылғы 25-26 қаңтарда Атырау қаласында «Ана мен бала денсаулығын қорғаудағы проблемалар» тақырыбында Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Халықтың денсаулығын қорғау саласында негізгі бағыттардың бірі болып ана мен баланың денсаулығын қорғау қарастырылады және ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басымдықты міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау және нығайту міндеттері қойылды. Көшпелі отырыстың жұмысына Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, аудан әкімдері, ұлттық ғылыми орталықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының, медициналық ұйымдарының және Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Аймақта болған кезде, депутаттар облыстық перинаталдық орталықтың, облыстық балалар ауруханасының, облыстық аурухананың, Атырау қалалық перзентхананың және қалалық аурухананың жұмыс барысымен танысты. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Б. Мамраев қорытындылады.
12.12.2017

2017 жылғы 12 желтоқсанда «Сапалы инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» мәселені қарау жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Инвестициялар және даму министрліктерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ колледж басшылары қатысты. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш.Т. Каринова жасады. Отырыс барысында инклюзивтік білім бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Талқыланған мәселе бойынша Комитет мүшелері - депутаттармен қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
11.12.2017

2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Комитеттің және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: «Электрондық еңбек биржасы. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды ресімдеу бойынша шаралар». Көшпелі отырыстың жұмысына Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшелері және жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері қатысты. «Еңбек ресурстары дамуының орталығы» АҚ Президенті Д.Р. Арғандықов Электрондық еңбек биржасының тұсаукесерін өткізді. Қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды, депутаттардың өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды ресімдеу бойынша шаралар жөнінде көтерген сұрақтарына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенова жауап берді.
27.10.2017

Елбасының 2017 жылғы 4 қыркүйекте Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында берілген тапсырмасын орындау үшін Үкімет Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу алғышарттарын және халықаралық тәжірибені талдау жүргізді.

2017 жылғы 27 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін ауыстыру бөлігіне берілген ұсыныстарды қарау бойынша Әлеуметтік-мәдени даму Комитеттің отырысы өтті. Қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға медициналық көмек ұсынуды бастау мерзімі, амбулаториялық - емханалық көмек түрінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен құрылымы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті қаржы резервін қалыптастыру және кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеу қорына салық жүктемесінің мөлшері туралы мәселелер талқыланды. Отырыста Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетов және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқармасының төрайымы Е.Л.Бахмутова баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
03.10.2017

2017 жылғы 3 қазанда «Үкімет және жергілікті атқарушы органдары халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығы деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселені қарау жөнінде Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі - С.Қ.Жақыпова, Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми зерттеу орталығының директоры - М.М..Әденов, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы - В.М Безлер., Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы - М.К. Егізбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы -М.М. Отаршиевтер .сөз сөйледі. Республикадағы туберкулезге қарсы күрес қызметі бойынша талдау жасап депутат З.Ж.Аманжолова сөз сөйледі. Талқыланған мәселе бойынша Комитет мүшелері - депутаттармен қатысушылар арасында белсенді пікірталас болды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады
28.09.2017

2017 жылғы 28 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыстың жұмысына Мәжіліс депутаттары – жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік органдары мен ведомствалардың өкілдері қатысты. Депутаттар Ұлттық архивтің жұмысымен танысты, бір қатар автоматтандырылған электрондық технология, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімдерін және Ұлттық архив қорын пайдалану қызметін көріп шықты. Архив қызметкерлері «Тәуелсіз Қазақстан» деректі экспозициясы және «Рухани жаңғыру – болашаққа қадам» көрмесі бойынша экскурсия өткізді.
13.06.2017

2017 жылғы 13 маусымда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік ресурстарды жұмсау тиімділігін бағалау» атты тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ бір қатар мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімше басшылары қатысты. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі – Б.А. Асылова жасады. Отырыс барысында Білім беруді және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз ету мақсаттары талқыланды. Комитет отырысының қорытындысы бойынша өнделген ұсынымдарды депутаттар талқылады және қабылдады. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
08.06.2017

2017 жылғы 8 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Комитеттің:«Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің жай-күйі» атты тақырыбымен көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Денсаулық сақтау министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және өңірдің онкологиялық қызметінің басшылары қатысты. Бұл өңірде көшпелі отырыс өткізу себебі, ол Шығыс Қазақстан облысы онкологиялық науқастардың және осы аурудан қайтыс болғандардың саны жағынан елімізде алдыңғы орында, жалпы республикалық көрсеткіштен 1,5 есе артық. Семей қаласындағы сапар барысында депутаттар онкодиспансер жанындағы Радиологиялық орталықтың (Ядролық медицина орталығы) құрылыс объектілерінде және Мемлекеттік медициналық университеттің 1000 орындық жатақханасында болды, бұл объектілер көп жылдардан бері пайдалануға берілмей келе жатқан нысандар болып табылады. Сонымен бірге депутаттар, Өңірлік онкологиялық диспансердің жұмысымен танысып, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінің ғылыми лабораториясында болды, осы жерде Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста тақырып бойынша Мәжіліс депутаты З.Аманжолова, денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева, Семей қаласының Әкімі Е.Б. Сәлімов, Қазақ «Онкологии және радиологии» ҒЗИ директоры Д.Р.Қайдарова, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Т.К.Рахыпбеков, Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің бас дәрігері М.Н.Сандыбаевтар баяндама жасады. Отырыс барысында Қазақстан Республикасындағы онкологиялық қызметтің өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шара Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметі шеңберінде ұйымдастырылды. Отырыстың нәтижесің Комитет хатшысы, депутат Б.Мамраев қорытындылады.
30.05.2017

2017 жылғы 30 мамырда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Мүгедектерге көліктік және соған қосымша қызметтер көрсеткен кезде олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері: пайдалану, сервис, инфрақұрылым» атты тақырыбымен кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сарапшылар қатысты. Негізгі баяндаманы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Р.В.Скляр мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ.Жақыпова жасады. Отырыс барысында мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының көліктік инфрақұрылымға қол жетімділігі проблемалары талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар мүгедектер мен халықтың жүріс-тұрысы шектеулі тобыны инфрақұрылымдарға қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды ұсынды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
29.03.2017

2017 жылғы 29 наурызда комитет мүшелері, депутаттар З. Ж. Аманжолова., Ж.Н., Нурманбетова, Ж.Ә. Омарбекова және комитеттің Аппарат қызметкерлері Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдері, кеңесшілері және сарапшыларымен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.

Күн тәртібіне Қазақстан Республикасындағы балалардың әділдік пен теңдікке мән берумен бірге, ерте жетілуі мен ерте білім алу жүйесін бірлесіп бағалау бойынша мәселе қойылды. Бұл бағалау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктерінің ынтымақтастығы арқасында өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат – ол, даму мен білім беру бағдарламаларына кішкентай жастағы балалардың қол жетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берген жүйе деңгейіндегі өзгерістерді бағалау болып табылады. Талқылау барысында комитет-мүшелері - депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды, сондай-ақ бағдарлама бойынша одан әрі жұмыстар жөнінде және жоғарыда көрсетілген бағалау процессін өткізу барысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
17.03.2017

2017 жылғы 17 наурызда «Ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері жөнінде» тақырыбына арналған Комитеттің және «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономика саясаты жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

«Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономика саясаты жөніндегі кеңес төрағасы, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің хатшысы Б.Б. Мамраев отырысты ашып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Жолдауында қойылған еңбек нарығын жаңғырту жөніндегі кешенді міндет тұрғысынан қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығын атап өтті. Отырыс қатысушылары ішкі көші-қонның әдеуір өсуіне (25 %), елімізде шетел азаматтарының тіркелген санына (25 %) және олардың 2015 жыл мен былтырғы жылды салыстырғандағы құқық бұзушылық жасауына (5,9 %), сондай-ақ, заңсыз көші-қон мен азаматтардың, оның ішінде шет елдерге жоғары білікті мамандардың кетуі бойынша жағымсыз үрдістеріне назар аударды. Отырыс қатысушылары тұрғындардың жұмыс күші мол аймақтардан еңбек тапшылығы бар аймақтарға ерікті қоныс аудару бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін мемлекеттік органдарға ескерту жасады. Сонымен қатар, этнос қазақтарын қабылдаудағы заң рәсімдерін жеңілдету және оларға Қазақстан азаматтығын беру бойынша, сондай-ақ оралмандарды еңбек тапшылығы бар аймақтарға қоныстануы жөнінде негізделген ұсыныстар енгізді. Қарастырылған мәселе бойынша берілген ұсынымдар, нақты шешім қабылдануы үшін Үкіметке жолданады.
17.02.2017

