Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Комитет іс-шаралары

25.01.2024

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды

Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаеваның қатысуымен өткен жиынға Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан жетекшілік етті. Заң жобалары бойынша Мәжіліс депутаттарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов баяндама жасады. Ол түзетулердің басым бөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталғанын айтты. Негізгі заң жобасында үш кодекс пен бес заңға өзгерістер мен толықтырулар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулер енгізіледі. Ұлан Сарқұловтың айтуынша, заң жобасына ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылатын болады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсылық білдіру арқылы қоғамда оған төзбеушілікті қалыптастыруы тиіс. Тағы бір жаңалық – мемлекеттік қызметтегі және квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысын анықтау мен шешуді реттеу. Сонымен қатар жеке мүдделерді декларациялау және пара ұсынғаны және уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. – Қылмыстық кодексті жаңа 366-1 («Пара алуға келісім беру, пара сұрау немесе талап ету»), 367-1 («Пара ұсыну немесе пара беруге уәде ету») баптарымен толықтыру ұсынылады. Пара туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық нәтиже береді. Бұл мемлекетке зиян келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді, – деді Ұ.Сарқұлов. Түзетулер Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында әзірленген. Мемлекеттік орган, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақы алуына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмыс жетілдіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктері қарастырылған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық жасаған заңды тұлғалардың да жауапкершілігі күшейтіледі. Баяндаманы тыңдаған соң депутаттар түзетулер бойынша нақтылау сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Заң жобаларын бірінші оқылымға әзірлеу бойынша талқылау жұмыс тобында жалғасады. Оған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жетекшілік етеді.
25.01.2022

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Әскери полиция органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары жобаларының тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесер орталық мемлекеттік органдар, прокуратура, Жауынгер аналарының комитеті және әскери шолушылардың қатысуымен өтті. Отырыстың ашылуында Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, осы заң жобалары бойынша жұмыс тобының жетекшісі Сергей Николаевич Решетников біздің елімізде әскери полиция қызметін 25 жылға жуық жүргізіп келе жатқанын атап өтті. 2005 жылы олардың қызметін реттейтін арнайы Заң қабылданған, яғни мемлекеттік басқару құрылымындағы айтарлықтай тәжірибесі бар орган. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары С.Б.Камалетдинов сөз сөйледі. Баяндамасында министрдің орынбасары заң жобасы әзірлеу әскери полиция органдарының өкілеттіктерін кеңейтуге, Қарулы Күштердегі құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты орындалатын функцияларды заңнамалық бекітуге бағытталғанын атап өтті. Мәселен, соңғы жылдары, әскери қызмет атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау негізгі себеп болып табылатын Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы жағдайларының алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша орталықтандырылған және жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Заң жобасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ведомстволық бақылау функциясын беру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің режимі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскерлер қызметі мен тәуліктік нарядты, диверсияға қарсы қауіпсіздікті, әскери объектілердің, ішкі және гарнизондық қызметтердің терроризмге қарсы қорғалуын жоспарлауды ұйымдастыру және т.б көзделген. Сонымен қатар, іс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Е.С.Ботақанов және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Қ.С. Рустамбеков өз баяндамаларымен сөз алды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заңның жобасы «Әскери полиция органдары туралы» негізгі Заңға (жаңа редакция) сәйкес келтіруге бағытталған. Бұдан басқа, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» Заңға Президенттің әскери жоспарлау жүйесін бекіту жөніндегі өкілеттіктерін беру және Қорғаныс министрлігінің әскери жоспарлау жүйесін әзірлеу жөніндегі функцияларын беру бөлігінде толықтыру енгізу көзделген. Баяндамалар аяқталған соң заң жобасының әзірлеушісі, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттар тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан әрі заң жобалары жұмыс тобының отырыстарында қаралатын болады.
02.12.2021

2021 жылғы 2 желтоқсанда Мәжілісте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттардың назарына «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын ұсынды.

