Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Комитеттер отырысы

30.11.2021

2021 жылы 30 қарашада Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (бірінші оқылым), «Қоғамдық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының орынбасары М.Ж. Хаджиева, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Д.М. Еспаева, М.И. Құлшар, А.Қ. Жұмабаева баяндама жасады. Екінші сұрақ, әртүрлі мәселелер.
29.04.2021

2021 жылғы 29 сәуірде Мәжілісте конференц-байланыс режимінде «Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері туралы» тақырыбында Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері, Қаржы вице-министрі Қ. Е. Баеділов, Ұлттық экономика вице-министрі А. Қ. Әмрин, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М. Е. Сұлтанғазиев және Комитет төрағасының орынбасары Ж. Д. Іңкәрбаев қатысты. Отырыс бүгінгі салық төлеушілерді толғандыратын салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылау және Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарларымен танысу мақсатында өткізілді. Отырысты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. Ә. Құсайынов жүргізді, ол қатысушылардың назарын тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) енгізумен, тауарларды таңбалаумен, салық органдарының мобильді банк аударымдарына қатысты ұстанымымен және т. б. мәселелерге аударды. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев баяндама жасады, ол Комитеттің 2020 жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына қысқаша шолу жасады, салықтық әкімшілендіруде қолданылатын соңғы жаңалықтармен, оның ішінде жаңа ақпараттық жүйелердің жұмысымен таныстырды, 2020 жылы қабылданған Салық кодексіндегі өзгерістердің іске асырылу барысы туралы хабарлады. Өз баяндамасы аясында М.Е. Сұлтанғазиев депутаттарға 2020 жылдың қорытындысы негізінде мемлекеттік бюджет кірістері бойынша жоспар 102,4% орындалғанын хабарлады. Салықтық және кедендік тексерулердің саны қысқарғанын, олардың нәтижелі және нақты жүргізілуі, қашықтықтан бақылаудың дамуы, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру арқылы сыртқы шекараларда бақылау күшейтілуі, комитеттің цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша шаралардың қабылдануы туралы айтты. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін кейбір мемлекеттік қызметтердің мерзімдері оңтайландырылды, жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту, көлеңкелі экономиканы азайту жөніндегі нормалар практикалық іске асырылуда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін нормалар, оның ішінде халықаралық салық салуға байланысты нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Колл-орталығы жұмыс істейді, Комитеттің әлеуметтік желілерде аккаунттары ашылған, онда тұрақты негізде ақпараттық және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өз өндірісінің тауарларын экспорттайтын салық төлеушілер үшін жалпыға бірдей декларациялау мен ҚҚС қайтаруды әкімшілендіру оңайлатылды. Пандемиядан зардап шеккен және т. б. секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бөлшек салықты АСР қолдану тетігі пысықталды. Кедендік бақылауды барынша орталықтандыру және логистика шығындарын оңтайландыру мақсатында "электрондық декларациялау орталығының" пилоты жүргізілуде, бұдан басқа, өткізу пункттерінде кедендік операцияларды мониторингілеу бойынша "ахуалдық орталық" жұмыс істейді. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е. Сұлтанғазиев салық заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізуді талап ететін салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды айтты. Бұл ұсыныстар электрондық шот-фактуралар бойынша тауарсыз мәмілелердің жолын кесуге, тауарлар мен оның айналымдарының қашықтан мониторингі мен бақылануын жетілдіруге, бизнесті бөлу жолымен салықтық оңтайландыру нұсқаларын жоюға, салық төлеушінің паспортын енгізуге бағытталған. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ж. Д. Іңкәрбаев баяндады. Баяндамашы "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінің жұмысы, тауарларды цифрлық таңбалау, "электрондық шот-фактуралар" және онлайн-БКМ туралы хабарлады. ТІЖ енгізу және кәсіпкерлердің сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем қабылдау құралы ретінде жеке тұлғалар арасындағы банктік мобильдік аударымдарды пайдалану проблемалары туралы салық төлеушілер тарапынан қызу талқыланып жатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аясында бүгінгі таңда 456 мыңнан астам декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) немесе жоспарланған көрсеткіштің 95% - ы тапсырды. Салық төлеушілердің меншікке қатысты салық төлеуін ыңғайландыру үшін 2020 жылдың қаңтарынан бастап "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы (салық әмияны) енгізілді. Бүгінгі таңда қолданушылар саны 458,6 мыңды құрайды. Ағымдағы жылдың шілде айында ыңғайлы және қарапайым функционалы бар жеке кәсіпкерлер үшін "E-Salyq-business" мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда. Алдағы уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті Интеграцияланған деректер базасы мен Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін олардың қуаты мен жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін жаңғыртуды, ірі салық төлеушілер үшін деңгейлес мониторингті енгізуді және квазимемлекеттік сектордан бастауды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Комитеттің ақпараттық жүйелері ЭЫДҰ және Ұлттық банкпен мәліметтермен электрондық алмасуды бастау үшін құпиялылықты тексеруді жүргізуге дайындалуда. Жасанды интеллект және көлік ағынын автоматты басқару технологияларын енгізе отырып, өткізу пункттерін жаңғырту жоспарлануда. Талқылау барысында депутат С.А. Симонов шағын және орта бизнес үшін салық төлеуді және салық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды кейінге қалдыруды енгізу және жалған транзитпен күрес бойынша салық нормаларын іске асыру туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, депутат ТІЖ енгізудің маңыздылығы мен жүйені практикалық жағдайға бейімдеу және барынша оңайлату қажеттілігі туралы айтты. Депутат А.М. Паяев көлік салығын бензин құнына ауыстыру, КТС және ҚҚС сияқты салықтар бойынша түсімдерді орталықтандыру және т.б. мәселелерді көтерді. Депутат Ю. В. Ли төлеушілердің салықтық және кедендік тексерулерінің нәтижелеріне дау айту және салық төлеушілердің пайдасына қосымша есептеу сомаларын түзету, салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілердегі саудаға мониторинг жүргізу, арнайы салық режимдерін қолданатын субъектілердің үлесі және олардың салық түсімдеріндегі үлесі туралы талдау жүргізу мәселелерін көтерді. Депутат А.К. Жұмабаеваны ТІЖ енгізу, коммерциялық көлік салығын есептеу, Мемлекеттік сатып алуға қатысатын шағын бизнес субъектілері үшін салық талаптарын төмендету мәселелері қызықтырды. Талқылауды түйіндей келе, Комитет төрағасы М.Ә. Құсайынов отырыста көтерілген салықтық әкімшілендіру мәселелерін депутаттар одан әрі зерделеп, салық заңнамасына өзгерістер енгізу кезінде мұқият қарастыратынын атап өтті, сонымен қатар шақырылғандарға мазмұнды, қызықты баяндамалар дайындағаны және толық жауаптары үшін алғысын білдірді.
13.04.2021