2017 жылғы 17 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы және Қазақстан Республикасында фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық бойынша арнайы уақытша комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыстың жұмысына Мәжіліс депутаттары-аталған комиссия мүшелері, Денсаулық сақтау және Инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдарының және дәрілік заттар мен медициналық препараттарды өндіру және қамтамасыз ету саласындағы өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Осы өңірде комиссияның көшпелі отырысын өткізудің себебі - ол еліміздің халқы тығыз орналасқан өңірлерінің бірі болуында және мұнда халықты дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттармен қамтамасыз ететін ірі фармацевтикалық кәсіпорындар шоғырланған. Депутаттар «Химфарм» АҚ зауытына барып, дәрілік заттар өндірісімен танысты, «ЭкоФармИнтернешнл» ЖШС зауытына барды және «Зерде» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС логистикалық кешенінің жұмысымен танысты. Комиссияның отырысы облыстық әкімдікте өтті, отырыста «Химфарм» АҚ бас директоры И.Урбанец, «ЭкоФармИнтернешнл» ЖШС атқарушы директоры Г.Б.Жүзенова, «Зерде» ҒӨБ» ЖШС бас директоры М.Қ.Битеміров, облыс әкімінің орынбасары Е.А Садыр, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю. Пак, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Қ. Ержанов, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары С.Р.Мүсінов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры Сексенбаев Б.Д., Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының директоры Х.Д.Әлжановалар баяндама жасады. Отырыс барысында жиынға қатысушылар арасында қаралып отырған тақырып бойынша белсеңді пікір алмасу болды. Көшпелі отырысты арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік мәдени даму комитетінің Хатшысы Б.Б. Мамраев жүргізді және жұмыс нәтижесін қорытындылады.
14.02.2017

2017 жылғы 14 ақпанда педагогика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау мәселелеріне арналған комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева баяндама жасап, бүгінгі таңда бұл міндет ауқымды және министрлік педагогтардың біліктілігін арттырудың әртүрлі курстарын ұйымдастыру бойынша күрделі жұмыстардың жүргізіліп жатқаның айтып өтті. Комитет отырысына Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басшылары қатысты. Отырыс барысында депутаттар орталық білім беруді жаңарту шеңберінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша қысқа мерзімді курстардың білім беру бағдарламалары жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
23.01.2017

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарында 2017 жылғы 19 мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдауды өткізу қарастырылған.

Мәжіліс Бюросы Қаулысымен парламенттік тыңдау бойынша барлық ұйымдастырушылық және дайындық іс-шаралары Палатаның Әлеуметтік - мәдени даму комитетіне тапсырылды. Парламент Мәжілісі Регламентінің 97-тармағына сәйкес, парламенттік тыңдауды дайындау және өткізу бойынша арнайы уақытша комиссия құрылды, оның құрамы аталған комитеттің отырысында бекітілді. Арнайы уақытша комиссияның құрамына Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері, фармацевтика индустриясы мен фармацевтикалық қоғамдық бірлестіктері және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының, бизнес-қоғамдастықтарының, БАҚ өкілдері, Парламент Мәжілісі Аппаратының және Қазақстан Республикасы Парламентінің Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының қызметкерлері кірді. 2017 жылғы 23 қаңтарда Парламент Мәжілісі Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің Хатшысы, депутат Б.Б. Мамраевтың жетекшілігімен арнайы уақытша комиссиясының бірінші ұйымдастырулық отырысы өтті. Отырыста Іс-шаралар жоспары қабылданды, комиссия мүшелерінің міндеттері анықталды. Мәжіліс депутаттарының осы жылғы қаңтар айының бірінші жартысында болған ел аймақтарында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінің жағдайы бойынша депутаттардың ақпараты тыңдалды Мәжіліс Аппаратына және Қазақстан Республикасы Парламентінің Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасына парламенттік тындауды дайындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
06.12.2016

2016 жылғы 6 желтоқсанда «СК-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру жөніндегі шаралар туралы» мәселе бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Бұл іс-шара «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» деген тақырыптағы парламенттік тыңдауды дайындау және өткізу іс-шаралар шеңберінде өткізілді. Комитет отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.И.Исимбаева, Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртанов, «КазМедТех» АҚ Басқармасының Төрағасы Т.О. Чиникеев, ҚР Фармацевтік қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының Президенті М.И. Дурманова, Дәрі заттарды импорттаушы қауымдастығының атқарушы Директоры С.М. Оспанова, сондай-ақ отандық тауар өндіруші мен фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Одан басқа, отырыста Алматы қаласынан видеоконференция тәртіптемесі бойынша «Дәрілік заттарды, медицинаға арнлаған бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаушы Ұлттық орталық» Бас директоры А.Е. Шоранова, бірінші орынбасары Д.М. Сәбденалиев және департамент басшылары қатысты. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылаушы комитет төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю. Пак негізгі баяндама жасады. «СК-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің Басқарма төрағасы Н.Р.Әлібаев Бірыңғай дистрибьютор қызметі бойынша ақпарат жасады. Сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютордың жағдайлы- аналитикалық Орталығының тұсау кесері өтті. Бұл мәселені қарастырылу барысында комитет-мүшелері - депутаттар тарапынан отырыстың тақырыбы бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойылды, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарын айтылды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова отырысты жүргізді және нәтижесін қорытындылады.
28.10.2016

2016 жылғы 28 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына депутаттар ұсынған түзетулерді қарау және талқылау бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.

Депутаттар енгізіп отырған түзетулер, атап айтқанда, авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығаруға және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізуге; мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіруге; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіруге бағытталған. Отырысқа Мәжіліс Төрағасының орынбасары Г.И.Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Б.Б. Мамраев, жұмыс тобына мүше - Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдары, Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының, шығармашылық одақтарының басшылары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатысты. Заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметі шеңберінде қаралады. Отырыстың нәтижесін жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан қорытындылады.
24.10.2016

2016 жылғы 24 қазанда Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының дирекциясында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің тұсаукесері» тақырыбы бойынша көшпелі отырысы болды.

Бұл шара «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау шеңберінде өтті. Отырыс жұмысынаӘлеуметтік-мәдени даму комитеттің мүшелері – Мәжіліс депутаттары мен осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, соның ішінде вице-министрлер С.К.Жакупова мен А.В.Цой, Қаржы, Білім және ғылым, Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты. Оларға қоса отырыс жұмысына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының, жеке медициналық сақтандыру компанияларының өкілдері, жұмыс берушілерден – «KAZENERGY» қауымдастығының, Тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері және басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа денсаулық сақтау саласына танымал сарапшылар да шақырылды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі МӘМС жағдайында дәрігерге қаралушылар амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек алған кездегі денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің тұсаукесерін өткізді. Депутаттар мен шақырылған меймандар тұсаукесер болған жүйені енгізу бойынша, МӘМС Қорына қаржы аудару мен жарналар төлеудің мерзімдері бойыншажәне МӘМС жүйесінің барлық процесінің басталуы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Шақырылған мемлекеттік органдардың және аталған жүйені әзірлеушілердің өкілдеріотырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Отырысты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М.Иксанова қорытты.
21.10.2016

2016 жылғы 21 қазанда комитеттің Қостанай облысына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (жаңа редакциядағы) негізгі ережелерін іске асыру мәселелерін талқылау бойынша көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі бойынша депутаттар Рудный қаласындағы Соколовский карьеріне, кенді дайындау мен байыту фабрикасына, сондай-ақ Қостанай қаласындағы политехникалық колледж және онкологиялық поликлиникаға барды. Комитеттің көшпелі отырысына Денсаулық сактау және әлеуметтік даму министрлігінің, кәсіподақ ұйымдарының, жергілікті органның және «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар әзірленген тәсілдер негізіне сәйкес жаңа Кодекстің тұжырымдамалық моделі еңбек қатынастарын мемлекеттік және шарттық реттеуді оңтайлы үйлестіруден құрылғандығын өтап өтті. Жаңа кодексте еңбек қатынастарын реттеудің алға тартылып отырған моделі Халықаралық еңбек және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының (ЭЫДҰ) еңбек стандарттарына негізделген, олардың ұсынымдары кәсіпорын деңгейінде ұжымдық келіссөздер арқылы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өзін-өзі басқаруын арттыру қажеттілігіне негізделеді деп айтылған барлық сөйлеушілердің пікірі қолданды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
18.10.2016

Осы жылғы18 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары,мемлекеттік органдары басшыларының, Мәжіліске кірмеген саяси партиялардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке медициналық сақтандыру компаниясының, Қазақстан экономистер ассоциациясының өкілдері, жұмыс берушілер атынан - «KAZENERGY» Ассоциациясы, «Қазақмыс» корпорациясының Тау – металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының өкілдері және басқалар қатысты. Сондай-ақ, отырысқа денсаулық сақтау саласыныңтанымал сарапшылары және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері шақырылды. Заң жобасының тұжырымдама шеңберінде берілген бірқатар депутаттардың ұсыныстары қаралды. Жоғарыда аталған ұсыныстар жұмыс тобы отырысының нәтижесі бойынша, пысықтауға жіберілу керек деген шешім қабылданды. Отырысты жұмыс тобының жетекшісі, депутат Аманжолова З.Ж. жұргізді
29.09.2016

