Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Комитеттер отырысы

15.02.2022

2022 жылғы 15 ақпанда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар және Энергетика министрлігінің іс-қимыл бағдарламасы туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшелері - депутаттар мен Энергетика министрлігінің басшылығы қатысты. Депутаттар министрліктің өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен, министрліктің іс-қимыл бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың энергия тасымалдаушыларға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін одан әрі дамытуды талап ететін мәселелерді қарады. Министр уәкілетті органның іс-қимыл бағдарламасында жоспарланған газдандыру жөніндегі маңызды жобалар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы «қайта жүктеуге» бағытталған Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуде. Отырыс барысында газ және мұнай-газ химиясы өнеркәсібін, мұнай және энергетика саласын, атом энергетикасын, жер қойнауын пайдалануды және көмірсутек шикізатын мемлекеттік бақылауды дамыту, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсарту, ЖЖМ мен электр энергиясының тапшылығын болдырмау жөніндегі шаралар, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар жөніндегі мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауаптар алынды. Комитет депутаттарын министрліктің 180 күнтізбелік күн өткеннен кейін мұнай өнімдеріне, электр энергиясына және тауарлық газға бағалардың өсуіне әсер ететін факторларға жол бермеу; ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда орын алған электр энергиясының ауқымды ажыратылу себептері; қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мәселелері жөніндегі ұстанымы ерекше қызықтырды. Іс-шараны қорытындылай келе, Комитет төрағасы Александр Милютин депутаттар барлық проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылауға, оларды шешу бойынша өз көзқарастарын ұсынуға дайын екенін атап өтті.
08.02.2022

2022 жылғы 8 ақпанда экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар және төтенше жағдайлар министрлігінің іс-қимыл бағдарламасы туралы» тақырыбында төтенше жағдайлар министрлігінде көшпелі отырыс өткізді.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары - экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшелері және төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы қатысты. Отырыс барысында мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауаптар алынды - азаматтық қорғау жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қорғау жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді пайымы, - Төтенше жағдайлар министрлігінің іс-шаралары бөлігінде 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру, - ТЖМ жол карталарын іске асыру кезінде, оның ішінде өткен жылдың соңында қабылданған Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер. Сондай-ақ, министрліктің алдағы су тасқыны маусымына дайындығы туралы ақпарат тыңдалды. Депутаттар министрліктің өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен танысып, одан әрі дамытуды, реттеуді, оның ішінде заңнамалық реттеуді талап ететін мәселелерді қарады. Презентацияны қорытындылай келе, Комитет төрағасы Александр Милютин мазмұнды және егжей-тегжейлі талқылау жүргізілгенін атап өтті және көтерілген мәселелерді заң жобалау қызметін жүзеге асыру кезінде ескеруді ұсынды.
01.02.2022

2022 жылғы 1 ақпанда экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің іс-қимыл бағдарламасы туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өткізді.

Отырысқа экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшелері - депутаттар және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығы қатысты. Депутаттар министрліктің өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен, 2020 жылы қабылданған даму жоспарының іске асырылу барысымен танысты, сондай-ақ одан әрі дамытуды, реттеуді, оның ішінде заңнамалық реттеуді талап ететін мәселелерді қарады. Отырыс барысында депутаттар Министрліктің елдегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді пайымы, Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелерін талқылады. Отырысқа қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және реттеу жүйесін тиімді іске асыру үшін не істеу қажет екендігі және экологияны, оның ішінде ел өңірлеріндегі атмосфералық ауаны жақсарту жөніндегі тиімді жұмысты қалай қамтамасыз ету керектігі туралы пікір алмасты. Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрағасы Александр Милютин «көптеген көрсеткіштер мен индикаторлармен көптеген бағдарламалар жазу жеткіліксіз, қазірдің өзінде әзірленгеннің саны аз емес. Нақты нәтижелер болуы керек». Сондай-ақ, министрлікке жұртшылықпен, сарапшылар қауымдастығымен жұмысты күшейтуді, тиімді өзара байланыс орнатуды ұсынды.
03.06.2021

2021 ж. 3 маусымда ҚР Парламентінің Мәжілісінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Комитеттің «Қазақстан Республикасының мұнай және газ химиясын дамыту перспективалары туралы» кеңейтілген тақырыптық отырысы өтті.