Заң жобаларының тұсаукесері халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде депутат Қ.Ержанның төрағалығымен мемлекеттік органдары, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, сондай-ақ сарапшылардың және қоғам өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында өтті. Негізгі Заңның жобасы қазіргі заманғы халықаралық практикаға негізделген геодезиялық және картографиялық қызметтің тиімді жұмыс істеуінің заңнамалық нормаларын енгізу, кеңістіктік деректерді дамыту, геоақпараттық ортаның бытыраңқылығын болдырмау және адал бәсекелестікке жағдай жасау, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою арқылы белсенділікті арттыруға бағытталған. Айта кету керек, негізгі Заң жобасын іске асыру құны - 17 791 708 мың теңгені құрайтын «Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын» құру бөлігінде республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етеді, оның ішінде 2021 жылға Республикалық бюджет комиссиясымен 2 352 109 мың теңгені қолданды. Ілеспе заң жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңа әзірленетін «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заңға сәйкес келтіру, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады. Заң жобаларының нормаларын егжей-тегжейлі талқылау одан әрі жұмыс топтарының отырыстарында жалғасатын болады.
06.02.2020

Үстіміздегі жылдың 6 ақпанында Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұсаукесері өткізілді.

Тұсаукесер мемлекеттік органдар, республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстанның заңгерлері одағының, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен болды. Отырысты аша отыра Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Жанат Жарасов әлемнің ең бәсекелестікке қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша бағдарламасын жариялаған кезде Қазақстанның Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев біздің елімізде жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатерге жатқызып мемлекет пен қоғам оған қарсы күресетін бір күш болу қажеттілігі туралы баса айтқанын атап өтті. Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасы Парламентінің VI шақырылымы бесінші сессиясының ашылуындағы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспегенін атап көрсеткенін атап өтті. Заң жобасынның негізгі ережелері бойынша депутаттардың алдында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов сөз сөйледі. Баяндамасында ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы сыбайлас жемқорлық көріністердің жүйелік алдын-алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталғанын айты. Заңның жобасында сыбайлас жемқорлық көріністердің жүйелік алдын-алу бойынша қосымша шаралар енгізу, олқылықтар мен коллизияларды жою және Ұлттық бюроны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне МҚІСҚІА-нің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне беру арқылы қайта құрумен байланысты түзетулер сияқты үш блок қарастырылған. Атап айтқанда, - мемлекеттік қызметкерлерге құны кез-келген сыйлық сыйлауға тыйым салу бекітіледі, - мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазым атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі шешімдер қабылдауға уәкілетті қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызу ұсынылады, - Мемлекет басшысы қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 2019 жылғы 20 мамырдағы кеңесте айтылған және бірлесіп мақұлданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды іске асыру мақсатында, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізіледі, - «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган» ұғымы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ведомстволық бағыныстылығына қатысты баптар нақтыланды. Заң жобасымен 3 Кодекске (Азаматтық, Қылмыстық, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»), 7 заңға («Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы») түзетулер енгізіледі. Баяндамадан кейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары және мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттардың сұрақтары мен ұсыныстарына түсініктемелер берді. Заңның жобасын одан әрі депутат Жанат Жарасов басқаратын жұмыс тобында талқылау деп шешілді.
30.01.2020

2020 жылғы 30 қаңтарда Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының презентациясы өтті.

Іс-шара жұмысына депутаттармен қатар мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистранттары қатысты. Отырысты аша отырып, заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Ерсұлтан Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын ескере отырып, қаралып отырған заң жобасының өзектілігін атап өтті. Заң жобасының негізгі ережелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов баяндады. Өз баяндамасында ол заң жобасының негізгі ережелерінің қатарында «Дипломмен ауылға» жобасын ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тарату; «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервін қысқарту; Президенттің шешімі бойынша жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеу мүмкіндігі; конкурстық рәсімдерді оңтайландыру; және басқа да мәселелер бар екенін атап өтті. Талқылау барысында депутаттар мен шақырылғандар заң жобасымен одан әрі жұмыс істеу барысында қаралатын және зерделенетін бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.