2016 жылғы 29 қыркүйекте«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыста депутаттар енгізген түзетулер қаралды, олар авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығаруға және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізуге; Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет саласындағы барлық мәселелерді үйлестірудегі рөлін арттыруға; мәдениет ұйымдарының өз өнімдерін, қызметтерін таратуда қазіргі заманғы әдістерді пайдалану бойыншашаралар қабылдауға; сондай-ақ фильмдерге кадрдан тыс аударма және субтитрлер түрінде мемлекеттік тілге аударма жасауды міндеттеуге бағытталған. Түзетулерді талқылауға мәдениет және спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламентке кірмеген саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатысты. Отырыстың нәтижесін жұмыс тобынының жетекшісі депутат Б.Тілеухан қорытындылады.
07.09.2016

2016 жылғы 7 қыркүйектеКомитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Комитет хатшысын сайлау мәселесі қаралды және талқыланды. Бүл лауазымға Комитет мүшесі Б.Б.Мамраев сайланды. Отырысты Комитет төрайымы Г.М. Иксанова жүргізді.
14.06.2016

2016 жылғы 14 маусымда денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелеріне арналған комитеттің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Амантайұлы Біртанов баяндама жасап, денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру бойынша негізгі тәсілдемелерін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Ә.Арифханов, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Э.К.Утепов, ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Ю.К.Якупбаева, «Медикер» ЖШС-нің Басқарма Төрайымы Г.С.Садырбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Ж.Аманжоловалар сөз сөйледі. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлері және жеке медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Отырыс барысында денсаулық сақтау объектілерінің жекешелендіруін енгізу, объектілерді өткізу механизмдері, қандай объектілер жекешелендірілуге тиіс екендігі, қандай басымдықтары болатындығы және жекешелендіруден кейін қандай көрсетіліп отырған қызметтер сақталуы керектігі бойынша маңызды мәселелер талқыланды және олар бойынша белсенді пікір алысу болды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
26.05.2016

2016 жылғы 26 мамырда балаларды отбасыға орналастыру нысандарын (асырап алу, патронат, қорғаншылық және қамқоршылық) жетілдіру бойынша комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Комитет отырысында кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкілі, Мәжіліс депутаты З.Я.Балиева және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Ю.В.Оксамитный баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы З.Ж.Оразалиева өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін және бұл Заң аясында Елбасының балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер санын азайтуды көздейтін шаралар қолдану, қабылдау отбасын құру және жетім-балалардың электрондық есеп жүйесін жұмыс жасауын енгізу ұшін құқықтық негіздерін қалау бойынша тапсырмалары орындалуда екенін атап кетті. Сондай-ақ, бұл салада едәуір тәжірибесі бар және «Бала жанұяда өмір сүруге тиіс» пен «Тәлімгерлік» сияқты жобалармен жұмыс жасап жүрген бір қатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының министрліктер мен ведомстволар, ҮЕҰ және БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілдері қатысты. Бұл мәселені қарастырылу барысында депутаттар тарапынан отырыстың тақырыбы бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойылды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
17.05.2016

2016 жылғы 17 мамырда Астана қаласының №2 ауруханасында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына Мәжіліс депутаттары - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, №2 қалалық ауруханасының басшылығы қатысты. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртанов негізгі баяндама жасады. Көшпелі отырысқа қатысушылар арасында белсенді түрде пікір алмасу өтті, оның барысында №2 қалалық аурухананың бас дәрігері И.И. Ли, Мәжіліс депутаты З.Ж. Аманжолова және басқалар сөз сөйледі. Депутаттар денсаулық сақтау саласының өкілдері алдында осы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге дайындығы және басқа да проблемаларға қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауап алды. Отырыстың нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Г.М. Иқсанова қорытындылады.
28.04.2016

2016 жылғы 28 сәуірінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мәселелері бойынша комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Қ.Сағадиев баяндама жасады. Министр бұл Бағдарламаны әзірлеу үшін «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары негіздеме болды деп, атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті2016 ж. 1 наурызда «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығына қол қойды. Бұл мәселені қарастырылу барысында Комитет мүшелері - депутаттар тарапынан отырыстың тақырыбы бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойылды, сондай-ақ министрлікке ескертулер мен ұсыныстарын айтылды. Отырыстың нәтижесін Комитет хатшысы М.А.Айсина қорытындылады.
25.03.2016

2016 жылы 25 наурызда Комитет отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, Комитеттің құрамы туралы және Комитет Хатшысын сайлау туралы мәселелер қарастырылды және талқыланды. Отырысты Комитет төрайымы Г.И. Иксанова жүргізді.
09.12.2014

Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы жөніндегі А Қ П А Р А Т

Комитет отырысында «Министрліктерде қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізудің жай-күйі туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілханов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыпова, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұлов, сондай-ақ депутат, комитет мүшесі А.З. Смайыл сөз сөйледі. Депутаттар мемлекеттік органдардың өкілдеріне ішкі құжат айналымына мемлекеттік тілді енгізу талаптары бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойды. Бұл мәселені талқылау барысында сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың нәтижесін Комитет хатшысы М.А.Айсина қорытындылады.
21.11.2014

2014 жылғы 21 қарашада Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледжінде «Жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын табысты жобалау формуласы» тақырыбында конференция өтті.

Осы іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырды. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының басшылары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. «Кәсіптік бағдар берудің өзекті міндеттері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиев баяндама жасады. Конференция аясында мемлекеттік органдардың, оқу орындарының, өнеркәсіп ұйымдарының жастар арсында кәсіптік бағдар берудің табысты жұмысының тәжірибесі ұсынылып, талқыланды. Конференцияға қатысушылар арасында белсенді пікір-алмасу өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының басшысы Е.М.Әбілхатинның, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскеновтың, «Нұр Бағдар» ЖШС әкімшілік директоры Ж.С.Мамбаеваның, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Г.Б.Бейсембаевтың, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы А.К.Нұрғазиевтың, «Қазақстан Құбыр зауыты» ЖШС бас директоры Е.К.Жұмағалиевтың баяндамалары және Астана қаласындағы М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенті Е.Ж.Сағынбаевтың сөзі тыңдалды.
18.11.2014

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасы мәселесі бойынша Комитет ұсыныстарын орындаудың қорытындысы туралы» мәселе қаралды.

Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі – Е.Н.Иманғалиев сөз сөйледі. Депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшинге оқушылардың жүктеме нормативтері бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойды. Бұл мәселені талқылау барысында сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
10.11.2014

2014 жылғы 10-ы қараша күнгі Комитеттің отырысында «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік коғамының қызметі туралы» мәселе қаралды.

Бұл мәселе бойынша «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Е. М. Сәдуақасова сөз сөйледі. Бұл мәселені талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Н.Назарбаева қатысты. Депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
04.11.2014

2014 жылғы 4–ші қарашада Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметі туралы» мәселе қаралды.

Бұл мәселе бойынша: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Р.С. Еңсебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж.А. Жонтаева, «Bilim Media Group» ЖШС директоры Р. Кенжеханұлы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.Ш. Әбішевтер сөз сөйледі. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Н. Назарбаева қатысты. Депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
14.10.2014

Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысы жөніндегі А Қ П А Р А Т

2014 жылғы 14 қазан 2014 жылғы 14-і қазан күнгі отырыста «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғамға бейімделуі және бірігіу» мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша: ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыпова, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару істері Комитетінің төрағасы Қ.Қ.Айтмұхамбетов, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, Астана қаласындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Л.Е. Әбуева, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ-нің президенті Ж.Ә. Омарбекова, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-нің вице-президенті Д.А. Ефремов және депутат И.П. Ароновалар сөз сөйледі. Бұл мәселені талқылауға «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы А.Б.Самақова қатысты. Депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
30.09.2014

2014 жылғы 30 қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Арнайы әлеуметтік қызметтердің ықпалдастырылған моделін енгізу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде заңнаманың әрі қарай даму жолдары» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыпова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы З.Ж. Оразалиева, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы «Ақ Тай» Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры» ҚБ басшысы О.Г. Кузовлева, Астана қаласындағы «Демеу» Отбасылық медицина оқу-практикалық орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Р.А. Абзалова, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) үйлестірушісі Т.А. Адерихина қатысып сөз сөйледі. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет хатшысы М.А. Айсина қорытындылады.
24.09.2014

2014 жылғы 23 қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғасын және өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін төмендету шаралары туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ж.Қ. Бұқанова, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы И.В. Лепеха, БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры «Жастардың денсаулығы және дамуы» бағдарламасының үйлестірушісі А.Ш. Қадырова, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусинов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Имангалиев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А.Ш. Әлназарова, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы А.Қ. Нұрғазиев, ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы, Швецияның психикалық денсаулық және өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеу ұлттық орталығының сарапшысы (Корольдық Каролин институты, Стокгольм) Т. Дарки қатысып сөз сөйледі. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Г.М. Иксанова қорытындылады.
01.04.2014