Аталған іс-шара жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің басшылары, мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП, «Adal», «Ауыл» партияларының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері және басқалар қатысты. Отырысты ашқан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында тез арада қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларда қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажеттігін атап өткенін айтты. Отырыс тақырыбы талқылау үшін кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені әлемде мұнай-газ химиясы саласының белсенді өсу және даму үрдісі жүріп жатыр. Бұл саланы дамыту мұнай өндірудің жыл сайынғы ұлғаюымен қатар Қазақстанның шетелдік инвестициялар үшін тартымдылығына ықпал ететін болады. Энергетика министрі Н.А. Ноғаев өз баяндамасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ химиясы секторын дамытудың негізгі перспективаларын атап өтіп, Министрліктің осы саланы дамытуға қатысты пайымымен бөлісті. Бұл өңірлік тұтыну нарығын дамытуға серпін беретін ірі мұнай-газ химиясы өндірістерін құру және оларды бірыңғай аумақта орналастыруға баса назар аудару, мұнай-газ химиясы үшін қажетті шикізат шығаратын өңдеу қуаттарын құра отырып, ірі мұнай-газ кен орындарының шикізаттық әлеуетін пайдалану және басқа да мәселелер. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ. Ержановтың ақпараты бойынша Қазақстанның химия өндірісінің жалпы көлеміндегі мұнай-газ химиясының үлесі 14%-ды құрайды. 2020 жылы Қазақстанда 370 мың тонна мұнай-газ химиясы өнімі өндірілді, құны 66 млрд. теңгені құрады. Қазақстанда полимерлер өндірісі әлі де нашар дамыған, бұл еліміздегі толыққанды газ-химия кешенінің болмауына байланысты. Жыл сайын шамамен 400 мың тонна полимерді тұтына отырып, нарық полимер өнімін өндіруге арналған шикізатқа толығымен тәуелді. Өз кезегінде, кеңейтілген отырысқа қатысушылар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің депутаттары объективті сын-пікірлерін айтып, мұнай-газ химиясымен байланысты экономиканы дамыту бойынша көп үміт артылғанымен әзірше елеулі нәтижелер болмағанын атап өтті. Пікір алмасудан кейін Комитет төрағасы Александр Милютин отырысты қорытындылап, сарапшылардың бағалауы бойынша 2030 жылға қарай полипропиленге сұраныс 98 млн. тоннаға жуық болатынын, полиэтиленге сұраныс 161 млн. тоннаға дейін ұлғаятынын және Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілердің әлемдік нарықта өз орнын иеленуіне нақты мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Бірақ бұл барлық мемлекеттік құрылымдар, квазимемлекеттік сектор, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер үйлесімді жұмыс істеген кезде ғана мүмкін болмақ. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
15.02.2021

2021 жылғы 15 ақпанда «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобы өтті.

Жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Геннадиевич Шиповских. Жұмыс тобының отырысына Асқарбек Съезбекұлы ҮЙСІМБАЕВ (Аграрлық мәселелер комитетінен), Тілектес Серікбайұлы АДАМБЕКОВ (Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті), Берік Айдарбекұлы БЕКЖАНОВ (Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті), Жамбыл Әужанұлы АХМЕТБЕКОВ (Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті), Анатолий Васильевич БОЙЧИН (Қаржы және бюджет комитеті), Бекболат Қанайұлы ТІЛЕУХАН (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті) қатысты. Салалық министрлік атынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы ЕРЖАНОВ ұсынылды. Сондай-ақ, жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Атамекен «Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы» және «Kazakhmys Smelting» Жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің өкілдері кірді.
21.11.2019

2019 жылғы 21 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда қарау жөнінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырыста Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мұрат Өтемісұлы Жүребеков заң жобасы бойынша баяндама жасады. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 666 қаулысына сәйкес енгізілді. Заң жобасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Газ және газбен жабдықтау туралы» және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізу көзделген. Заң жобасының мақсаты ішкі нарықта табиғи газды пайдалану тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз ету үшін жағдайларды ынталандыру, газды шикізат ретінде пайдаланатын жаңа инвестициялық жобаларды дамыту болып табылады. Заң жобасы газбен жабдықтау саласында баға белгілеуді реттеуге, тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларын одан әрі бәсекелестікпен дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасын қабылдау табиғи газды пайдалануды кеңейту бойынша негізгі іс-шараларды және энергия тапшылығы бар өңірлерде маневрлік қуаттарды салуға байланысты электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды іске асыруға, сондай-ақ газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіруге пайдаланатын инвестициялық жобалар үшін газ бағасын бекітуге мүмкіндік береді. Газды тұтынуды ұлғайту және оның қолданылу салаларын кеңейту, сондай-ақ газ саласын одан әрі дамыту қажеттілігі Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттарына сай келеді. Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар: «көтерме саудада өткізу», «өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор», «тұтынушы», «электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы» және «мұнай-газ-химия өнімі» деген ұғымдарды нақтылау бойынша;уәкілетті органға мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен міндетті түрде келісе отырып, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретті беру бойынша; ұлттық операторға газ және газ конденсаты кен орындарында көмірсутектерді барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асыру жөніндегі функцияларды беру бойынша түзетулер енгізді. Бұдан басқа, депутаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және заң техникасының талаптарына сәйкес келтіру бойынша түзетулер, сондай-ақ заң жобасының мазмұнын нақтылайтын және жақсартатын жекелеген нормалар енгізді.
31.10.2019

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті 2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде «Өңірдің ірі кәсіпорындарының тазарту мен шығарындыларды төмендетудің ең жаңа технологияларын ендіруі туралы» деген тақырыпта Қарағанды облысының Теміртау қаласында кеңейтілген көшпелі отырыс өткізді.