2021 жылы 13 сәуірде Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кемеңгерұлы Әмрин, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данияр Кенғазыұлы Әлімбаев, Анатолий Васильевич Бойчин баяндама жасады. Екінші сұрақ, әртүрлі мәселелер.
23.02.2021

2021 жылы 23 ақпанда Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кемеңгерұлы Әмрин, және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сергей Анатольевич Симонов, Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов баяндама жасады. Екінші сұрақ, келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу.
03.02.2021

2021 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Ескендірұлы Баеділов баядама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
14.12.2020

2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Амрин Азамат Кемеңгерұлы баядама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
23.11.2020

2020 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Сергеевна Никитинская баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады.
18.11.2020

2020 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Құсайынов Серік Досымханұлы баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады.
17.11.2020

2020 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев баяндама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Еспаева Дания Мәдиқызы қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
17.11.2020

2020 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (СOVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев баяндама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Еспаева Дания Мәдиқызы қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
03.11.2020

2020 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында заң жобасының бастамашыларының бірі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Павлович Рау баяндама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Сергеевна Никитинская қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады.
28.10.2020

2020 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында заң жобасының бастамашыларының бірі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Оксикбаев Омархан Нұртайұлы баяндама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Құсайынов Серік Досымханұлы қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады.
19.10.2020

2020 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша Комитет қорытындылары талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна Савельева және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев баяндама жасады. Жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Татьяна Ивановна Яковлева қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобаларын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
22.09.2020

2020 жылғы 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Такиев Мәди Төкешұлы баядама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Симонов Сергей Анатольевич қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын екінші оқылымда мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
08.09.2020

2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі кеңейтілген Комитет отырысында «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бойынша Комитет қорытындысы талқыланды.

Кеңейтілген Комитет отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Ескендірұлы Баеділов баядама және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Петр Анатольевич Шарапаев қосымша баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
29.10.2018

2018 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларының қорытындылары талқыланды.

Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна Савельева және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Заң жобаларын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
15.10.2018

2018 жылы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өтті, онда «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасының қорытындысы талқыланды.

Бұл сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна Савельева және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Александр Васильевич Суслов баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Заң жобасын мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
21.05.2018

2018 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасының қорытындысы талқыланды.