2014 жылғы 1–ші сәуірде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту проблемалары туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т.Қ. Есентаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О.В. Шишигина, Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Л.М. Қармазина, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Мұхамбетовтер қатысып сөз сөйледі. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева бірінші мәселе бойынша қорытынды жасады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындылар қаралды. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
18.03.2014

2014 жылғы 18–ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші болып «Сұйықталған мұнай газын автомобиль отыны ретінде пайдалануды арттыру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Милютин және Экономикалық реформа және өңірлік даму комиетінің төрағасы С.С. Әйімбетов қатысты. Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі Т.Ж. Жұмадиллаев сөз сөйледі. Баяндама тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен Қомитеттің ұсыныстар жобасына өз ұсыныстарын айтты. Екінші болып «Әлеуметтік сала министрліктерінің және ведомстволарының ведомствоға қарасты ұйымдарды, холдингтерді, еншілес ұйымдарды басқару бойынша қызметі туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежанов, Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаев, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыпова, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатов сөз сөйледі. Аталған тақырып бойынша депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге өз ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
11.03.2014

2014 жылғы 11–ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Білім беру ұйымдарын нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, Алматы қаласындағы № 159 гимназияның директоры А.Т. Миразова, Астана қаласындағы № 38 мектеп-лицей директорының орынбасары Ж.Қ. Ғазиева, Білімді дамытудың «БЭСТ» қоғамдық қорының директоры Р.Д. Қуанышбаева қатысты. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
25.02.2014

2014 жылғы 24–ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазпошта» АҚ қазіргі жағдайы және даму перспективалары туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Бейсенбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ Коммуникациялық активтерін басқару директоры - «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі С.Б. Саудабаев, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі С.М. Жұманғарин, Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округінің әкімі А.Қ. Ысқақов, Павлодар облысы Ертіс ауданының мәслихат хатшысы Ж.Н. Беспаев, «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ж.Қ. Бүкенов, «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ вице-президенті Е.С. Қыдыр қатысты. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар сөйлеушілерге ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
04.02.2014

2014 жылғы 4–ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Халыққа коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді қалыптастыру туралы» мәселе қаралды.

Комитет отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.С. Әйімбетов және Мәжілістің бір топ депутаттары қатысты. Сондай-ақ отырысқа республикалық агенттіктердің басшылары - табиғи монополияларды реттеу агенттігі - М.М. Оспанов, тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі - Б.Б. Қуандықов, бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы) агенттігі Г.И. Оразбақов, Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крылов, экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және жаңа технологиялар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, экономика проблемалары жөніндегі сарапшылар шақырылды. Отырысқа бейнеконференция арқылы «онлайн» режимінде Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта тарифтердің өсуі қоғамның түйінді мәселелерінің бірі болып отыр. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылығы, өзге де республикалық ведомстволардың өкілдері Комитет отырысында жасаған баяндамаларында электр энергиясының соңғы бағасындағы реттелетін үлесі 50%-ға, газдың үлесі 40%-ға жуық көлемді құрайтынын атап өтті. Жылу энергетикасында және сумен қамтамасыз етуде барлық сала реттеледі. Басқа мүдделі мемлекеттік органдардың, облыс әкімдіктері басшыларының, сарапшылардың баяндамаларында коммуналдық шаруашылық саласындағы негізгі проблемалар, тарифті қалыптастыру мәселелері, осы саладағы проблемаларды шешу жолдары туралы айтылды. Отырыс тақырыбы бойынша депутаттар бірқатар өзекті сұрақтар қойып, сонымен қатар мемлекеттік органдарға ескертулер мен ұсыныстарын айтты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
28.01.2014

2014 жылғы 28–ші қантарда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы істердің қазіргі жағдайы туралы»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша білім және ғылым министрлігінің, Қазақ Ұлттық акдаемиясының, «Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдығының өкілдері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, және ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы сарапшысы шақырылды. Бірінші мәселе бойынша отырысқа Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Карл Молдахметұлы Байпаков және «Мұхтар Әуезов қорының» президенті М.М. Әуезов қатысты. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларына әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалараын бөлді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
12.12.2013

2013 жылғы 12 –ші желтоқсанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші болып «Түрік дүниесіне ортақ Руна-Сына жазуының күнін өткізу туралы» мәселе қаралды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді

Аталған мәселе бойынша отырысқа Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, министрліктердің басшылары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары, осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар қатысты. Ғылыми баяндамалармен депутат Алдан Зейноллаұлы Смайыл, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Оспанұлы Балықбаев, Түркі академиясының президенті, филология ғылымының докторы, профессор Шәкір Ыбырайұлы Ыбыраев, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, тарих ғылымының докторы, профессор Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, ҚР Мәдениет және акпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Тарих ғылымының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы сынды зиялы қауым өкілдері сөз алды. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар В.К. Бишимбаев, К.Н. Бұрханов және басқалар да белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші мәселе «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы» (бірінші оқылым) мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары туралы (бірінші оқылым) болды. Талқылау нәтижесінде, аталған заң жобалары бойынша қорытындылар мақұлданып, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына бірінші оқылымда шығаруға шешім қабылданды.
31.10.2013

2013 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында Алматы облысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті.

Ол отырыс бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтері және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттары мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді. 31 қазанда депутаттар облыстың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап қайтты. Ескелді ауданында Н.Алдабергенов мемориалдық музейінің жұмысымен танысты, «Батырлар аллеясына» гүл шоқтарын қойып, ауылдық «Қарлығаш» бала бақшасын аралады. Қарабұлақ кентінде депутаттар аудандық мәдениет үйін, Титов атындағы орта мектепті, аудандық емханасын аралады. Оның қорытындысы бойынша Комитет төрайымы жергілікті және орталық БАҚ журналистеріне сұхбат берді. Қарашаның 1-де Талдықорған қаласының Тілдер сарайында Комитеттің көшпелі отырысы басталды. Оның жұмысына: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Е.Қ. Қошанбеков, облыстық басқармаларының басшылары, аудан әкімдері, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының және облыс әкімінің жауапты қызметкерлері қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаева отырыста қөтерілген мәселелердің өте маңызды және мерзімді екенін атап кетті. Отырыста мәдениет саласы жан-жақты талқыланды, оның ішінде мәдениетке жұмсалған мемлекеттік шығындар, оның материалдық-техникалық базасы, қызметкерлердің жалақысы әңгіме болды. Сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқанов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Р.Р. Есдаулетов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі М.А. Ахмадиев, Текелі қалалық мәдениет үйінің директоры К.М. Нестеров, «Жәркент мешіті» мұражайының директоры Ш.Н. Тұрғанов, Жетісу ауылы мәдениет үйінің директоры Қ.Қ. Әбілқасымов, Іле ауданы Ақши ауылының кітапхана меңгерушісі Ж.Б. Мұнайтпасовалар аталған саладағы проблемаларды көтерді. Отырыста «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының бас сәулетшісі Николай Иванович Павленко «300 орындық ауылдық мәдениет үйі» үлгілік жобамен қатысушыларды таныстырды. Талқыланған мәселелер бойынша пікір-таласқа Комитет мүшелері белсенді қатысты. Мәжілістің нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Аталған мәселе бойынша отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы жұмыстарда ескеріліп, ауылдық мәдениеттің дамуына өз лөсін қосады деп атап кетті. Комитет төрайымы көшпелі отырыстың ұйымдастыруы мен өткізілуіне көмек көрсеткен үшін Алматы облысы басшыларына алғысын айтып, қатысушылар мен шақырылғандарға жақсылық, бақ-береке, шығармашылық табыс тіледі.
29.10.2013

2013 жылғы 29–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттің имидждік саясат туралы»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Сыртқы істер, мәдениет және ақпарат, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктердің басшылары және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының өкілдері шақырылды. Бірінші мәселе бойынша отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Д.Ә. Абаев қатысты. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Екінші мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының құрамын бекіту болды. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитетен келіп түскен заң жобасын бөлді.
22.10.2013

2013 жылғы 22–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Бала жанұяда өмір сүруге тиіс»» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігінің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылған. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған тақырыпта: Шолпан Байболова («Отбасын кешенді қолдау орталығы «Отбасы Академиясы» қоғамдық қоры), Асия Хайруллина (Әйелдер шығармашылық бастама лигасы» қоғамдық бірлестігі»), Марат Каирленов («Ulagat Business Group» компаниясы), Мадина Бакиева («Дара» жекеменшік қайырымдылық қоры»), Аружан Саин («Еркін Мейірімдік қоғамы» қоғамдық қоры»), Дина Сайфутдинова (Орта Азияның Еуразия Қоры) сөз сөйледі. Аталған мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбенов ақпарат берді. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Комитет отырысының нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
09.10.2013