Комитеттің кеңейтілген отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев, вице-министр А.Ә.Пірімқұлов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы З.С.Жолдасов, Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С.К.Қазақбаев, Энергетика министрлігі Газ және мұнайгаз-химия департаментінің директоры З.К.Қияқбаев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Шайдаров, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ірі кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Көшпелі отырыс барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Шайдаров алғы сөз сөйледі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі А.Ә.Пірімқұлов «Ірі кәсіпорындар-ластаушылар тарапынан жаңа тазарту технологияларын және шығарылуын төмендетуді ендіру саясаты және Қарағанды облысында экологиялық хал-ахуалды жақсарту туралы» тақырыбында баяндама жасады. Отырыс барысында қосымша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры В.Б.Басиннің, «Bassel Group LLS» ЖШС директоры М.Д.Ешуткиннің, «Қарағанды облысының экологиялық мұражайы» ҚБ директоры Е.Д.Калмыковтың және Теміртау қаласының әкімі Г.А.Әшімовтің Қарағанды облысы мен Теміртау қаласындағы экологиялық хал-ахуалы және ірі кәсіпорындар-ластаушылардың аумақтағы табиғатты қорғауы туралы баяндамалары тыңдалды. Депутаттар «АрселорМиттал Теміртау» комибинатының №3 домна пешінің, конверторлық цехтің жұмысымен танысып, ыстық аллюмо-мырыштық цехта болды. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен и АО «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арасында комибинаттың нақты эмиссияларын 2019-2023 жылдар аралығында 30 % дейін төмендету туралы Меморандумның жасалуы көшпелі отырыстың басты нәтижесі болып табылады. Сапар барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Щегельский Г.А және Шиповских Г.Г. «Nur Otan» партиясының филиалында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс істейтін азаматтарды қабылдады.
29.10.2019

2019 жылғы 29 қазанда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әсет Маратұлы Мағауов кеңейтілген отырыста заң жобасының негізгі ережелері туралы баяндама жасады. Келісімнің мақсаты - «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтаудың құқықтық негіздерін айқындау. Келісімде: - Байқоңыр қаласын газбен жабдықтауды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және/немесе оның Қызылорда өндірістік филиалы жүзеге асырады деп айқындалды. Бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет Байқоңыр қаласының аумағында тіркелместен жүзеге асырылатын болады, бұл қосарланған салық салуды болғызбауға мүмкіндік береді; - Байқоңыр қаласының тұтынушыларына газды бөлшек саудада өткізу бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады және табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты тұжырымдау мен іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Қызылорда облысының газ тұтынушылары үшін белгілейтін бағаға сәйкес болуға тиіс екені; - тұтынушыларға газды өткізу бойынша өзара есеп айырысу төлем жасалатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Қазақстан теңгесімен немесе Ресей рублімен жүргізілетіні айқындалды. Келісімді іске асыру тұтынушыларды бағасы едәуір арзан табиғи газға кезең-кезеңімен көшіруді көздейді. Нәтижесінде Байқоңыр қаласының халқы және өңір тұтынушыларының өзге де топтары (Ресей Федерациясының өндірістік ғимараттары мен әкімшілік секторы) экономикалық тиімділік алатын болады. Заң жобасын талқылау барысында Байқоңыр қаласының әлеуметтік объектілерін газбен жабдықтау, 323 көппәтерлі тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету перспективасы, қала объектілерін газбен қауіпсіз қамтамасыз ету үшін диспетчерлік қызмет құру, қалаға табиғи газ берудің тарифі мен болжамды көлемі жөніндегі мәселелер, сондай-ақ басқа да мәселелер көтерілді.
02.09.2019

2019 жылғы 2 қыркүйекте Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ильин Юрий Викторович комитетінің кеңейтілген отырыста Заң жобасының негізгі ережелері туралы баяндама жасады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды тағлымдамадан өткізу нысандарында жүзеге асыру; сондай-ақ кері алып кетуге мүмкін емес жабдықтарды, техниканы, техникалық және көлік құралдарын қайтарусыз беру бойынша; көмек көрсету жөніндегі топтардың құрамында әскери персоналдың қатысуы туралы және басқа да сұрақтар Заң жобасын талқылау барысында көтерілді.
02.07.2019