Бұл сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Серікұлы Тоқтабаев және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Татьяна Ивановна Яковлева баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті.
13.11.2017

2017 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Комитеттегі заң жобасының қортындысын талқылау: «1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы».

Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешім қабылдады. Комитет отырысында баяндамамен Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Ескендірұлы Баеділов, қосымша баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Александр Васильевич Суслов сөз сөйледі.
13.11.2017

2017 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Комитеттегі заң жобасының қортындысын талқылау: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым).

Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады. Комитет отырысында баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев сөз сөйледі.
24.10.2017

2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Комитеттегі заң жобасының қортындысын талқылау: «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы».

Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешім қабылдады. Комитет отырысында баяндамамен Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев, қосымша баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Мәдиқызы Еспаева сөз сөйледі.
16.10.2017

2017 жылы 16 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібінде Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі)» (бірінші оқылым), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым).

Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешім қабылдады. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Қаржы министірі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, Симонов Сергей Анатольевич, Яковлева Татьяна Ивановна баяндама жасады.
12.06.2017

2017 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Комитеттегі заң жобасының қортындысын талқылау: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым).

Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қарауға болады деп шешім қабылдады. Комитет отырысында баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, қосымша баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев сөз сөйледі.
04.04.2017

2017 жылғы 4 сәуірде Қаржы және бюджет комитетінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» тақырыптағы Комитеттің отырысы өтті.

Шара барысында Заңға енгізілген өзгерістер: қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтыншылардың құқықтарын қорғау бөлігінде, исламдық қаржыландыру, соңымен қатар қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қабылданған нормалар талқыланды. Баяндама жасағандар: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.М. Еспаева және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары О.А. Смоляков.
06.03.2017

2017 жылғы 6 наурызда Қаржы және бюджет комитетінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қызметі мәселелері жөніндегі Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

2017 жылғы 6 наурызда Қаржы және бюджет комитетінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қызметі мәселелері жөніндегі Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.
26.12.2016

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Коллекторлық қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»(бірінші оқылым) Қазақстан Республикасының заң жобаларының қорытындылары талқыланды.

Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Татьяна Ивановна Яковлева баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет жоғарыда аталған Заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына бірінші оқылымда енгізуге болады деп шешті.
24.10.2016

2016 жылы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңейтілген Комитет отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасының бірінші оқылымдағы қорытындысы талқыланды.

Бұл сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов баяндама жасады. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау ұсынымымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуге болады деп шешті. Сонымен қатар, келіп түскен заң жобалары Комитет мүшелері арасында бөлінді.
14.10.2016

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 13-14 қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінде Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрайымдық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтті.

Кеңейтілген отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнестің өкілдерімен бюджетаралық қатынастардың өзекті мәселелері, оның ішінде өңірдің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру және салықтық әлеуетінің өсуін ынталандыру жөніндегі сұрақтар талқылады, сонымен қатар бюджет және салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта депутаттардың жұмыстарында ескерілу үшін назарға алынды. Баяндама жасап сөз сөйлегендер: Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, депутат, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Нұртайұлы Оксикбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы Садыр, Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғожин.
30.09.2016

2016 жылғы 30 қыркүйекте Қаржы және бюджет комитетінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері активтерінің сапасын бағалау» тақырыбы бойынша отырыс өтті.

Баяндама жасағандар: Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің қаржылық экономисі Коллин Масеник, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдер департаментінің директоры Сәбит Темирханұлы Хакимжанов,
31.03.2015

2015 жылы 31 наурызда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар», «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасынының Заңына өзгерістер енгізу туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Салихұлы Сабильянов Самиғолла Хамзаұлы Уразов баяндама жасады. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары – Олег Александрович Смоляков шақырылды. Екінші сұрақ - келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші сұрақ - Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарды талқылау.
23.02.2015

2015 жылы 23 ақпанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Лена Мағауияқызы Қармазина, және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Саяпова Зухра Алеутдинқызы, Кузьмин Николай Алексеевич баяндама жасады. Екінші сұрақ - келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші сұрақ - Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарды талқылау.
10.02.2015

2015 жылы 10 ақпанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Самиғолла Хамзаұлы Уразов, Екатерина Сергеевна Никитинская, Николай Алексеевич Кузьмин, Қожахан Көкрекбайұлы Жабағиев баяндама жасады. Екінші сұрақ - келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші сұрақ - Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарды талқылау.
13.01.2015

2015 жылы 13 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша бір сұрақ қаралды. Комитеттегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қортындысын талқылау (екінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары – Олег Александрович Смоляков шақырылды.
11.11.2013

2013 жылы 11 қарашада ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Лена Мағауияқызы Қармазина, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Жәмекұлы Оспанов, Глеб Анатольевич Щегельский баяндама жасады. Екінші сұрақ, Келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Екінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
21.10.2013

2013 жылы 21 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым), «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы», «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, Құттықожа Идирисов, Нұрлан Әбдіжапарұлы Жазылбеков, Самиғолла Хамзаұлы Уразов баяндама жасады. Екінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
07.10.2013

2013 жылы 7 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды.

Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». (бірінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, Құттықожа Идирисов баяндама жасады. Екінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
06.06.2013

2013 жылғы 5-7 маусымда «Инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалатын мемлекеттік қаражаттың пайдаланылу тиімділігі» мәселесі бойынша Жамбыл обылысында Қаржы және бюджет комитеттің көшпелі отырысы өтті.
27.05.2013

2013 жылы 27 мамырда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды. Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері», «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері және заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті.
24.05.2013

2013 жылы 24 мамырда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Досаев Ерболат Асқарбекұлы сөз сөйлейді.
22.04.2013

2013 жылы 22 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды. Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті.
30.10.2012

2012 жылы 30 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша бір сұрақ қаралды. Комитеттегі «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қортындысын талқылау. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова шақырылды.
11.10.2012

2012 жылы 11 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша бір сұрақ қаралды. Комитеттегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қортындысын талқылау (екінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Жауапты хатшы Дина Мэлсқызы Шәженова шақырылды.
09.10.2012

2012 жылы 9 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша төрт сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының ҚР Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова, Сәкен Егінбайұлы Жылқайдаров, Нұртай Салихұлы Сабильянов т.б. баяндама жасады. Екінші сұрақ, келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші сұрақ, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін Заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Төртінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
02.10.2012

2012 жылы 2 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Құттықожа Идирисов баяндама жасады. Екінші сұрақ, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін Заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Үшінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
06.09.2012

2012 жылы 6 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша бір сұрақ қаралды. «Микроқаржы ұйымдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қортындыларға қатысты (екінші оқылым). Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақышев Данияр Талғатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Департаменті басшысының орынбасары Қизатов Олжас шақырылды.
12.06.2012

2012 жылы 12 маусымда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ күн тәртібі бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қортындыға қатысты. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Екінші сұрақ, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Үшінші, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары - Бейсенғали Шамғалиұлы Тәжіяқов және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Жәмекұлы Оспанов баяндама жасады.
08.06.2012

2012 жылы 8 маусымда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша үш сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының орынбасары - Николай Петрович Тихонюк және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Салихұлы Сабильянов,Самиғолла Хамзаұлы Уразов баяндама жасады. Екінші сұрақ, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін Заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Үшінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
29.05.2012

2012 жылы 29 майда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша төрт сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ, Комитеттегі заң жобаларының қортындыларын талқылау: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде», «2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы». Талқылау нәтижесі бойынша Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері және заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қарауға болады деп шешті. Комитет отырысынада ҚР Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев, Молдағали Әбдіғалиұлы Сәтқалиев - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Татьяна Ивановна Яковлева, Серік Жәмекұлы Оспанов, Тұрсынбек Қазенұлы Өмірзақов баяндама жасады. Екінші сұрақ, келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші сұрақ, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін Заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Төртінші сұрақ, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды.
17.04.2012

2012 жылы 17 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында кеңейтілген Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша төрт сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ күн тәртібі бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) заң жобасы бойынша қортындыға қатысты. Талқылау нәтижесі бойынша Комитет заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға болады деп шешті. Екінші сұрақ, келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Үшінші, жұмыс тобының мүшесі болатын басқа комитеттердін Заң жобалары жұмысы жөніңде мәлімдеме. Төртінші, Комитеттегі әр-түрлі сұрақтарға арналды. Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәленов Р.Е., Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы Өтебаев М.С., Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Салық комитетінің Төрағасы Жұмаділдаев А.С. шақырылды.
29.03.2012

2012 жылғы 29 наурызда «Макроэкономикалық болжау мен бюджет және салық заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелері» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде Қаржы және бюджет комитеттің көшпелі отырысы өтті.
13.03.2012

2012 жылы 13 наурызда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында Комитет отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ күн тәртібі бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобасы бойынша қортындыға қатысты. Екінші сұрақ, келіп түскен заң жобаларын Комитет мүшелері арасында бөлу. Комитет отырысына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәленов Р.Е. және Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы Өтебаев М.С. шақырылды.
24.02.2012

2012 жылғы 24 ақпанда «Бюджет процессі: құрамалары және даму жолдары» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Қаржы және бюджет комитеттің көшпелі отырысы өтті.