2013 жылғы 9–ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаев баяндама жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Комитет отырысының нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
08.10.2013

2013 жылғы 8-ші қазанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында екі мәселе қаралды:

- «Білім жүйесін бағдарламалық қамсыздандырудың жаңа тәсілдері туралы»; - «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» («Болашақ» бағдарламасы) Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша «Interactiv Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы баяндама жасап, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауабын берді. Екінші мәселе бойынша Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов өз баяндамасын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
30.09.2013

2013 жылғы 30-ші қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген екі отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Крықбаев, Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
23.09.2013

2013 жылғы 23 және 24- інші қыркүйекте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген үш отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселенің қаралуы жалғастырылды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова, Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов, өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға Комитет мүшелері, депутаттар белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
17.09.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген үш отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттігінің басшылары мен өкілдері шақырылды. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова, Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Ғалымова, Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т Төкежанов, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Д. Құрманғалиева, Спорт және дене шынықтыру істері бойынша агенттігінің төрағасы Е.Т. Қожағапанов өз баяндамаларын жасады. Аталған тақырыпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.М. Ықсанова, Ж.А. Әлиев, В.К. Бишимбаев, М.А. Айсина, Г.С. Сейтмағанбетова, И.П. Аронова, Н.М. Петухова, М.А. Ахмадиев, К.Н. Бұрханов, К.Ә. Қаракен, В.К. Бишимбаев, А.З. Смайыл, С.И. Ферхо белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарларын қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша орталық атқарушы органдарға айтылған ұсынастарды ескеруді ұсынып, аталған мәселені Комитет жақын арада қайта қарайтынын атап айтты.
27.05.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша өңірлерді тыңдау» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, өңірлік-даму министрліктерінің өкілдері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдерінің орынбасарлары шақырылды. Отырысты ашқан Д.Н. Назарбаева аталған мәселенің өте күрделі екндігін атап кетіп, келесі сөзді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденовке берді. Одан кейін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселе бойынша аталған облыс әкімдерінің орынбасарлары: Сара Қайыржанқызы Нұрқатова, Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, Фархат Шаймұратұлы Қуанғанов, Әли Әбдікәрімұлы Бектаев сөз сөйлеп, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауабын берді. Аталған тақырыпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, Ж.А. Әлиев, В.К. Бишимбаев, А.З. Смайыл, Ж.А. Ахметбеков, С.И. Ферхо белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша орталық атқарушы органдармен өңірлерден келген қатысушыларға айтылған ұсынастарды ескеруді ұсынды. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
23.04.2013

2013 жылғы 23-ші сәуірде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі кеңейтілген отырысы Казмедиаорталығында өтті. Отырыста бірінші болып «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің Бас прокуратураның өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інің ғалымдары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Бірінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат А.З. Смайыл сөз сөйледі. Депутат өз сөзінде аталған тақырыптағы мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Одан кейін А.З. Смайыл отырысқа қатысушылардың көптеген сұрақтарына толығымен жауап берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейтмағанбетова, К.Н. Бұрханов және мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдері белсене қатысты. Аталған мәселе бойынша Бас редакторлар клубының Президенті Кенжеболат Махмұтұлы Жолдыбай, «Интерньюс – Казахстан» заңгері Ольга Александровна Диденко, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев сөз сөйледі. Сөз алғандардың бәрі де аталған заң жобасын қолдап онымен басталған жұмысты қолдайтынын айтып кетті. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін және заң жобасын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Келесі кезекте өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қаралды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
18.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының жобасы туралы» мәселе қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселе бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов баяндады. Ол аталған жобаның бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда министр аталған жобаның мақсаттары, жалпы жолдарымен іске асыратын механизмдері бойынша толығымен баяндады. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Аронова И.П., Г.М. Ықсанова, Г.С., Сейітмағанбетова, М.А. Айсина, М.А. Ахмадиев, Ж.А. Алиев, С.И. Ферхо белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін, алда өте көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып «Жоғары оқу орындары жүйесін оңтайландыру туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша отырысқа ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынханов қатысып сөз сөйледі. Сөзінде вице-министр аталған тақырыптағы мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда, мысалы, ол Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны, мамандардың даярлау сапасы мен проблемалары және бүгінгі жұргізіліп жатқан оңтайландырудың мақсаты туралы толық мәлімет берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Ж.А. Алиев, В.Қ. Бишимбаев белсене қатысты. Екінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселе бойынша білім және ғылым министрлігінің осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Үшінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет мүшелері өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
04.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша әзірленген Комитеттің қорытындылары қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Аталған мәселені талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Ж. Әлиев, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, М.А Айсина., Г.С. Сейтмағанбетова белсене қатысты. Мәселені қараудың нәтижесінде Комитет әзірлеген қорытындыларды қолдап, бас Комитетке жіберу туралы шешім қабылданды.
02.04.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (бірінші оқылым) мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бұл мәселе бойынша отырысқа ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынханов және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П Шер қатысып сөз сөйледі. Олар аталған мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы толық ақпарат берді. Ұсынылған Заң жобасы Қазақстан Республикасының төрт нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді: «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар аталған балалар санатаның тұрғын үй мәселелерін шешуін және олардың әлеуметтік жағынан бейімдеуін көздейді. Одан әрі депутат И.П. Аронова (жұмыс тобының жетекшісі) сөйлеген сөзінде жұмыс тобының жұмысы туралы ақпарат берді. Атап айтканда, жұмыс тобының 6 отырысы өткізіліп, депутаттар ұсынған жүзден астам толықтырулар мен өзгерістер талқыланған деп мәлімдеді И.П.Аронова. Бүгінгі күнде аталған заң бойынша әзірленген салыстырмалы кесте 24 позицияны құрайды. Толықтырулардың бір бөлігі ҚР Үкіметіне қорытынды алуға жіберілді. Аталған мәселені талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, И.П. Аронова, Г.М. Иксанова белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларыны әзірленген қорытындыларды қарау болды. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
28.03.2013

Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің 2013 жылғы 28 – інші наурызда, конференц-залында, сағат - 10.00-де өткен кеңейтілген отырысы жөніндегі АҚПАРАТ

2013 жылғы 28-ші наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып ««Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация минстрліктердің өкілдері, тиісті ғылыми институттардың басшылары, тіл білімі мамандары шақырылған. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша депутат А.З. Смайыл сөз сөйлеп, аталған мәселенің бүгінгі жәй-күйі туралы ақпарат берді. Қазақ тілін латын графикасына біртіндеп көшіру мүмкіндіктерін отандық ғалымдар 1993 жылдары бастаған болатын. Одан кейін 2006 жылы Қазақстан халкы Ассамблеясының 12-ші сессиясында аталған мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жан-жақты қарауын тапсырған. Сол кезде қазақ ғалымдары 5 жоба дайындап, қатысты мәліметтерді ҚР Үкіметіне тапсырған. Бүгінгі күнде, депутат А.З. Смайылдың айтуынша, қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы 100-ге жуық жоба дайындалған. Сонымен қатар, депутат, бұл мәселе бойынша алдағы уақытта көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті. Одан әрі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.М. Малбақов сөйлеген сөзінде институттің жұмыстары мен жоспарлары тұралы хабарлады. Бүгінгі таңда институт қазақ тілін латын графикасына көшірудің үш нұскасын дайындағанын және олардың ішінде ең тиімдісі – 31 әріптен тұратын аралас нұскасы деп атап кетті. Сонымен қатар, бұлардың бәрі ғалымдар мен мамандар арасында талқыланады. Сондай-ақ аталған мәселе бойынша М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Қалижанұлы, филология ғылымдарының докторы Құрманалиев Қ.А., ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары А.Қ.Төлешев сөз сөйледі. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.С. Сейітмағанбетова белсене қатысты. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол аталған мәселенің өте күрделі екендігін, алда өте көп жұмыстар күтіп тұрғанын атап кетті және әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева, аталған мәселені ағымдағы жылдың қазан айында Комитет отырысында қайта қарайтынын атап өтті. Екінші болып «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (жаңа редакцияда) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т.Б. Дуйсенова баяндады. Ол заң жобалары бойынша толық мәлімет беріп, депутаттардың көптеген сұрақтарына нақты жауап берді. Нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Одан әрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс туралы (заң жобасын әзірлеушілердің қатысуымен) депутат Қ.Ә. Қаракеннің ақпараты тыңдалды. Аталған мәселе бойынша сөйлеген ҚР Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетов заң жобасы туралы толық мәлімет беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Үшінші мәселені талқылау нәтижесін қорытындылап, Комитет төрайымы, заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
28.02.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы» мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Бірінші мәселе бойынша депутат Н.М. Петухова баяндады. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов сөз сөйлеп, депутаттардың сұрақтарына толық мәлімет берді. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол отырысқа шақырылған заң жобасын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Екінші болып «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы депутат М.М. Бегентаев өз баяндамасында толық мәлімет берді. Қаралып жатқан мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов қосымша баяндап, депутаттардың сұрақтарына нақты жауап берді. Нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. Үшінші болып «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы» мәселе қаралды. Аталған заң жобалары туралы депутат М.М. Бегентаев баяндады. Қосымша баяндамасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Күреңбеков Амантай Жанкеұлы аталған заң жобалары бойынша толық мәлімет беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Аталған мәселені талқылау нәтижесін қорытындылап, Комитет төрайымы, заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Төртінші болып «Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары туралы» мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша депутат Қ.Ә. Қаракен баяндады. Қосымша баяндаманы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Петров Валерий Викторович жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Аталған мәселені талқылау нәтижесінде Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева заң жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді. Бұдан әрі Комитет өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлді.
21.02.2013