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы туралы

2019 жылғы 02 шілдеде «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі –депутат Ш.Ә. Өтемісовтің жүргізумен ҚР Экологиялық кодексінің жобасын талқылау бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Экология, геология ж?не табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының, Қазақстан энергетика қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, энергетика және мұнай-газ салаларының ірі компанияларының өкілдері қатысты. Талқылау барысында көшпелі отырыс қатысушылары І санаттағы өндірістік объектілердің кешенді экологиялық ажыратылымдарға (КЭА) көшуіне және ең үздік қолжетімді технологиялар (ЕҮҚТ) мен басқа да жаңалықтарды енгізуге аса көңіл бөлді. Бұл ретте салалық қауымдастықтар бірқатар ұсыныстар, оның ішінде ЕҮҚТ енгізуді қазыналық ынталандыру шараларын қолдану қажеттілігімен байланысты ұсыныстар жөнінде сөз етті.
29.01.2019

2019 жылғы 29 қантарда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Екі мемлекеттің мұнай-газ, мұнай-газ-химиясы және электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында Келісімге қол қойылды. Келісімді ратификациялау және оның кейіннен күшіне енуі: - мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу үшін Өзбекстан Республикасына шикі мұнайдың жеткізілуін ұлғайтуды; - Қазақстанның оңтүстігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен үздіксіз жабдықтауды көздейді. Комитетін отырысында энергетика вице-министрі Б.У. Ақшолақов заң жобасының негізгі ережелері туралы баяндама жасады. Заң жобасын талқылау барысында Шымкент-Жизақ жаңа магистральды мұнай құбырын салу, мұнайды магистральды құбыр арқылы тасымалдауға салық салу, сондай-ақ Өзбекстан арқылы Қазақстанның оңтүстігіне газ жеткізу мәселелері көтерілді. Парламент Мәжілісінің депутаты А.С. Мурадов қосымша баяндама жасап сөз сөйледі.
15.01.2019

2019 жылғы 15 қаңтарында «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Хаттаманың негізгі мақсаты Келісімнің «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізбесі» деген 2-қосымшасын және Келісімнің «Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізбесі» деген 3-қосымшасын Келісім шарттарынан алып тастау болып табылады, бұл Тараптардың құзыретті органдарына ратификация жасамай, ведомствоаралық Хаттама жасасу арқылы осы Тізбелерді айқындауға мүмкіндік береді. Хаттамада Қазақстан Республикасынан гуманитарлық көмекке арналған мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салуды алып тастау да көзделіп отыр. «Байқоңырэнерго» өндірістік-энергетикалық бірлестігінің мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының мұқтажы үшін мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелу бойынша шектеулер де алып тасталады. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ақшолақов Болат Оралұлы баяндамашы ретінде қатысты. Қосымша баяндама Парламент Мәжілісінің депутаты М.Д. Бопазов жасады.
10.01.2019

2019 жылғы 10 қаңтарда «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жұмыс тобының мүшелері Бопазов М.Д., Бижанова Г.К., Ізмұхамбетов Б.С., Нұрманбетова Д.Н., Пішембаев М.К., Симонов С.А. және Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Г. Шегельский, сонымен қатар энергетика, ұлттық экономика, қаржы, сыртқы істер, әділет министрліктерінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ақшолақов Болат Оралұлы заң жобасының негізгі қағидалары туралы баяндама жасады. Заң жобасын талқылау кезінде Келісімнің «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің ТІЗБЕСІ» 2-қосымшасын және «Қазақстан Республикасынан Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің ТІЗБЕСІ» 3-қосымшасын Келісімнің шарттарынан және тараптардың ішкі нормативтік актілер деңгейіне шығару мәселелері, сондай-ақ мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-тың кеден аумағынан тысқары жерлерге жеткізуге байланысты бірқатар басқа да мәселелер көтерілді.
20.12.2018

2018 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, жұмыс тобының мүшелері А.С. Мурадов, Б.С. Дүйсенбинов, Ф.А. Қаратаев, А.В. Суслов, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Г.А. Щегельский, сондай-ақ Энергетика, Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Әділет министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Отырыста Энергетика вице-министрі Б.У. Ақшолақов заң жобасының негізгі ережелері туралы баяндама жасады. Заң жобасын талқылау барысында Шымкент-Жизақ жаңа магистральды мұнай құбырын салу, мұнайды магистральды құбыр арқылы тасымалдауға салық салу, сондай-ақ Өзбекстан арқылы Қазақстанның оңтүстігіне газ жеткізу мәселелері көтерілді.
29.11.2018

2018 жылғы 29 қараша күні Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі жобасының тұжырымдамалық ережелерін талқылау бойынша Павлодар облысында көшпелі отырысын өткізді.