2012 жылғы 21-ші ақпанда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірінші болып «Мемлекет басшысының «Қазақстанның элеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 кадам» атты мақаласында айтылған тапсырмаларын іске асыруға сәйкес, бейресми секторларда өзін - өзі жұмыспен қамтитын азаматтарды «өнімді жүмыспен қамтуға» тарту аясындагы мемлекеттік саясат» мәселесі қаралды.

Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов (негізгі баяндамашы), Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаев, Қаржы вице-министрі Р.Е. Даленов және Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы А.А. Смайылов қатысты.. Аталған мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.С. Әбденов баяндама жасады. Министр халдықтың экономикалық белсенді құрылымы, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, жұмыспен қамтуды есепке алу, өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды зейнетақыны жинақтау және әлеуметтік сақтандыру жүйелерімен қамту проблемалары, азаматтарды «өнімді жүмыспен қамтуға» тартудың шаралары туралы айтып берді. Атап айтқанда министр былай деді: «Халдықтың экономикалық белсенді құрылымында барлығы 9 млн. адам экономикалық белсенді, оның 8,5 млн. жұмыспен қамтылған (10 жыл ішінде саны 27%-ке өскен), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -2,7 млн., жалдамалылар -5,8 млн., жұмыссыздар – 0.5 млн. адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адам жұмыспен қамтылғандардың 31,6%-ін құрайды. Барлық өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың: 90,8%-ті- ерікті, дербес жұмыскерлер, 6,7%-ті – жұмыс берушілер, 1%-ті өндіріс кооперативтерінің мүшелері, 1,5%-ті –отбасылық кәсіпорынның ақы төленбейтін жұмыскерлері. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 млн. адамның тек 902 мыңы, яғни 33%-ті тіркелген. Өнімді жүмыспен қамтылғандар (кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары) 961 мың, өнімсіз жұмыспен қамтылғандар 1 759 мың адам». Министр сөзінің соңында өнімді жүмыспен қамтуды қамтамасыз етудің негізгі шараларын белгіледі. Соның ішінде С.С. Әбденов «Жол картасы жұмыспен қамту- 2020» кешенді бағдарламасын, «Жеке қосалқы шарушылық туралы» ҚР заңын қабылдау керектігіне назар аударды. Ауыл шарушылығы вице-мнистрі, Қаржы вице-мнистрі, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы қосымша баяндама жасады. Олар осы салада жүргізіліп отырған жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап берді. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар - Комитет мүшелері Д.Н. Назарбаева, И.П. Аронова, В.Қ. А.З. Смайыл, М.А. Ахмадиев, Г.И. Исімбаева, В.К. Бишимбаев, Г.С. Сейітмағанбетова, К.Н. Бұрханов, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі В.Б. Косарев белсене қатысты. Олар аталған саладағы бірқатар проблемаларды көтерді. Оладың ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге несие беру және оны қайтару, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқыту, қайта оқыту, өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың санаттары туралы, еңбек рыногінің даму ерекшеліктері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу, жеке қосалқы шаруашылық проблемалары жәәне т.б. мәселелер қызу талқыланды. Қойылған сұрақтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, шақырылған вице-министрлер, Агенттік төрағасы тарапынан толықтай да нақты жауаптар берілді. Бірінші мәселені қараудың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Ол шақырылған министрліктер басшыларына, Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берді. Келесі кезекте «Қазакстан Республикасынын ішкі істер органдары туралы» (жана редакция), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазакстан Республикасы заңдарының жобалары заң жобасын эзірлеушілердің қатысуымен, ішкі істер министрлігінің басшыларының қатысуымен талқыланды. Талқылау нәтижесінде Комитет осы заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыларды мақұлдады. Бұдан әрі Комитет Аграрлық мәселелер комитеті өткізетін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті проблемалары мен перспективалары» тақьірыбындағы парламенттік тыңдауды дайьшдау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның құрамына депутаттардың кандидатураларын белгіледі. Комитет арнайы уақытша комиссияның құрамына депутаттар Д.Н. Назарбаева мен В.К. Бишімбаевты сайлады. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады.
14.02.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді.

Отырыста бірінші болып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру туралы (сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестік)» мәселесі қаралды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, (баяндамашы) Ерік Әбенұлы Байжүнісов, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Абдуламитұлы Әбенов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Сұлтанбайқызы Исаева, Ішкі істер вице-министрі Амантай Жанкейұлы Күреңбеков, Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Төтенше жағдайлар министрліктердің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Әбенұлы Байжүнісов аталған мәселе бойынша Ол өз баяндамасында денсаулық сақтау саласындағы сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестік туралы толық ақпарат берді. Баяндамада мемлекеттік органдармен іс-қимыл жалпы жеті бағытта жүргізілетінін атап кетті. Олардың ішінде: Саламатты өмір салты мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, СДШІА, БҒМ, МАМ, Еңбекмині, жергілікті атқарушы органдар (ЖАО), ҮЕҰ), Дұрыс тамақтану мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, АШМ, БҒМ, МАМ, ЖАО), Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (БҒМ, ДСМ, СДШІА, ЖАО), Жол-көлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ІІМ, ЖАО), ТЖ кезінде шұғыл медициналық-құтқару көмегі мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ТЖМ, ДСМ), Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен күрес мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, ҚАЖК), Аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселесі бойынша сектораралық өзара іс-қимыл (ДСМ, ЖАО). Аталған тақырпты талқылауға депутаттар И.П. Аронова, А.З.Смайыл, Н.М.Петухова., Д.Н. Назарбаева, М.А. Айсина, Ж. Әлиев, К.Ә. Қаракен, Г.И. Исимбаева белсене қатысты. Аталған тақырыпта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер вице-министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Төтенше жағдайлар министрліктердің өкілдері баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Бұдан әрі депутаттар өзге комитеттен келіп түскен Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша әзірленген қорытындыны қарап, оны мақұлдады.
31.01.2013

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді.

Отырыстың алдында депутаттарға кітапхананың ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Комитет мүшелері Мемлекеттік электрондық кітапхананың (КазНЭБ) жұмысымен танысты, интернет-залын және оқырмандар залын аралады. Бірінші болып отырыста «Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы» мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева баяндама жасады. Ол аталған саланың бүгінгі хал-ахуалы туралы толық мәлімет беріп, кітапханалар ісінің жетістіктері мен проблемаларын атап өтті. Ол сөзінде, бүгінгі күні Қазақстанда 4136 кітапхана бар, оның ішінде – 3 республикалық, қалғандары – жергілікті (облысық және аудандық), жергілікті бюджеттерден қаржыланатындар. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған -1 республикалық кітапхана, 32 - жергілікті кітапханалар жұмыс істейді. Кітапханалардың 27 % интернет желісімен қосылған. Соңғы жылдары кітапханаларға жеткілікті қаржы бөлініп жатыр. Елбасының тапсырмасына сәйкес үш жылға бюджеттен 436 млн тенге бөлінді. Көпшілік кітапханаларда 9214 кітапханашылар жұмыс істейді, олардың 30 пайызы- жоғары білімді. 14 пайыз-жас мамандар. Облыстық кітапханалрда істейтін кітапханашыллардың жалақысы- 48 мың тенгеден 52 мың тенгеге, ал аудандық кітапханаларда істейтіндердің жалақысы 38 мың тенгеден 46 мың теңгеге дейін. Аталған тақырпты талқылауға депутаттар Д.Н. Назарбаева, В.Қ. Бишимбаев, М.А. Айсина, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, А.З. Смайыл, Г.И. Исімбаева, М.М.Бегентаев, Ж. Әлиев белсене қатысты. Олар аталған саладағы бір қатар проблемаларды көтерді. Оладың ішінде кітапханалардың материалдық-техникалық базасы туралы, кадрлық қамтылуы, кітапханашылардың жалақысы, жаңа технологияларды енгізу, жұмыстың жаңа әдістері мен нысандарын жетілдіру туралы айтылды. Осы саладағы ең төменгі мемлекеттік стандарттардың әзірлеуі мен сақталуы туралы мәселелер де қозғалды. Отырыстың нәтижесін Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылады. Бұдан әрі депутаттар Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына әзірленген қорытындыларды қарап, оларды мақұлдады және қорытынды әзірлеуге өзге комитеттерден келіп түскен жаңа заң жобаларын өзара бөлісті.
24.01.2013

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Отырысты Комитет хатшысы Г.М. Ықсанова жүргізді. Комитет отырысында өзге комитеттерден келіп түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына әзірленген қорытындылар қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша депутат В.Қ. Бишимбаев сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны мақұлдады. «Азаматтық қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша депутат Қ.Ә. Қаракен сөз сөйледі. Заң жобаларын талқылауға депутаттар М.А. Айсина, Г.М. Ықсанова, Г.С. Сейітмағанбетова, А.З. Смайыл, Б. Смағұл, Г.И. Исімбаева қатысты. Заң жобаларын талқылаудан кейін депутаттар оған әзірленген қорытындыларды толықтырып, оларды Бас комитетке жіберу туралы шешім қабылдады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша депутат А.Қ.Нұркина сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны мақұлдады. Бұдан әрі депутаттар қорытынды әзірлеуге өзге комитеттерден келіп түскен заң жобаларын өзара бөлісті.
19.12.2012

2012 жылғы 19 желтоқсанда Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды (екінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі депутат Ферхо С.И.). Аталған заң жобасы екінші оқылымда мақұлдансын деген шешім қабылданды.
11.12.2012

Комитет отырысы

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырыста «Тағам өнімдерінің бағасы және тұтынушылық себеті туралы» мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша отырысқа Қазақстан Республикасы Экономикалык даму және сауда вице-министрі Т. М. Жақсылыков, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияев, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі С.Ә. Ахметов, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Т.С. Бамұқанов, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж. Ашуев, Қазақ тағам тану Академиясының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М. Айтжанов, «Ижевск» өндіріс кооперативінің бас директоры Ы.Д. Жанқоразов, «Родина» өндіріс кооперативінің директоры И.А. Саур, «Победа» ЖШС директоры А.В. Поляков және тағы басқалар шақырылды. «Тағам өнімдерінің бағасы туралы» мәселе бойынша депутат В.Қ. Бишимбаев баяндама жасады. Ол тағам өнімдерінің бағасының өсу проблемасына, ауыл шарушылық өнімдері өндірісінің күрт төмендеуіне, жеке шарушылықтағы қалыптасқан өткір мәселелерге, тұтынушылық себеті құрылымына және тұтынылатын тағам нормаларына, сонымен қатар осы салада орын алып отырған тағы басқа проблемаларға талдау жасады. В.Қ. Бишимбаев шығынның тағамға жұмсалатын үлесі 60%, тағамдық емес тауарларға 35%, ал тек 5%-і ғана қызмет көрсетуге кететінін атап өтті. Республикадағы халық саны 8,3%-ке өсті. Алайда мал басының саны жылдам азайғандығына, импорттың көлемі өте тез өскеніне, бағаның тоқтаусыз өсуде екендігіне, бағаны реттеу мәселесі тым жетілмегендігіне тоқтады. Үкімет тек 17 тауар түрлерінің бағасына ғана мониторинг жүргізеді, ал қалған тауарлардың саны мен сапасына, олардың бағасына ешкім қадағалау жүргізбейтіндігін алға тартты. Сөзінің соңында депутат мемлекеттік органдарға қалыптасқан жағдайды түзетуге қатысты бірнеше ұсыныстар жасады. Бұдан әрі аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалык даму және сауда вице-министрі Т. М. Жақсылықов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т. Өмірияев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сөз сөйлеп, тағам өнімдері бағаларында қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру, жақсарту мақсатында министрліктерде, Үкіметте атқарылып жатқан нақты іс-шараларды атады. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдар басшыларының сөздерін депутаттар – Комитет мүшелері, отырысқа шақырылған басқа да депутаттар қызу талқыға салды. Мысалы, депутат Аронова И.П. ауыл шарушылық өнімдерін өндірушілер мен делдалдар, яғни алыпсатарлар арасындағы проблемаларға тоқталды. Депутат М.А. Айсина тағам өнімдеріне бағаның негіссіз тым шарықтап өсуін төмендету және отандық рынокты қорғау үшін, жайылымның жетіспеушілігі мен мал азығына бағаның шектен тыс жоғары болу проблемаларын шешу жолында Үкіметте қабылданған және келешекте қабылданатын нақты шараларға қатысты мемлекеттік органдар басшыларына сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі депутат О.А. Киколенко көрші елдерден қадағалаусыз әкелінетін тауарлардың демпингі, тұрақтандыру қорлары проблемаларын көтерді. Депутат А.Қ. Нұркина да ішкі рынокті қорғау шараларына, ауыл шаруашылық ассоциациясын құру мәселелері мен нормалардың табиғи төмендеуіне қатысты сөз қозғады. Депутат А.З. Смайыл мал шаруашылығының даму проблемаларына тоқталып, министрліктердің ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндейтін кәсіпорындар салуға баса көңіл аудару керектігін алға тартты. Депутат Қ.А. Қаракен отандық тамақ өнімдерінің бәсекелестікке қарсы тұра алмайтындығын және осы мәселеге қатысты қабылдайтын шараларды атап өтті. Депутат Г.И. Исимбаева тамақ өнімдерінің импорты мен экспортына қатысты проблемаларға тоқтады. Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева тауарлардың өзіндік құны, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістен бастап жинау, тасымалдау, сақтау мен өткізу, қажетті кадрларды даярлау бойынша логистиканы құру проблемаларына баса назар аударды. Бұдан әрі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер атынан «Родина» өндіріс кооперативінің директоры И.А. Саур және «Победа» ЖШС директоры А.В. Поляковтар сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Олар «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заңды қабылдауды жеделдету қажеттілігіне тоқталды. Осыдан кейін Қазақ тағам Академиясының зертхана меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор М.М. Айтжанов «ең төменгі тағам себеті» мен «ең төменгі күнкөріс деңгейі» ұғымдарының Қазақстанда шығу тарихына тоқталды. Атап айтқанда, ол «тағам себеті» 2005 жылы бекітілгеніне және оның 5 жылда бір рет міндетті түрде қайта қаралу қажеттігіне қарамастан, осы уақытқа дейін оның өзгермегендігін баса айтты. Сонымен қатар «тағам себеті» ең басынан босқындар аштан өлмес үшін оларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін алынғандығына назар аударды. Сондықтан «тағам себеті» ұғымы Еңбек және халықта әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа министрліктер үшін азаматтарға әлеуметтік көрсетудің көлемін есептеу үшін бағыт-бағдар бола алмайтындығын шегелей айтты профессор. Ол сонымен бірге соғыстан кейінгі Жапонияда пайдаланылған тек екі түрлі 1 кг нан мен 1 л сүттен тұратын энергиясы 2150 килокаллорияны құрайтын күндік тағам себеті туралы айтып берді. Мұндай шара адамның аштан өлмеуі үшін пайданылған болатын. Баяндамашы сөзінің соңында тағам себеті нормасын қайта қарау және ондағы тағамдардың түрлері мен энергетикалық құндылығын арттыру бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі екендігін атады. Осыдан кейін сөз алған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі есептеу әдістемесіне «ең төменгі күнкөріс деңгейі» ұғымын қолданудың ерекшеліктеріне және бұл мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жақында аяқталатынын айтты. Бұдан әрі сөз сөйлеген депутаттар М.А. Ахмадиев, А.З. Смайыл, Г.С. Сейтмаганбетова, С.И. Ферхо, О.А. Киколенко тағы да алыпсатарлардың қызметіне байланысты проблемаларға, мал азығы мәселесіне, ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің кредит алудағы қиындықтарына, кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдардың проблемаларына, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, тұтынушылық себетінің, ең төменгі еңбекақы мен ең төменгі зейнетақы мөлшерлерінің өзара әсеріне тоқталды. Кеңейтілген отырысты Комитет төрайымы Д.Н. Назарбаева қорытындылай келе, барлық жауапты мемлекеттік органдар қаралған мәселелер бойынша жіберілген қателіктерді тез арада жөндеп, қордаланған проблемаларды шешу үшін барлық қолда бар мүмкіндікті толық пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.
07.12.2012