Павлодар облысы ірі өнеркәсіп орталығы және 2018 жыл өңірде «Экология жылы» болып жарияланды! Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.А. Щегельский атап өткендей – Кодекс жобасын дайындаудың негізі болып Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауларында Экологиялық кодексті өзектендіру бойынша берген тапсырмалары табылды. Отырысқа өз ескертпелері мен ұсыныстарын берген Парламент Мәжілісі депутаттары, энергетика вице-министрі С.Н. Нұрлыбай, Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауов және оның орынбасарлары Д.С. Махажанов, Ж.С. Шарабасов, өңірдің табиғат пайдаланушы компанияларының - Eurasian Resources Group, «KazMineralBozshakol» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, жергілікті экологиялық, тәртіп сақтау қызметтерінің қызметкерлері және т.б. қатысты. Облысқа сапары барысында Мәжіліс депутаттары «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-і қызметімен танысты. Қазақстанда бірінші және жалғыз жоғары таңбалы бастапқы алюминийді өндіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барғанда депутаттар «қанатты металды» шығарудың технологиялық процессін көрді.
01.11.2018

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша 2018 жылғы 1 қарашада Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді, заң жобасы Еуразиялық экономикалық одақ аумағының шегінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу мәселелерін реттеуге бағытталған.

Қаралып отырған Келісімді ратификациялау және оның кейіннен күшіне енуі: - Қазақстанның экологиялық заңнамасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен озонды бұзатын заттарды өткізуді реттеу көзделмегендіктен, біртұтас кеден аумағы бар Арменияға, Беларусьқа, Қырғызстанға және Ресейге қатысты осындай заттарды әкелу мен әкетудің толық есебін жүргізуді; - Еуразиялық экономикалық одақ аумағы шегінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу бойынша талаптарды орындауды; - Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін толық көлемде сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заң жобасында 2016 жылғы 12 тамызда Сочи қаласында қол қойылған Келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау көзделіп отыр. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі С.Н. Нұрлыбай қатысып, баяндама жасады. Қосымша баяндаманы депутат С.Т. Сейдуманов жасады.
16.10.2018

16.10.2018 жылы сағат 15.00-де «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді

1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттама (бұдан әрі – Қосымша хаттама) 2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында жасалды. Осы заң жобасын қабылдау тараптардың уәкілетті ұйымдарына «Құрманғазы» («Құлалы») құрылымының келісімшарттық аумағында одан әрі барлауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика Бірінші вице-министрі М.Ж. Досмұхамбетов қатысып, заң жобасы бойынша баяндама жасады. Қосымша баяндаманы депутат Б.Қ. Хаменова жасады. Сонымен қатар, отырысқа ҚР Сыртқы істер министрлігінен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның өкілдері қатысты.
17.09.2018

2018 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста баяндамамен Қазақстан Республикасы Экология вице-министрі Б.О. Ақшолақов Келісімнің негізгі бағыттары бойынша толық баяндап берді. Одан кейін заң жобасы бойынша қосымша баяндамамен Парламент Мәжілісі депутаты – жұмыс тобының жетекшісі Ш.Ә. Өтемісов сөйледі. Отырыс қорытындысы бойынша, Комитет аталған заң жобасын мақұлдап, оны Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізу бойынша ұсыныс енгізді.
13.06.2017

2017 жылдың 13 маусымында Комитет Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат бойынша кеңеспен бірлесе отырып, атом энергетикасын бейбіт мақсатқа пайдалану саласындағы технологияны дамыту келешегін жан-жақты талқылау мақсатында «Атом энергетикасы саласындағы технологияларды дамыту туралы» атты тақырыпта отырыс өткізді.

Аталған іс-шараға Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің және «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат бойынша кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РММ, «Ядролық физика институты» РММ мен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өкілдері қатысты. «Атом энергетикасын пайдалану саласындағы технологияларды дамыту туралы» тақырыбында Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Б.М.Жақсалиев баяндама жасады, содан кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РММ бас директоры Э.Г.Батырбековтың «ҚР ҰЯО РММ-ң бейбіт ядролық технологиялар саласындағы тәжірибесі мен құзыреті» тақырыбында, «Ядролық физика институты» РММ бас директоры Е.А.Кенжиннің «Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мен медицинасы үшін ядролық және радиациялық технологиялардың дамуы» тақырыбында және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқармасының төрағасы А.Н.Борисенконың «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ң инновациялық жобалары» тақырыбында баяндамалары тыңдалды. Отырыста Қазақстан атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласында бірегей ғылыми-техникалық кешенге және жоғары білікті мамандарға ие екендігі атап өтілді. Сонымен қатар ядролық ғылым мен технология саласындағы ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі мен олар бойынша белгіленген жоспарларды іске асыру ядролық және радиациялық технологияларды түрлі әлеуметтік-экономикалық салада қолдану аясын кеңейтетіндігі нақтыланды. Талқылау барысында депутаттар ғылыми-зерттеу орталықтарының даму жоспарларын әрі қарай іске асыру қажеттілігі аталып, соның нәтижесінде атом саласындағы ғылыми жетістіктер мен ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттің дамуында жоғары деңгей сақталатындығы ескерілді.
06.12.2016

2016 жылғы 6 желтоқсанда сағат 15-00-де Қазақстан Республикасы Парламентінің конференц-залында Мәжіліс депутаттары Щегельский Г.А., Қаракен Қ.Ә. және Смағұлов А.А.бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тінікеев Мұхтар Бәкірұлы. Заң жобасы қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіру және оны қолдану практикасы барысында айқындалған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген. Заң жобасымен мынадай 2 заңнамалық актіге: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Ұсынылып отырған заң жобасы екі бағытта өзгертулер енгізуді көздейді. Түзетулердің бір бөлігіорта және шағын бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қоғамдық тыңдау өткізу арқылы халықтың шешім қабылдауға қатысу процесіне байланысты. Түзетулердің келесі бөлігі қалдықтарды қолдану жөніндегі мәселелерді реттеуге бағытталған. Кеңейтілген жұмыс тобының аясында заң жобасы бастамашыларының бірі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ә.Қаракен заң жобасы бойынша баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Жұмыс тобының отырысына барлық мүдделі мемлекеттік ограндардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, энергетика, инвестициялар мен даму, ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, «Табиғат» Қазақстанның ассоциациялары мен кәсіпорындарының экологиялық одағы, Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы, «Kazenergy» ассоциациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы», «Қазақстандық экологиялық аудиторлар палата» ассоциациясы, германиялық халықаралық қатынастары қоғамы (GIZ), «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару ассоциациясы және «Қазақстанның биосферасы ҒЗО»ЖШС өкілдері қатысты. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының кеңейтілген отырысында заң жобасының тұжырымдамалық мәселелері қарастырылды.
30.11.2016

Ағымдағы жылғы 29 қарашада Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесе отырып кеңейтілген отырыс өткізді, онда халықтың ішкі істер органдары жұмысының тиімділігіне бақылау жасауына мүмкіндік беретін «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

ҚР Бас Прокуратурасының ғимаратында өткізілген Комитеттің кеңейтілген отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы С.Айтпаева, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары М. Байболов, ішкі істер, ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары және полицияның жас көмекшілері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Г.Баймаханова мемлекеттік билік органдары және республикадағы «Нұр Отан» жетекші партиясы тарапынан «Ұлт жоспары - 100 қадам» бағдарламасын іске асыру аясында қабылданған заңнамалық актілердің жүзеге асырылуына және орындалу барысына айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл ретте, «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарының Ұлт жоспарының 32-қадамында көзделген «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын қалыптастыру бөлігіндегі нормаларының іске асырылу барысына мониторинг жүргізу және оған жетекшілік ету ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне тапсырылған болатын. Отырыста Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы С.Айтпаева және Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары М. Байболов «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын қалыптастыру және пайдалану мәселелері бойынша баяндама жасады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы С.Айтпаева өзінің баяндамасында Комитеттің құзыреті «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын қалыптастыру және оның қызметін қамтамасыз ету бөлігінде кеңейтілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта аталған карта жасалды және тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл құрал халықтың құқық қорғау органдарының жұмысына бақылау жасауына, сондай-ақ ішкі істер органдарына кез келген ауданның қылмыстық деңгейін есепке ала отырып, патруль жүргізу бағдарларын қайта қарауға мүмкіндік береді. Отырыс жұмысының қортындылары бойынша тиісінше ұсыныстар қабылданды.
28.10.2016

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті 2016 жылғы 27 – 28 қазан аралығындағы кезеңде Ақтөбе облысында көшпелі отырыс өткізді.

Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты - «100 қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын (74 және 75-қадамдарын) іске асыру мақсатында әзірленіп жатқан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының тұжырымдамалық негіздерін талқылау. Мәжіліс депутаттары, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Ақтөбе облысына сапары барысында «Казхром» АҚ, Ақтөбе қаласының тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны және кәріздік тазарту құрылғылары сияқты нысандарда болды. «Казхром» АҚ-на барған кезде депутаттар қожды өңдеу және дайын өнім цехтарында болып, қожды өңдеу мен дайын өнім өндіруді қамтитын өндірістік циклмен танысты, сондай-ақ кезең-кезеңмен іске қосылып жатқан № 4 балқыту цехында болып қайтты. «Нұр Отан» партиясының залында өткен Комитеттің кеңейтілген отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев, Энергетика вице-министрі Ә.Мағауов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Момышев, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев және оның орынбасары К.А. Бекенов, облыстық мәслихаттың депутаттары, көмірсутекті шикізатты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы 80 астам жер қойнауын пайдаланушы компаниялар, сондай-ақ жер қойнауы қорларын өндіру мен пайдалану саласындағы қызметпен тікелей немесе жанама түрде айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, облыстық мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, жергілікті қаржы және құқық қорғау органдарының өкілдері және т.б. қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г. Щегельский Комитеттің жер қойнауы туралы кодекстің жобасын талқылау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы түрде және бірізділікпен жүргізіп отырғанын, оның дәлелі ретінде Комитет мүшелері – Г.А. Баймаханова мен А.С. Мурадовтың Үкімет деңгейінде аталған заң жобасын әзірлеу және талқылау жұмыстарына қатысуын, сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында осы мәселе бойынша комитеттің кеңейтілген отырысының өткізілуін атап өтті. Отырыста инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев және энергетика вице-министрі Ә.Мағауов баяндама жасап, онда әзірленіп жатқан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің тұжырымдамасы мен негізгі ережелерін баяндады. Заң жобасын талқылау барысында жобаның негізгі ережелері мен «бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың лицензиялық тәртібін енгізу, CRIRSCO пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесіне көшу және жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың оңайтылған тетігін қалыптастыру сияқты жаңашылдықтары атап өтілді. Көшпелі отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселемен қатар, депутаттар облыстың экологиялық проблемаларын талқылады. Қатысушылар Илек трансшекаралық өзені бассейнінің хроммен және бормен ластануы шешімін таппай отырған мәселелердің бірі болып табылатынын, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына және кәріздік тазарту құрылғыларына қатысты проблемалар алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Отырыс жұмысының қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
29.09.2016

Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді, онда Қазақстанның ғарыш саласын дамыту жөніндегі мәселе талқыланды.

Аталған отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рау, Аэроғарыш комитетінің төрағасы Е.М. Шаймағамбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ, «Ғалам» ЖШС өкілдері және басқалар қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.А. Щегельский атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстан «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін, Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесін қамтитын отандық ғарыш инфрақұрылымын белсенді пайдалану кезеңіне кірді. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ғарыш саласының толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстарының маңыздылығын, оның Қазақстан Репсубликасы мен экономика салаларының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті М.Р. Нұрғожин, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ президенті Ш.Т. Омаров баяндама жасап, өз көзқарастарымен бөлісті. Бүгінгі таңда Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) ғарыштық аппараттарының орбиталық тобы жұмыс жасайды, ол ЖҚЗ екі спутнигін - «KazEOSat-1» (жоғары кеңістікті дәлдігі 1 м) және «KazEOSat-2» (орташа кеңістікті дәлдігі - 6,5м.) қамтиды, аталған спутниктер ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология және табиғат пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография, республиканың қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін ЖҚЗ деректеріне тәуелсіз және жедел қол жеткізуге деген еліміздің қажеттілігін қамтамасыз етеді. ЖҚЗ ғарыштық жүйесін тәжірибелік пайдалану кезеңінде (2014-2015 жж.) мемлекеттік органдарға нарықтық құны шашамен 5,4 млрд. теңге болатын, 7,4 млн. шаршы километр аумақта ғарыштан түсірілген суреттер мемлекеттік органдарға тегін берілді. 2015 жылы ЖҚЗ ұлттық ғарыштық жүйесі коммерциялық құрылымдарға жалпы сомасы шамамен 133,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. 2016 жылғы 1 қыркүйекте Қазғарыш 10 млн. шаршы километр аумаққа ғарыштық мониторинг жасады, оның нәтижелері бойынша Қазақстанның мемлекеттік органдарына коммерциялық құны 6,27 млрд. теңге болатын ғарыштан түсірілген суреттер ұсынылды. Аталған тақырыпқа байланысты депутаттар да өз ойларымен бөлісіп, заңнамалық реттеуді қажет ететін мәселелерді шешуді ұсынды. Отырыс 30 қыркүйекте Ақкөл қаласында жалғасатын болады, онда депутаттар ғарыш аппараттарын басқарудың және байланысқа мониторинг жүргізу жүйесінің жерүсті кешенінің («Ақкөл» ЖБК) қызметімен танысады. Екінші күнгі жұмыстың нәтижелері бойынша Комитет қорытынды жасап, тиісінше ұсынымдар қабылдайтын болады.
09.06.2016

2016 жылғы 9 маусымда Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ағымдағы сессияға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының тұжырымдамалық сұрақтары» деген тақырыпта кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді.

Отырыс Ақтөбе қаласында террористік актінің салдарынан құрбан болған отандастарымызды бір минут еске алудан басталды. Отырыс барысында Комитеттің төрағасы Г.А. Щегельский еліміздегі жер қойнауын пайдалану саласын тиісінше реттеу мәселелері еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында көрініс табады деп атап өтті. Мәселен, 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауда Мемлекет басшысы Парламент алдына «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттерін қойды. 74-қадамда – пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу, ал 75-қадамда пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңайлатылған әдісін енгізу міндеті қойылды. Бұл ретте, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет. Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн», – деп айтқан болатын. Осы міндеттерге сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің жобасы әзірленіп жатыр. Комитет депутаттары әзірленіп жатқан Кодекстің және оған ілеспе заң жобасының жекелеген ережелерін алдын ала талқылай отырып, қазірдің өзінде проблемалы мәселелер бойынша ескертпелерін беріп жатыр. Бұл отырыста Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рау, Энергетика вице-министрі А.М. Мағауов сөз сөйледі. Депутат А.С. Мурадов қосымша баяндама жасады. Отырыстың қорытындылары бойынша Комитет заң жобаларын әзірлеушілерге ұсынымдар жіберетін болады.
03.06.2016

2016 жылғы 3 маусымда Парламент Мәжілісінде Орал трансшекаралық өзенінің проблемалық мәселелері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының кездесуі болды.

Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Орынбор облысының вице-губернаторы - Орынбор облысы Үкіметі төрағасының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Павел Васильевич Самсонов бастап келген Ресей Федерациясы Орынбор облысының делегациясымен кездесті. Бұл кездесуге Аграрлық комитеттің депутаттары, Батыс Қазақстан облысының атынан өкілдік ететін басқа да Комитеттердің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.А.Щегельский атап өткендей, 2008 жылдың қазанында Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Орал трансшекаралық өзені бассейнінің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларын зерделеу мақсатында Орал қаласында көшпелі отырыс өткізді. Отырыстың қорытындысы бойынша Орал трансшекаралық өзені бассейнінің табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу және қабылдау жұмысын жалғастыру ұсынылып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынымдар жіберілді. 2012 жылдың мамыр айында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Орал проблемалары жөнінде отырыс өткізді. Бүгінгі кездесуде қарастырылып отырған мәселе Комитеттің өткен іс-шараларының жалғасы болып табылады. Бұл проблема Орал бассейнінде орналасқан өңірлер үшін ғана маңызды емес, Орал трансшекаралық өзен, стратегиялық объект болуына байланысты, ол тұтастай алғанда, Ресейдің де, Қазақстанның да ортақ проблемасы. Кездесу барысында Орал трансшекаралық өзенінің жанындағы өңірлердің өкілдері, Парламент депутатары, осы проблемалармен айналысатын мамандар арасында пайдалы пікір алмасу болды.
17.05.2016

2016 жылғы 17 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің «Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» деген тақырыптағы отырысы болды.

Аталған отырысқа Палатаның вице-спикері Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Э.А. Ахметова және министрліктің басқа да өкілдері қатысты. Аталған мәселе бойынша депутат Кұралай Қаракен қосымша баяндама жасады. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский атап өткендей, отырыстың мақсаты - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық мәселелерді шешуге қатысты қабылдаған шараларын талқылау. Комитеттің төрағасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының тараптары Конференциясының Париж қаласында желтоқсан айында өткен 21-сессиясының қорытындысы бойынша ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан «ұлттық, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі экологиялық мәселелерді белсенді түрде қарастыратын ел ретінде» Париж саммитіне ерекше мән беретінін атап өткеніне тоқталды. ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков өз баяндамасында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу, биологиялық алуантүрлілікті сақтау, Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету Энергетика министрлігінің жұмысындағы басым бағыттар екенін атап өтті. Отырысқа қатысушылар талқылау нәтижесі бойынша Энергетика министрлігі тарапынан экологиялық мәселелерді шешу бойынша бірқатар жұмыстың жүргізіліп жатқанын атап өтті. Экологиялық ахуалға мониторинг және бақылау жүргізілуде, экологиялық заңнама жетілдірілуде. Депутаттар, алайда министрліктің өз жұмысында экологиялық мәселелерді шешудің орнына экологиялық құқық бұзушыларды айқындауға баса назар аударуының салдарынан уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі функциясында бірқатар кемшіліктің орын алғанын атап өтті.
24.04.2012

2012 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы болып өтті, оның күн тәртібіне бес мәселе енгізілген еді. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Комитет депутаттары басқа комитеттерден қорытынды дайындауға келіп түскен заң жобаларын талқылады. Комитетке қорытынды дайындау үшін «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары келіп түсті. Заң жобалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып депутат А.С.Мурадов белгіленді, сондай-ақ жұмыс тобының құрамына Комитет мүшелері – депутаттар А.А.Бегенеев, Е.Я.Каппель, А.С. Пепенин кірді. Үшінші мәселе бойынша депутаттар басқа комитеттерден қорытынды дайындауға келіп түскен заң жобаларын бөлді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік зерттеулер тақырыбы бойынша ұсыныстар түспеді. Бесінші мәселе бойынша депутат Б.В.Сорокин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде оның алдағы жалпы отырысқа екінші оқылымға шығарылауына байланысты осы заң жобасына қатысты ақпарат берді.
03.04.2012

Комитеттер отырысы

2012 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы болып өтті, оның күн тәртібіне үш мәселе енгізілген еді. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Комитет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзірлеу, республикалық бюджет қаржысы есебінен заң жобаларына мониторинг, тәуелсіз ғылыми сараптама және социологиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі депутаттардың ұсыныстарын қарады. Екінші мәселеде басқа комитеттерден қорытынды дайындауға келіп түскен заң жобалары бөлінді. Үшінші мәселе бойынша депутаттардың заңнамалық қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.