Парламенттің бірлескен отырыс залында «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі және переспективалары туралы» парламенттік тыңдау өтті. Парламенттік жарыссөзге Парламент депутаттары, Үкімет, Құрылыс және тұрғын үй - коммуналды шарушылық істері агенттік, «Қазақстан тұрғын-үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ, Тұрғын үй-коммуналды шарушылық (ТҮКШ) палатасы, Тұрғын үй құрылысын жүргізушілер Ассоциасы өкілдері, бірқатар облыстардың әкімдері, ірі құрылыс компаниялары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары белсене қатысты. Парламенттік тыңдауды Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаева жүргізді. Баспанасыз азаматтармен қатар, авариялық жағдайдағы тұрғын үйлер тұрғындары да өте көп. Сондықтан авариялық үйлер тұрғындарының жағдайын жақсарту шараларын іске асыру да парламенттік тыңдаудың өзекті мәселесіне айналды. Осыған орай парламенттік тыңдаудың алдында Мәжіліс депутаттары ТҮКШ-ні жетілдіру бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен авариялық үйлерге барды және олардағы жағдаймен танысты. Бұл осы жұмысты белсенді жүргізу – аталған бағдарламаның дұрыстығын, өз уақытында және өте тиімді болып отырғандығын дәлелдейді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсарту және жетілдіруде қалыптасқан жағдайға Премьер-министрдің орынбасары Қ.Е.Көшербаев, Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы С.К.Нокин талдау жасап, өз ойларын ортаға салды. Осы мәселеде Мәжіліс депутаты, парламенттік тыңдауды әзірлеу және өткізу жөніндегі уақытша арнайы комиссия төрайымы М.Айсина сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Аталған мәселені тақылауды одан әрі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев, Мәжіліс депутаты Р.Шаекин, Әлем экономикасы мен саясаты институтының директоры, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы қорының атқарушы директоры Б.Мұхамеджанов, «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ басқарма төрайымы Н.Наурызбаева, Мәжіліс депутаттары А.Соловьева мен Н.Логутов, «Инвестициялық құрылыс компаниясының» өкілі С.Рахымбеков, «Самұрық-Қазына қозғалмайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Б.Палымбетов, Астана қалалсы, Күйші Дина көшесі, 37- үй Кеңесінің төрайымы О.Кекк, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының бас маманы Б.Қанафин жалғастырды. Парламенттік тыңдауға қатысышулардың бәрі халықты, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін, тұрғын үймен қамтамасыз етуде қолдағы бар барлық мүмкіндіктерді қарастыру керектігіне және қабылданған бағдарламалардың тек қағаз жүзінде қалып қоймауына басты назар аударды. Парламенттік тыңдаудың нәтижесінде тұрғын үй қатынастарындағы проблемаларды шешудің жан-жақты мәселелері қамтылған ұсыныстар жобасы қабылданды. Парламенттік тыңдаудың соңында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Назарбаева қорытынды сөз сөйледі.
04.12.2012

Комитет отырысы

Комитетің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасының жобасы туралы» және «Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы» мәселелері бойынша ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісов сөз сөйледі. Бірінші мәселе бойынша вице-министр депутаттарды Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу тұжырымдамасының жобасын жан-жақты айтып берді. Вице-министр өз сөзінде, Қазақстанда бірінші рет медициналық техникамен қамтамасыз етудің картасы жасалғаны, оның медициналық техниканының бағасы, тозуы ескерілген үш үлкен бөліктен тұратынын атап өтті. 2012 жылы 9,96 млрд. теңгеге медициналық техника сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар ол республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына бір орталықтан және жекеленген тараптардан медициналық техниканы сатып алудың схемасын баяндады. 2011 жылдан бастап «ҚазМедТех» АҚ медтехника лизингі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1,9 млрд. теңге игерілді, онымен 8 медициналық ұйым қамтылды, 38 медициналық техника сатып алынды. 2012 жылы 1,2 млрд. теңгеге 85 медициналық техника сатып алынып, онымен 49 медициналық ұйым қамтылмақшы. Сатып алудың ашықтығын, сатып алынған медициналық техниканың кепілді қызмет көрсету сервисінің пайдалану тиімділігін, сапасын қамтамасыз ету үшін арнайы сайт ашылды. Медициналық техниканы сатып алуды жоспарлауды іске асыру, медициналық ұйымдардың стандарттары, бөлінген қаржыны игеру, ауылдық жерлердегі ауруханаларды медициналық техникамен жарақтау, осы жабдықтармен жұмыс істейтіндердің білім деңгейі т.б. мәселелер бойынша депутаттар И.П.Аронова, С.И.Ферхо, Д.Н.Назарбаева, Г.И. Исимбаева, Г.С.Сейітмағанбетова, Г.М. Ықсанова, В.Қ.Бишимбаев вице-министрге сұрақтар қойды. Вице-министр барлық сұрақтарға жауап берді. «Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы туралы» мәселе бойынша да денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Байжүнісов сөз сөйледі. Ол аталған тұжырымданы іске асыруда атқарылып жатқан іс-шараларға тоқтады. Депутаттар тұжырымда тетігінің мазмұнына қатысты сұрақтар берді. Мысалы, депутат В.Қ.Бишимбаев медициналық ұйымдарды кадрлармен, әсіресе облыстар мен аудандарды балалар дәрігерлерімен қамтамасыз етудің проблемаларын көтерді. Депутат Г.И. Исимбаева медициналық кадрлардың жетіспеушілігін жою үшін министрлік қандай шаралар қабылдап отырғандығын және осы мәселе бойынша тәуелсіз сараптаманы кім жасайтындығын сұрады. Депутат Қ.Ә. Қаракен медицина қызметкерлерінің еңбекақыларының аздығы жөнінде мәселе көтерді. Депутат С.И.Ферхо медицина қызметкерлерін дайындау стандарттары, біліктілігін жетілдіру және мектеп медицинасының проблемалары жайында сөз қозғады. Депутат И.П. Аронова медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесіне тоқталды. Ал, М.А. Айсина мен В.Қ. Бишимбаев жоғары білікті кадрлар дайындау мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне басты назар аударды. Осы сұрақтардың бәріне денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов нақты жауап берді. Талқылау нәтижесі бойынша депутаттар өздері айтқан ескертпелерді ескеру керектігін алға тарта отырып, денсаулық сақтаудың 2012-2020 жылдарға арналған кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын тұтастай мақұлдады. Бұдан әрі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онамастика мәселелері бойынша өзгерстер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі – депутат А. Смайыл). ҚР заңының жобасы қаралды. Бұл мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат вице - министрі А.О. Қырықбаев сөз сөйледі. Заң жобасын талқылаудан кейін Комитет мүшелері оны бірінші оқылымда мақұлдап, оны Мәжілістің жалпы отырысының қарауына ұсыну жөнінде шешім қабылдады.
21.11.2012

Комитеттер отырысы

Қазіргі уақытта Комитет 11 заң жобалары бойынша бас Комитет ретінде жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде 9-ын ҚР Үкіметі ұсынған, 2 заң жобасын депутаттар ұсынды. Олардың ішіндегі: «Ардагерлер туралы», «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне генді-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша жұмыс жалғасуда. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы 2012 жылғы 10 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Мәжілістің жалпы отырысында 14 қарашада бірінші оқылымда, 21 қарашада - екінші оқылымда мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді.
20.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 20 қарашада Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» мәселесі қаралды. Бұл сұрақ бойынша білім және ғылым министрінің орынбасары М.А. Әбенов, «Алматыкітап баспасы» ЖШС-нің Директорлар Кеңесінің төрайымы Э.Н. Баталова, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нің вице-президенті Г.Н. Жарылқасымова, «Мектеп» баспасы» ЖШС-нің бас директоры Е. Ә. Сатыбалдиев шақырылды. Фойеде аталған баспалардың кітап көрмелері ұйымдастырылды. Отырыста сөз сөйлеген білім және ғылым министрінің орынбасары М.А. Әбенов бұл салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Ол кітаптарды шығару туралы Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Сингапур, Америка Құрама Штаттардың тәжірибесі зерттелгенін атап өтті. Біріншіден оқулақтарды шығарар алдында, олар мемлекеттік эксперизадан өтеді. Және де басқа альтернативтік оқулықтар пайдаланылады. Мемлекет оқулықтардың әзірлеуін қаржыландырмайды, тек қана – мемлекеттік тапсырыс. Оқулықтарды жекеменшік баспалар шығарады. 3-4 жылда бір рет оларға түзетулер енгізіледі. Аталған тақырыпты талқылауға шақырылған баспалардың басшылары да қатысты. Тақыланған мәселе бойынша депутаттар тарапынан көп сын айтылды. Отырыстың аяғында Комитет төрайымы талкылауды қорытындылап, министрлікке аталған мәселе бойынша бір қатар ұсынымдар мен сын ескертпелерді атып өтті.
14.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 14 қарашада Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды (екінші оқылым, жұмыс тобының жетекшісі депутат Исимбаева Г.И.). Аталған заң жобалары екінші оқылымда мақұлдансын деген шешім қабылданды.
13.11.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 13 қараша күні Комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараты туралы» мәселе қаралды. Бұл бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметов сөз сөйледі. Ол қаралып отырған мәселенің негізгі бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды және депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Депутаттардың келешекте аймақтарға шығуына орай, министрлік кең көлемді анықтамалық ақпарат әзірлеп, оларды комитет мүшелеріне таратып берді.